Бүгін: 14.06.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
🧑‍💻Мектепшілік «Үздік жас маман -2024»байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты:
-жас педагог кәсібінің мәртебесін арттыру;
- білім беру үдерісіндегі педагогикалық идеяларды насихаттау;
- кәсіби шеберлігі мен функционалдық сауаттылығы жоғары, өзіндік жаңашыл идеясы бар жас маманды анықтау;
-шығармашылықпен жұмыс атқаратын жас ұстаз бен тәлімгерлеріне қолдау көрсету.
-жас маманның үздік тәжірибесін тарату.
«Үздік жас маман - 2024» байқауы екі кезеңмен өтті.
І кезең «Үздік ашық сабақ» сайысы.
ІІ кезең «Таланттар тандемі: ұстаз- тәлімгер дуэті» сайысы .
Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау үшін 3 адамнан тұратын қазылар алқасы құрылды. Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың берілген тапсырмалары мен бағалау өлшемдеріне сәйкес бағалап отырды. Байқаудың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын анықтады.
Бас жүлде, 1, 2, 3- орындар мен номинациялардың иегерлерін марапаттады.
🖊2024 жылдың 16 сәуірінде Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицей базасында Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Қаныш Сәтбаевтың геология мен Қазақстан ғылымының қалыптасуына қосқан үлесі» тақырыбында қала мектептерінің (Сарыарқа ауданы мектептері) 10-сынып оқушыларына арналған эссе байқауы өткізілді. Байқауға Сарыарқа ауданы мектептерінен 15 оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша:
І орын Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Азаматқызы Жаннұр;
ІІ орын Нәзір Төреқұлов атындағы № 35 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Кинаят Дархан;
Сәкен Сейфуллин атындағы № 80 мектеп – гимназиясының 10-сынып оқушысы Рамазанова Нұрайлы.
ІІІ орын № 60 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Рымбай Нұрай;
№ 36 орта мектептің 10-сынып оқушысы Уткеева Камила
Ілияс Жансүгіров атындағы № 58 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Сатыбалдиева Анеля.
Сонымен қатар жүлделі орын алған оқушылар Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімдігінің Алғыс хатымен және сыйлықтарымен марапатталды.
👩‍💻Мектебімізде шығармашыл педагогтерді анықтау және қолдау мақсатында "Үздік ашық сабақ" конкурсы ұйымдастырылды.
Комиссия құрамының шешімімен
▪️Бас жүлде - бастауыш сынып мұғалімі Рыскулова Саргаукуль Қырғызбайқызы;
▪️I орын- көркем еңбек пәні мұғалімі Жумабекова Камшат Куптилеуовна;
▪️ II орын- тарих пәні мұғалімі Абжанов Серикжан Тулеужанович;
▪️III орын - казак тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалім Айтпаева Марал Ислямовна мен география пәні мұғалімі Ахметова Айжан Мухамедхариевна иеленді.
Құттықтаймыз! Білімді де, білікті ұстаздарымыз көп болсын!
 

Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелі орталык әдіскерлері мектебімізде біліктілік санатын көтеретін ұстаздардың сабактарына қатысып,әдістемелік көмек көрсетті.

 

 

Қауіпсіздік тақырыбындағы сынып сағаты.

✅Президентке, еліне, рәміздерге құрмет тақырыбына арналған сынып сағаты. 1 "В" сыныбы.
✅Қаныш Сәтбаевтің 125 жылдығына арналған сынып сағаты. 9 "Г" сыныбы.
  
 
5-сәуір күні мектеп кітапханасында Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арнаған, қазақтың тұңғыш академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтің 125 жыл толуына байланысты "Қазақтың тұңғыш академигі" атты танымдық сағат 7 "Ә" сынып оқушыларымен өтті.
Мақсаты: оқушыларға өз ұлтының мақтанышы Қ.И. Сәтбаев туралы таныстыру. Білімділікті, еңбекқорлықты, тарихты қастерлей білуге тәрбиелеу.
Оқушылар қазақтан шыққан тұңғыш академик Қ.И. Сәтбаевтің өмірбаянымен, ғылыми еңбектерімен, қоғамдық жұмысымен танысты. Ғалымның құрметіне арналған іс-шараға қатысқан оқушылар айтылған әңгімелерді ұйып тыңдап, үлкен әсер алды.