
Байқаудың мақсаты:
-жас педагог кәсібінің мәртебесін арттыру;
- білім беру үдерісіндегі педагогикалық идеяларды насихаттау;
- кәсіби шеберлігі мен функционалдық сауаттылығы жоғары, өзіндік жаңашыл идеясы бар жас маманды анықтау;
-шығармашылықпен жұмыс атқаратын жас ұстаз бен тәлімгерлеріне қолдау көрсету.
-жас маманның үздік тәжірибесін тарату.
«Үздік жас маман - 2024» байқауы екі кезеңмен өтті.
І кезең «Үздік ашық сабақ» сайысы.
ІІ кезең «Таланттар тандемі: ұстаз- тәлімгер дуэті» сайысы .
Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау үшін 3 адамнан тұратын қазылар алқасы құрылды. Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың берілген тапсырмалары мен бағалау өлшемдеріне сәйкес бағалап отырды. Байқаудың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын анықтады.
Бас жүлде, 1, 2, 3- орындар мен номинациялардың иегерлерін марапаттады.


