Бүгін: 08.02.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
📘Бүгін "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында мектеп кітапханасында 6 "Б" сынып оқушыларымен Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай "Балалық шақтың жыршысы" атты әдеби кеш өтті.
Мақсаты: оқушыларға жазушы өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру. Оқушылардың ой-өрісін, қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Әдеби кеште "Менің атым Қожа" фильмінен үзінді көрсетіліп, жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы слайд, викторина ойыны өткізілді.
"Бәйтерек" өлеңі оқылды. "Балалық шақтың жыршысы" атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Оқушылар өте белсенді қатысты. Шара бәріне ұнады.