Бүгін мектебімізде қазақтың біртуар перзенті, ғұлама-ғалым, геолог Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Әлем таныған Қаныш» республикалық конференциясы өткізілді.
Республикалық конференцияға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты «Қаныш Сәтбаев халықаралық қоры» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы, химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-корреспендент мүшесі, Инженерлік ғылымдар халықаралық академиясының академигі Алтынбек Нухұлы, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Қаратабанов Руслан Әділханұлы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Сәтбаевтанушы-ғалым, Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, тарихи музейінің бас маманы Аспандияр Әденұлы, Ұлтытау облысы «М.Төрегелдин» атындағы Жезді кентіндегі тау-кен және балқыту ісі тарихы музейінің қызметкері Капарова Үрзия Капаровна, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директордың ұйымдастыру қызметі жөніндегі орынбасары Жұмагелді Нұрлан Мұғинұлы, алаштанушы Заңғар Тілеуғазыұлы Кәрімхан қатысты.
Конференцияға келген қонақтар «Шаттық - 2023» XVI қалалық шығармашылық байқауының «Алтын медаль» иегері, «Шабыт» оркестрінің «Сарыарқа», «Балбырауын», «Адай» күйлерін тыңдап, Академик Қаныш Сәтбаев мұражайын аралады.
Конференция мектеп оқушылары мен ұстаздарының «Қазақтың Қанышы» атты сахналық қойылымымен басталды. Конференция соңында алғашқы рет «Бұл – Қаныш Сәтбаев мектебі» атты мектеп гимні орындалды.
Пленарлық отырыстың алғашқы құттықтау сөзі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нухұлына берілді.
Конференцияның модераторы - Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицейінің директоры, «Болашақ» халықаралық стипендиатының иегері, Республикалық «Үздік педагог-2019» байқауының жеңімпазы, оқу бағдарламалары мен оқулықтардың авторы, педагогика және психология магистрі, Омарханов Ернұр Аханұлы.
Конференция өз жұмысын үш секциялық отырыста жалғастырды:
1-бағыт. Қазақстанның дамуындағы ұлы ғалымның рөлі.
2-бағыт. Қаныш Сәтбаев мұрасы: тарих, әдебиет, білім, өнер саласы
3-бағыт. Қаныш және Алаш арыстары.