Бүгін мектебімізде жазғы демалысты ұйымдастыру мақсатында мектеп жанындағы лагерьлердің ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараға мектебіміздің 0-9 сынып оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар қатысып, мектебіміздің директоры Омарханов Ернұр Аханұлы мен Білім басқармасының бас маманы Шамшиев Құттымұрат Кенесович құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шараға қонаққа келген Аю мен Қоян кейіпкерлеріміз балалармен бірге ән салып, би билеп, қызықты ойындар ойнады.
Балаларға жазғы көңіл-күй мен жақсы демалыс тілейміз!!!