Нейро ойын: “Алақандар”

 19 Март 2025

Нейро ойын: “Алақандар”
Мақсаты: мидың оң және сол жақ жарты шарларының жұмыс істеуін жақсартады. Зейінді шоғырландырады.Есте сақтау және ойлау қабілеттерін арттырады.
Педагог-психолог: Ширчикбаева Динара Ералиевна.

“Арқан қию”ойыны.


Психология апталығы аясында «Мұғалімдердің эмоционалды күйі» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне тренинг өткізілді.
Мақсаты: Мұғалімдердің психо-эмоционалды күйін көтеру.

Астана қаласы әкімдігінің№5 қалалық емхана жанындағы «Шуақ» жастар денсаулық орталығы 8-9 сынып оқушыларымен «АИТВ инфекциясын алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді.


?Психология апталығы аясында «Сұрақтар айдары» атты сұхбат жүргізілді. Мақсаты : Психология ғылымына қатысты сұрақтар аясында пікір алмасу.


?1- сынып оқушыларының табысты бейімделуіне психологиялық сүйемелдеу жасау мақсатында бақылау, «Ағаштағы адам» проективті әлеуметтік-психологиялық әдістемесі сонымен қатар «Мектеп және мен» тақырыбында педагог — психологтар тренинг өткізді.


 

 

 

Қиын жағдайларға тап болған балаларға қолдау жасайтын және көмек көрсететін ұйымдар мен қызмет кабинеттерінің байланыс телефондары:

150 — Балалар мен жастар үшін Ұлттық сенім телефоны желісі;

74-25-28 — Балалардың құқығын қорғау бойынша комитеттің сенім телефоны

55-01-62, 87782550162–Білім басқармасының сенім телефоны

55-69-74–Қамқоршылық, қорғаншылық және балаларды қолдау бөлімі

49-34-63 –Психологиялық қызмет кабинеті

25-57-25 – «Право» қоғамдық қорының сенім телефоны.



Іс-шараның өткізілуі туралы ақпарат

 Өткізілген күні: 02.02.2023

Қатысқандар: 9 және 11 сынып оқушылары

Тақырыбы: «Кәсіби бағдар беру»

Мақсаты: Мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмысының  тиімділігімен бірге мамандық бойынша  керекті мәліметтер және  ақпараттармен қамтамасыз ету.

 Ұйымдастырушы: Қазақ технология және бизнес университеті, «Жоғары медициналық» колледжі, «Kettik study» оқу орталығы және мектеп психологтары

2023 жылы ақпан айының 2-і күні мектебіміздің 9 және 11 сынып оқушыларына қазіргі еңбек нарығындағы негізінде кәсіби бағдар беру жұмысының  тиімділігімен бірге мамандық бойынша  керекті мәліметтер және  ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатында «Кәсіби бағдар» бойынша іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға Қазақ технология және бизнес университеті, «Жоғары медициналық» колледжі, «Kettik study» оқу орталығы 30-ға жуық мамандық түрлері  таныстырылып, оқушылармен сұрақ-жауап алмасты. Жүргізген іс-шара оқушылардың көңілінен шығып, алған ақпараттарымен қанағаттанды.


Іс-шараның өткізілуі туралы ақпарат

 Өткізілген күні: 26.01.2023

Қатысқандар: 9 сынып оқушылары

Тақырыбы: «Кәсіби бағдар беру»

Мақсаты: Мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмысының  тиімділігімен бірге мамандық бойынша  керекті мәліметтер және  ақпараттармен қамтамасыз ету.

 Ұйымдастырушы: мектеп психологтары және Еуразия гуминарлық институты, «Менеджмент, бизнес және білім» колледжі

2023 жылы қаңтар айының 26-ы күні мектебіміздің 9 сынып оқушыларына қазіргі еңбек нарығындағы негізінде кәсіби бағдар беру жұмысының  тиімділігімен бірге мамандық бойынша  керекті мәліметтер және  ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатында «Кәсіби бағдар» бойынша іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға «Менеджмент, бизнес және білім» колледжінде және  Еуразия гуминарлық институтындағы 20-ға жуық мамандық түрлері  таныстырылып, оқушылармен сұрақ-жауап алмасты. Жүргізген іс-шара оқушылардың көңілінен шығып, алған ақпараттарымен қанағаттанды.

 

 


 



Анықтама

 2022 жылы 17 қазанда психологиялық қолдау көрсету аясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дутбаева А.Қ., мектеп педагог-психологтары  Журкеева А.Ж.  және Игілік А.И және №5 қалалық емхана психологы Шағырова Д.М., емхана гинекологы Исламова А.Б. мамандарымен бірлесіп «Жасөспірімдерге арналған жыныстық тәрбие», «Жүктілік қаупін азайту үшін жасөспірім қыздар арасында контранцепция әдістерін қолдануды насихаттау», «Жасөспірім қыздар арасындағы ерте жүктіліктің қаупі туралы»»  атты ақпараттық дәрістер ұйымдастырылды.

Мақсаты: Оқушылар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу және жасөспірім қыздар арасында контранцепция әдістерін қолдануды насихаттау.

Жасөспірімдер арасында ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді. Медицинада 18 жасқа дейін болған жүктілік ерте жүктілік деп саналады.

Ерте жүктілік немен қауіпті?

Жүктілік кезінде ағза  күшейген тәртіпте жұмыс істейді – жүрек-қан тамыры, эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады. Бұның қиындығы жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені. Жас аналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір еместігі айтылды.

Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады?

Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы бұл жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен, жоспарланбаған жүктіліктің 90% отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келетіндігі туралы ақпараттар берілді. Дәріс соңында оқушылардың сұрақтарына мамандар жауап беріп, кері байланыс жасалды.

   


2022 жылы желтоқсан айының 9-ы күні мектебіміздің 10 сынып оқушыларына жасөспірімдер арасындағы буллинг туралы ақпарат бере отырып оның алдын алу

бойынша іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға қазіргі уақытта технологиялардың, әлеуметтік желілердің дамытумен қатар келген буллингтің жаңа түрі кибербуллинг туралы ақпараттар айтылып және оның алдын алу жолдары бойынша кеңестер берілді.

 

Іс-шараның өткізілуі туралы ақпарат

 

Өткізілген күні: 09.12.2022

Қатысқандар: 10 сынып оқушылары

Тақырыбы: «Біз буллингтен қалай қорғанамыз?»

Мақсаты: жасөспірімдер арасындағы буллинг туралы ақпарат беру және оның алдын алу.

Ұйымдастырушы: мектеп психологтары және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары

Мектеп психологтары                   Журкеева А.Ж.

Игілік А.И.


 


ЖАС ЖЕТКІНШЕККЕ ЖАДЫНАМА

«Егер де сен қандай да бір қиын жағдайға душар болсаң…»

Егер де сен қандайда бір қиын жағдайға душар болсаң, есіңде болсын шешілмейтін жағдайлар болады. Шешілетін жолдар әрқашанда бар, тек қана соны таба білу керек. Егер біздің ұсынып отырған кеңестерімізді пайдалансаң, сен сол қиын жағдайдан, өзіңе үлкен шығын келтірмей, шыға аласың.

1 кеңес. Қиын жағдайға түсіп қалсаң үрейге  немесе күйзеліске түспе. Жағдайыңа өзің анық талдау жасауға тырыс.

2 кеңес. Осы қалыптасқан жағдайды кім жасады соны анықта.  Егер өзің болсаң, барлық жауапкершілікті өзіңе ал. Жақсылап ойлан? Тағы да қай жерден? Қандай қауіп болуы мүмкін.

3 кеңес. Осы қалыптасқан жағдай туралы кімге ашық айта аласың, соны ойла.

4 кеңес. Өзіңнің қиын жағдайыңмен жалғыз қалмауға тырыс. Өйткені айналаңа өтірік айтуға мәжбүр боласың. Өтірік – бұл сен үшін тағы да қиын жағдай.

5 кеңес. Өзіңнің құпияңа сақ бол. Нақты көмек бере алмайтын, бірақ саған жаны ашитын жолдасыңа өзіңнің жағдайыңның шешуін жүктеме. Саған одан жеңілдік болмайды.

6 кеңес. Саған нақты көмек көрсете алатын, өмірлік тәжірибесі мол жасы үлкен адамнан көмек сұра. Егер ол сенің  ата-анаң немесе туысқаның болса тіпті жақсы.

7 кеңес. Ата-ана алдындағы үрейіңді бас. Өз қолыңмен жасағаныңды мойныңмен көтере білу керек. Есіңде болсын бұлттан кейін, күн жарқырап шығады.

8 кеңес. Жағдайыңды өзің ғана түзейсің, оған сену керек, ешқашанда қорықпа.  Қорқыныш – сенің көмекшің және досың емес. Қорқыныш – жалғыз адамдардың жолдасы. Ал сен жалғыз емессің! Егер сен көмек сұрасаң, саған әрқашанда көмек көрсетіледі.

 

 

 

ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІНІҢ БІРНЕШЕ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

  • Есте сақтаудың қиындылығы көлемі жағынан пропорционалды емес дамиды. Қысқа дәйек сөздері жаттағанша, үлкен бөлікті оқу тиімді.

 

  • Жұмыс барысында бірдей есте сақталғанның саны көбірек болса, түсінгеннің дәрежесі ауқымды болады.

 

  • Реттеліп жаттаған құрамадан тиімді. Үзіліс жасап оқу қатарынан оқығаннан жақсы, аздап оқығаны жақсы.

 

  • Көбірек қайталап оқығаннан жадында қалдырғанды еске түсіруге көп уақыт жұмсаған тиімді.

 

  • Егер екі материалмен жұмыс жасасаңыз — үлкен және кіші, үлкенінен бастаған жөн.

 

  • Адам түсінде есіне сақтамайды — бірақ ұмытпайды.

 

 

ЖҰМЫС ІСТЕУ ҚАБІЛЕТІН

ҚАЛАЙ ЖАҚСАРТУҒА БОЛАДЫ?

 

  • Ақыл-ой еңбегі мен  дене еңбегін алмастыру.

 

  • Гимнастикалық жаттығу жасағанда баспен тұру, секіріп айналу жаттығуларына көп көңіл бөлу керек. Өйткені осы жаттығулар негізінде ми клеткаларына қан көп келеді.

 

  • Көзді қорғау керек, 20-30 минут сайын  үзіліс жасап отыру керек.

 

  • Теледидар хабарларын көруді қысқарту қажет!

 

 

 

 

   ӨЗІҢДІ ЖАҚСЫ КӨР…

 

Біз, көбіне сан алуан комплекспен өмір сүреміз. «Аяғым қысқа, көзім сығыр, шашым қатты, арықпын, толықпын» деп жалғаса беретін толып жатқан «кемшіліктің» бәрі біздің ғана еңсемізді басады. Оған мінездің кемшін тұсын қосыңыз… Бірақ ойлап көрсек, мына өмір бір-ақ рет беріледі емес пе? Олай болса, өзімізді дәл осы қалпымызда қабылдауға не кедергі? Егер «мен жақсы өмірге лайық емеспін» дей берсеңіз, ойыңыз расымен орындалады. «Мен бақытты боламын, мен бәріне жетемін» деп талпынып, алға ұмтылсаңыз, есесі қайтпас еңбек жоқ.

Өзін-өзі жақсы көру дегеніміз – өз-өзіне сенім деген сөз. Өз мүмкіндігіңізге, сіздің қолыңыздан бәрі де келетініне сеніңіз. Жетістікке жететіндер – ерік-жігері мықты, өзіне сенімді жандар. Адамның ішінде жатқан күш мықты болса, ол жарқын болашақтың кепілі болмақ. Оның бәрі адамның өз-өзін сүюінен басталады.

Ендеше, өзімізді жақсы көруге әдеттенейік!

 

Бірінші жаттығу. Екі қағазды алып, біреуіне жақсы жағыңызды, екіншісіне өзіңіз нашар деп есептейтін қасиетіңізді жазыңыз. Сосын нашар қасиетіңізді жазған екінші қағазды жыртыңыз да, оның орнына «мен – сүйкімдімін» деңіз. Күн сайын таңертең осы тізімді бір жақсы сөзбен толықтырып отырыңыз.

 

Екінші жаттығу. Өз-өзіңізбен айқас. Күн сайын кешкі астан соң, кешегі өзіңіз бен бүгінгі өзіңізді салыстырыңыз. Міндетті түрде өткен күнді саралап, өзіңізді мақтауды ұмытпаңыз.

 

Үшінші жаттығу. Өзіңізді толықтай көз алдыңызға әкеліңіз. Егер жаман жағыңыз есіңізге түссе, жақсы жағыңызды ойға оралтуға тырысыңыз. Болашақтағы бейнеңізді детальді түрде құраңыз. Айналаңыздағы адамдар, үстіңіздегі киім, отырған орныңыз, орындығыңыздың түсіне дейін көз алдыңызға әкеліңіз. Өйткені адам бір нәрсені қатты қаласа, ол міндетті түрде орындалады!


 

 

You Missed

Оқушылар

  • От astana
  • 27 января, 2026
  • 334 views
Оқушылар

Біздің мектеп

  • От astana
  • 25 января, 2026
  • 264 views
Біздің мектеп