Мектеп ұжымы Бурабайға барып, тамаша бір демалыс өткізді.
Мектеп ұжымы Бурабайға барып, тамаша бір демалыс өткізді.
Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Көкшетаудың інжуі, ғажап бір мекен.
Нуға да бай,
Суға да бай,Бурабай,
Қайталанбас ол ғажайып тумадай.

Қаныш Сәтбаев атындағы кабинеттің ашылу салтанаты!
Қаныш Сәтбаев атындағы кабинеттің ашылу салтанаты!
Бүгін “Alqa Bilim” оқу орталығында ерекше сәт орын алды. Қазақтың тұңғыш академигі, ғұлама ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімі берілген жаңа кабинеттің лентасы қиылып, ресми түрде ашылды.
Бұл – білім мен ғылымға деген зор құрметтің белгісі!
Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, «Қаныш Сәтбаев халықаралық қоры» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы, химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-корреспендент мүшесі, Инженерлік ғылымдар халықаралық академиясының академигі Алтынбек НУХҰЛЫ мен Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицей директоры Омарханов Ернұр Аханұлы арнайы қатысып, лентаны кесу мәртебесіне ие болды.
Сонымен қатар, шығыстанушы, «Қаныш және ғылыми майдан» кітабының авторы Санжар Керімбай да игі шараның қадірлі қонағы болды.
Бұл кабинет – жас ұрпақтың ғылымға бет бұрып, Қаныш Сәтбаевтай ұлт тұлғаларына қарап бой түзеуіне үлкен серпін береді деп сенеміз.
Баянауыл өлкесіндегі ҰЖЫММЕН саяхат
Мектебіміз Академик Қаныш Сәтбаевтің атымен аталғанғандықтан, академиктің туған жері мен Баянауылдағы музейін көріп,танысу мақсатында Баянауыл өлкесіне ҰЖЫММЕН саяхаттап қайтық. Баянтау, Баянауыл, Баянаула… деп жазушы Несіпбек Айтұлының «Қаныш» поэмасында жырлағандай табиғаты тамаша, ауасы таза, жан-жануар, өсімдіктер, киелі жерлерге бай өлке екен. Осы турды ұйымдастырған @aliba.travel дің ұл-қыздарына алғысым шексіз. Ақшасы да қолжетімді, сонымен қоса фото, видео, түскі, кешкі ас тегін. Көңілді музыка, кішіпейіл, тәрбиелі ұл-қыздар, комфортный автобус. Сондай-ақ осы бастаманы бастаған мектебіміздің директоры Ернұр Аханұлына, қолдаған әріптестеріме, демеушілік білдірген кәсіподақ ұйымына ЗОР РИЗАШЫЛЫҒЫМДЫ білдіреміз.
Біздің ұжым-ең керемет ұжым. 










Ұлылар мекеніне саяхат
Ұлылар мекеніне саяхат



