Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті, Сарыарқа ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Юсупов Нұрзат Әлімұлы 10-сынып оқушыларына өрт қауіпсіздігі, ашық терезе қауіпсіздігі кезіндегі алдын алу шаралары бойы

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті, Сарыарқа ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Юсупов Нұрзат Әлімұлы 10-сынып оқушыларына өрт қауіпсіздігі, ашық терезе қауіпсіздігі кезіндегі алдын алу шаралары бойынша дәріс оқыды.
?Ашық терезе – әсіресе балалар үшін өте қауіпті. Соңғы жылдары терезеден құлау жағдайлары көбейіп келеді. Сондықтан келесі қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды:
Ата-аналарға арналған қауіпсіздік кеңестері:
1. Терезеге тосқауыл орнатыңыз – арнайы қауіпсіздік торлары, шектеуіштер орнатыңыз.
2. Баланы қараусыз қалдырмаңыз – әсіресе терезе ашық кезде.
3. Мебельді терезе жанына қоймаңыз – бала терезеге оңай шығып кетпес үшін.
4. Москит торына сенбеңіз – олар қорғаныш емес, тек жәндіктерден сақтайды.
5. Терезе тұтқаларын кілтпен бекітіңіз – бала өздігінен аша алмайтындай етіп.
❎ Балаларға арналған түсінікті ереже:
— Терезе – ойын орны емес.
— Терезеге жақындауға болмайды.
— Үлкендерсіз терезе ашуға болмайды.
♨️Өрт – адам өміріне, денсаулығына, мүлкіне және қоршаған ортаға үлкен қауіп төндіретін апат. Өрттің алдын алу және дұрыс әрекет ету – әрбір азаматтың міндеті.
Өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері:
✅ Үйде:
— Электр құрылғыларын қолданғанда абай болыңыз;
— Пеш пен газ плитасын қараусыз қалдырмаңыз;
— Сіріңке мен оттықты балалардан аулақ ұстаңыз;
— Арнайы өрт сөндіргіш құралдары болсын (өрт сөндіргіш, құм, су);
— Розеткаларға көп құрылғы қоспаңыз.
✅ Мектепте:
— Өрт дабылы мен шығу жолдарын жаттап алыңыз;
— Қысқа тұйықталу мен түтінді байқасаңыз, дереу хабар беріңіз;
— Сабыр сақтап, мұғалімнің нұсқауын тыңдаңыз;
— Қауіпсіз жерге тез және тәртіппен шығыңыз.

You Missed

Оқушылар

  • От astana
  • 27 января, 2026
  • 334 views
Оқушылар

Біздің мектеп

  • От astana
  • 25 января, 2026
  • 264 views
Біздің мектеп