Қазақ балалар әдебиетінің бәйтерегі – Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл!
Сапарғали Бегалин – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, балаларға арналған тұңғыш прозалық шығармалардың авторы.
Оның «Көксегеннің көргендері», «Сырлы қайнар», «Шоқан асулары», «Бала Шоқан», «Қыран туралы аңыз» сынды туындылары жас оқырманды отансүйгіштікке, адалдыққа, еңбекке баулиды.
2025 жылы жазушының туғанына 130 жыл толуына орай мектептер мен кітапханаларда әдеби кештер, көрмелер, оқырмандар конференциясы сияқты танымдық іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Бұл – ұрпақтың рухани дүниесін байытуға, төл әдебиетімізді танып-білуге зор мүмкіндік.
Қаламы арқылы балалар жүрегіне жол тапқан қаламгердің есімі әрқашан құрметпен аталады!

 


✨ Бастауыш сынып оқушыларының көңілді сәттері!
Бүгінгі үзіліс ерекше өтті — оқушылар суреттерді қайталау арқылы көңіл көтерді. ?
Осындай белсенді сәттер оқушылардың шығармашылығын дамытып, ұйымшылдыққа тәрбиелейді және күндерін жарқын етеді!
Сынып жетекшісі:Төлеуова А.Ж


«Болашаққа қадам» қалалық байқауына қатысушы Сатанова Айзада 8 «Д» сынып оқушысы. Менің мақсатым Қазақстандық табиғи экологиялық таза және пайдалы «Мұз кәмпит» өнімін таныстыру, отандық өндірістің дамуына үлес қосу.
Мәні (идеясы):
?Балалар арналған дәмді әрі пайдалы тәтті өнім шығару;
?Шетелдік өнімдерге балама отандық бренд қалыптастыру;
? Табиғи жеміс шырындарынан, бал мен сүт өнімдерінен жасалған мұз кәмпиттер өндіру арқылы денсаулыққа пайдалы тағам мәдениетін насихаттау.
Күтілетін нәтиже:
Қазақстандық сапалы өнім нарығына үлес қосылады;
Мектеп деңгейінде шағын бизнес-жоба іске асады. Жетекші арнайы маман Ұ.Т.Кенжаева


Бүгін мектебімізге М.Тынышбеков атындағы Астана ALT көлік колледжінің өкілдері келіп, білім беру бағдарламалары, мамандықтар, оқу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат беріп, оқушылармен пайдалы кездесу өткізді.
Оқушылар көлік саласына қатысты сұрақтарын қойып, колледждегі оқу процесі, грант мүмкіндіктері мен болашақ мамандықтар туралы тың мәліметтер алды.
Осындай кездесулер оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
Колледж мамандарына келіп, таныстырып кеткендері үшін алғыс айтамыз! ?


6 “Б” сыныбының қыздары мен сынып жетекшісі күзгі демалыстың соңғы күндерін ерекше көңіл күймен өткізуде???. Бұл жылы жүздесуде олар тек ойын ойнап, шаттыққа бөленіп қана қоймай, өзара сыр бөлісіп, алдағы II тоқсанға арналған жаңа жоспарларын да талқылады???. Кеш қыздардың ұйымшылдығын арттырып, бір-біріне деген сенім мен достықты нығайтқан шынайы әрі жылы бас қосуға айналды???.


6 «В» сынып оқушылары демалыс уақытын тиімді өткізу мақсатында сынып болып бірге ойынға шықты.


25 Қазан – Республика күніне орай мектебімізде «Еліміздің ертеңі – біз!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. ???
Іс-шараға ардагер ұстаздарымыз құрметті қонақ ретінде шақырылды. Олар үшін арнайы мектеп ішіндегі мұражай, жаңартылған технология кабинеті, ұстаздар бөлмесі, акт залы, сондай-ақ Абай бұрышы, тарих кабинеті мен КПИ бөлмелері таныстырылды.
Мерекелік атмосферада ардагер ұстаздарға арналған құттықтау сөздер айтылып, оқушылардың концерттік бағдарламасы ұсынылды. Шара барысында қонақтарға арналған дастархан жайылып, жылы лебіздер мен алғыс сөздер айтылды.
Мұндай тағылымы мол кездесулер – ұрпақ сабақтастығының, құрмет пен сыйластықтың жарқын көрінісі. ?


25 Қазан – Республика күні құтты болсын! ??
Баршаңызды еліміздің маңызды мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн – халқымыздың тарихи таңдау жасаған, мемлекеттік тәуелсіздік пен дербестіктің негізі қаланған күн!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, болашағымыз жарқын болсын!
Әр отбасыға береке, бірлік, ынтымақ тілейміз.
Республика күні құтты болсын! ??
І\т: 1 «Б», 4 «Г» сыныптары


Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында мектеп парламентінің Президенттеріне арналған СЕМИНАР өтті.
Семинарда тәртіп пен экологиялық міндет, өтілетін іс-шара туралы тақырыптар қозғалды.


Құрметті Бақыт Шөкібайұлы!
Сізді үлкен марапат «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгі иегері атануыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – сіздің өнерге, ұлттық мәдениетке, жас ұрпаққа сіңірген өлшеусіз еңбегіңіздің жарқын жемісі.
«Шабыт» оркестрімен ел рухын көтеріп, ұлттық өнерді дәріптеп жүрген сіздей тұлғалар – ел мақтанышы!
Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс, толассыз шабыт пен биік белестер тілейміз.
Өнер жолыңыз жарқын, өміріңіз шаттыққа толы болсын!

Возможно, это изображение 9 человек и текст


?ҚАЛАЛЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ АБАЙДЫҢ ӨЛЕҢІМЕН БАСТАЛДЫ
Бүгін елордада мектеп педагогтеріне арналған «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман» тақырыбындағы панельдік сессия өтті. Іс-шараға мыңға жуық ұстаз қатысты.
Панельдік сессия қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының «Желсіз түнде жарық-ай» өлеңімен бастау алып, жиынға ерекше рухани серпін берді.
Шара аясында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мұғалімдердің кәсіби дамуы, заманауи білім беру үрдісінде адал азамат қалыптастыру және кәсіби маман даярлау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар педагогтердің біліктілігін арттырудың тиімді жолдары қарастырылды.
Сессияның негізгі міндеттері:
▪️Мұғалімдердің үздіксіз білім алу қажеттілігі мен кәсіби құзыреттілігін арттыру жолдарын талқылау;
▪️«Адал азамат» тәрбиесі мен ұлттық-рухани құндылықтарды оқыту үдерісіне кіріктіру;
▪️Пән мазмұнында адамгершілік, әділдік, жауапкершілік қағидаттарын күшейту;
▪️Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша тиімді тәжірибелер мен табысты педагогикалық практикаларды таныстыру;
▪️Цифрлық дәуірде мұғалімнің кәсіби дамуына қажет жаңа мүмкіндіктерді қарастыру;
▪️Мұғалімнің кәсіби жауапкершілігі мен этикасын дамыту;
▪️Қоғамдағы ұстаз беделін көтеру және кәсіби қоғамдастықты нығайту;
▪️Жаһандану жағдайында білім беру мазмұнын жаңғырту бағыттарын айқындау;
▪️Заманауи оқушының құзыреттіліктеріне сай мұғалімнің кәсіби бейнесін қалыптастыру.
Панельдік сессия елордалық ұстаздар қауымының кәсіби әлеуетін арттыруға, тәжірибе алмасуға және заманауи білім беру үрдісіндегі жаңа бағыттарды айқындауға жол ашты.

Модератор: Омарханов Ернұр Аханұлы-қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, мектеп директоры.


Возможно, это изображение текст «54-буражкленанакуикаласакрвлта 514- 14-буйрык негизинде уйымдастырылган республикалык рестубликалькконкурсы конкурсы хлы ЛЫТУЛЕА УЛЕ ГЫЛЫМи дстемелик журмалы I ДЭРЕЖЕЛИ ДИПЛОМ "УЛЫ ТУЛЕ РеспуБликалЫк ЕЫЛЫМИ- ТАНЫМДЫЛЫК БАСЫЛЫМЫНЫН РЕДакЦИяСЫ УЙЫМДАСТЫРЕАН КАЗАК халкынын УЛЫ АГаРТУШЫ, ФИЛОСОФ, АКЫН АБАЙ КУНАНБАЕВТЫН ШЫГАРМАЛАРЫн КЕНИНЕН НАСИХАТТАУ МАКСАТЫНДАГЫ РесПУБЛИКАЛЫК "АБАЙ ОКуЛАРы" ШЫГаРМаШЫЛык КОНКУРСЫНДА ОРЫН АЛеанЫ YIIIH Базарбай Жантере Саматулы МАРАПаТТАлаДы Жешс:: Кожахметова Зульфия Мейрамбеккызы "УЛЫ" ТУЛЕА" редакциясьнын бас редакторы Ержан H.E. @ы @УЛЫТУЛЕА ТУЛЕΑ 2025 жыл Алматы каласы Tipkey HeMipi: N9503»
«Ұлы тұлға» республикалық ғылыми-танымдық баслымның редакциясы ұйымдастырған қазақ халқының ұлы ағартушы, философ, ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатындағы республикалық «Абай оқулары» қашықтық шығармашылық конкурсына қатысқан 2 «Б» сынып оқушысы Базарбай Жантөре І дәрежелі дипломға ие болды.

Құттықтаймыз!


Астана қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицейі 2008 жылы ашылған. 1200 орындыққа арналған. Бүгінгі таңда мектепте 1382 оқушы жаратылыстану-математикалық бағытта білім алады.

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты 2024 жылдың 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында үш жыл ішінде елімізде 1300 мектепті жөндеуден өткізу жөніндегі тапсырмасы – білім саласына жасалып жатқан қомақты қолдаудың көрінісі. Бұл бастама елдегі мектептердің материалдық базасын нығайтуға және білім беру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен мектеп-лицейіміз реновациялау жобасына кіріп, 2025 жылдың мамыр айынан бастап спорт алаңдарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау — мектептің басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта ұжымдық және жеке тәрбиелік іс-шаралар, сондай-ақ мәдени және спорттық бағыттағы секциялар арқылы оқушылардың шығармашылық және физикалық әлеуетін дамытуға баса назар аударылуда. Бұл өз кезегінде оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануына, дене тәрбиесін жетілдіруіне, бұқаралық спортқа қызығушылығын арттыруға, спорттық үйірмелер мен жарыстарды қауіпсіз және тиімді өткізуге толық мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Астана қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицейі 2008 жылы ашылған. 1200 орындыққа арналған. Бүгінгі таңда мектепте 1382 оқушы жаратылыстану-математикалық бағытта білім алады.
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты 2024 жылдың 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында үш жыл ішінде елімізде 1300 мектепті жөндеуден өткізу жөніндегі тапсырмасы – білім саласына жасалып жатқан қомақты қолдаудың көрінісі. Бұл бастама елдегі мектептердің материалдық базасын нығайтуға және білім беру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен мектеп-лицейіміз реновациялау жобасына кіріп, 2025 жылдың мамыр айынан бастап спорт алаңдарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау — мектептің басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта ұжымдық және жеке тәрбиелік іс-шаралар, сондай-ақ мәдени және спорттық бағыттағы секциялар арқылы оқушылардың шығармашылық және физикалық әлеуетін дамытуға баса назар аударылуда. Бұл өз кезегінде оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануына, дене тәрбиесін жетілдіруіне, бұқаралық спортқа қызығушылығын арттыруға, спорттық үйірмелер мен жарыстарды қауіпсіз және тиімді өткізуге толық мүмкіндік береді.
Возможно, это изображение траваВозможно, это изображение батут и трава

 

Абай Құнанбайұлы. «Ғылым таппай мақтанба». Мақсатқызы Мәншүк. 2 «Ә» сынып оқушысы.

?ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Орта білім беру ұйымдарында 2025–2026 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ каникул кезеңдері туралы айтты

?? Оқушыларды заманауи мектеп инфрақұрылымымен қамтамасыз етудің жүйелі шешімі ретінде «Келешек мектептері» жобасы жүзеге асырылуда.

Ол жобалаудан бастап құрылыс және жабдықтауға дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды.

? «Келешек мектептері» жобасы – XXI ғасырдың талаптарына сай заманауи білім беру инфрақұрылымын құру жолындағы стратегиялық бастама. Жоба аясында елордада 2000 оқушы орнына арналған №100 мектеп салынды
?? ?? ??

4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күні
Бұл күн – халқымыздың тәуелсіздігін, бірлігін, тарихы мен болашағын айқындайтын ерекше мереке.
1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Гимні алғаш рет бекітілді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл:
– Ту – еліміздің бейбітшілігі мен рухының белгісі
– Елтаңба – халқымыздың мәдениеті мен тарихының көрінісі
– Гимн – елге деген мақтаныш пен патриотизмнің үні
Возможно, это изображение текст «E жел Кар сы ден ASTANAE ал ер ган ya де КыТ rel, Дан -КЫ ты, Мэн -ri МЫЗ шыК-ты AiK до- сын- гой, На-мы дай. Б.3- Бίз-дίн Дин сын бер- ел ба Me -кыТ ген, тЫ, CHORUS Ка bi3- Me + Июня Маусым QAZALISTAN Казакстан Рестубликасынын мемлекеи рамиздер ΚΥμί с Днем государственных симВолов Kgmenbi болсын! Республики Казахстан!»
елиться
?? 4 маусым – Рәміздер күні!
Бүгін мектебімізде Мемлекеттік рәміздер күніне орай оқушылар мен мұғалімдер бірігіп, Қазақстан Республикасының Әнұранын орындадық.
Бұл – Отанға деген құрметіміздің, бірлігіміздің, жүрегіміздегі елдік рухтың көрінісі.
*1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні*
Бұл күн бүкіл әлемде ерекше мейрам ретінде аталып өтетін, балалардың күлкісі мен бақытына арналған күн.
Бұл мереке алғаш рет 1950 жылы атап өтіліп, содан бері балалардың құқықтарын қорғау, олардың амандығы мен жарқын болашағына қоғам назарын аудару мақсатында халықаралық деңгейде тойланып келеді.
Балалар – әр елдің болашағы, ұлттың үміті.
Баланың ең сенімді қорғанысы – дені сау, тату, берекелі отбасы.
Балалар біздің үмітіміз, болашағымыз. Қуаныш пен шаттыққа толы балалық шақтан асқан сұлулық жоқ, оны солай ету – отбасының, қоғамның, мемлекеттің міндеті.
Возможно, это зарисовка (шаттл и текст «AXC ASTANA Халыкаралык балаларды коргау KYHI Курчотые болсын!! Международным днем защиты детей! A»)

Білім басқармасы және ҚР Ұлттық музейінің ұйымдастыруымен Республикалық «Ұлттық қолөнер — тәрбие көзі» атты шығармашылық фестивальде мектебіміздің «Шабыт» оркестрі өз өнерін көрсетіп, көрерменнің қошеметіне бөленді.

Бүгін мектебімізде жылыжай кешені іске қосылды.
Жаңа жылыжай кешені оқушылардың тәжірибелік білімін арттырып, экологиялық тәрбие беру бағытында үлкен мүмкіндік сыйлайды.
Мектеп оқушылары өз қолымен көгөніс пен гүл өсіріп, табиғатқа қамқор болуды үйренеді. ??️?
Бұл – білім мен еңбекті ұштастыратын, жас ұрпақты тәрбиелеудің тамаша құралы.
«Мектебім, саған мың алғыс!» мектеп бітіру іс-шарасы
Құрметті түлектер!
Бүгін – сіздер үшін мектепте есте қалар сәт.
Осы жылдар бойы жинаған білім, тәрбие мен өмірлік дағдыларыңыз алдағы үлкен өмір жолына нық басуға көмектеседі деп сенеміз.
Сіздерге ақ жол, биік белестерді бағындыру мен армандарыңызға жетер табандылық тілейміз.
Ұстаздар мен ата-аналар үмітін ақтап, ел игілігіне еңбек ететін абзал азамат болыңыздар!
Сәт сапар, жас түлек! Болашақтарыңыз жарқын болсын! ?
Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында /Момышұлы, 5/ Астана қалалық полиция департаментінің өкілдерімен және Балалар құқықтары жөніндегі уәкілмен кездесу өтті.
Кездесуге мектеп омбудсмендері Сеилбай Әйгерім мен Әуезханова Еркеназ қатысты.
 
Бүгін мектебімізде “Салауатты өмір – жарқын болашақ кепілі” атты Жұлдыздар шеруі жоғары деңгейде өтті.
Шара барысында белсенді өмір салтын ұстанатын, спортта, білімде ерекше көзге түскен оқушыларымыз бен ұстаздарымыз марапатталып, өз жетістіктерін паш етті.
«Үздік жаттықтырушы» номинациясымен Кайркулова Жанат Алданазаровна.
«Үздік сынып жетекші» номинациясымен Жумабаева Камшат Куптуилеуовна.
«Үздік оқушы» номинациясымен 10 «А» сынып оқушысы Түнатар Райана МАРАПАТТАЛДЫ.
Салауатты өмір – табысты болашақтың негізі дей келе, бүгінгі барлық марапатталған оқушыларымызды тағы бір мәрте құттықтаймыз!
  
 
 
  
Оқу жылының соңында оқушылардың арасынан дарынды, білімді, тапқыр, көшбасшыны анықтау мақсатында
5”А” сынып оқушыларының арасында “Сынып көшбасшысы-2025” сайысы өткізілді.
Сайысқа сыныптың барлық оқушылары қатысты.
Сайыс 5- кезең бойынша өткізілді.
Сайысқа пән мұғалімдері қазылық жасады.
Сайыс қорытындысында барлық кезеңнен оза шапқан, ұпай санымен алда болған Ясын Рамазан жеңіске жетті.?
Бүгін мектебімізде “Жас таланттар – жарқын болашақ кепілі” атты Жұлдыздар шеруі өтті!
Білім мен өнер жолында талмай ізденіп, биік белестерді бағындырған оқушыларымыз марапатталып, өз өнерлерін ортаға салды.
Олардың әр жетістігі – ертеңгі күннің жарқын бастауы!
Жас таланттарға тек сәттілік пен шабыт тілейміз!
??
АӘ және технологиялық курсына қатысқан барлық оқушылар мектеп-лицейінің грамотасымен марапатталды.
Пневматикалық винтовкадан ату бойынша:
?І орын Исатай Алихан
?І орын Зауренбек Бексұлтан
?І орын Сағидуллаев Әлдамир
?ІІ орын Хакимджанов Али
Жалпы әскери газ толымын кию бойынша:
?І орын Мамраев Амир
?ІІ орын Азизов Айдос
?ІІІ орын Сағидуллаев Әлдамир
Автоматты бөлшектеп жинау бойынша:
?І орын Зауренбек Бексұлтан
?ІІ орын Жакупбеков Алижан
Гранат лақтыру бойынша:
?І орын Асан Асылжан
?ІІ орын Исатай Алихан
?ІІІ орын Советов Саят
Дене дайындығы бойынша:
?І орын Кенжетаев Исмаил
?ІІ орын Зауренбек Бексұлтан
Марапат иелерін құттықтаймыз!??
  
  
  
 
2 «Ә» сынып оқушысы Мұрат Ернат дзю-додан ІІ орын иеленді. Құттықтаймыз????
Возможно, это изображение 11 человек и люди занимаются боевыми искусствами
5-8, 10-11 сынып оқушылары арасында «Заң және тәртіп», «Адал азамат» тақырыптарында эссе байқауы өтті.
Байқау нәтижесі бойынша үздік оқушылар марапатталды.
?«Заң және тәртіп» тақырыбы бойынша:
1-орын:
Ғабидолла Аружан – 6 «Г» сыныбы
2-орын:
Жанай Алишер – 9 «Ә» сыныбы
Тауреат Кәусар – 7 «Ә» сыныбы
3-орын:
Жанибекова Арай – 5 «В» сыныбы
Маханбет Жансая – 8 «А» сыныбы
Закирджанова Жұлдыз – 6 «Д» сыныбы
?«Адал азамат» тақырыбы бойынша:
Бақберген Алтынай -10 «Б» сынып оқушысы. 1-орын.
Жолмырзаева Жанель — 10 «Б» сынып оқушысы. 2-орын.
Шермаханбет Балнұр — 10 «Б» сынып оқушысы. 3-орын.
Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Жастардың елжандылық рухын арттыру – болашаққа салынған сенімді негіз!
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу
бағдарламасының негізінде 10-сынып оқушыларымен өткізіліп жатқан далалық-оқу жиындары. 4-күн.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай және “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында “Табиғатқа қамқорлық жасаймыз” атты жалпықалалық экологиялық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында: мектеп ауласын, аллеяларды, скверлер мен мемориалдық аймақтарды қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді.
Бұл акция – тек тазалық жұмыстары ғана емес, бейбіт өмір сыйлаған батыр бабаларымызға тағзым, болашақ ұрпақ бойына экологиялық мәдениет пен азаматтық жауапкершілік дәнін себу.
Ағымдағы жылдың 8-12 мамыр аралығында Ақтөбеде 2011-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында кикбоксингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Айтулы шара Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 500-ге жуық спортшының басын қосты.
Жарысқа 8 «А» сыныбының оқушысы Алмасұлы Алдияр дағдыларын, шеберліктерін және жеңіске деген құлшынысын көрсетіп 1 -орын иеленді.
Құттықтаймыз!!!!
Возможно, это изображение ‎6 человек и ‎текст «‎OLAMENAM obe КЛЫ ЖЕНСНЕ 10РТМИНИСТРИП SERAICIAS بر နါ Хлы Жениκ 80 жылдымына орай, лы Отан СОГЫСЫНЫН ардагерерй Кожаев I3iM Ка кожаев I3MaFaM ет Карасайулын еске алуга ap БОКСКНГТЕН жасе nipiMD арасын ПУБЛИК иПИОН عر TREPT J41PIG 2011-201 КАЗ ;СТАН SRELATH I I III‎»‎‎
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу
бағдарламасының негізінде 10-сынып оқушыларымен өткізіліп жатқан далалық-оқу жиындары. 3-күн.
 
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу
бағдарламасының негізінде 10-сынып оқушыларымен өткізіліп жатқан далалық-оқу жиындары. 2-күн.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу
бағдарламасының негізінде 10-сынып оқушыларымен өткізіліп жатқан далалық-оқу жиындары. 2-күн.
Қалалық мектеп лигасы шеңберінде 5-6 сынып (қыздар) арасында Гандболдан өткен жарыста №61 мектеп- лицейі ЧЕМПИОН болды. Жаттықтырушылар:
Анарбаев Олжас
Шайкемелова Мадина.
Құттықтаймыз! Жүлдегерлерімізге одан әрі табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз.????
Возможно, это изображение 11 человек и текст
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу
бағдарламасының негізінде 10-сынып оқушыларымен өткізіліп жатқан далалық-оқу жиындары. 1-күн.
  
 
?Баскетболдан Jump-2025 Республикалық турнирінде 14 жастағы ер балалар арасында өткен жарыста №61 мектеп- лицей командасы 2- орын иеленді.
Ойыншылар әртүрлі бағалы сыйлықтармен, ал жаттықтырушы Кайркулова Жанат Адданазаровна 100 мың теңге ақшалай марапатталды.
Құттықтаймыз! Жеңісті күндеріміз көп болсын!??
Возможно, это изображение 5 человек, батут и текст
03.05-04.05.2025ж Қарағанды қаласында «Karaganda Open» халқыаралық жарысы өтті. Жарыста біздің оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды.
Нәтиже⤵️
1.Кенжебек Нұрмұхамед. 4 «Б» сынып оқушысы.?орын.
2.Смайыл Аян. 6 «Ә» сынып оқушысы.?орын.
3.Базарбай Кәусәр. 7 «Г» сынып оқушысы. ?орын.
4.Бердәлі Әбдікәрім. 7 «В» сынып оқушысы.? орын.
5.Кабдуллаева Алима. 8 «А» сынып оқушысы.? орын.
Жаттықтырушы Кабдуллаев Біржан.
Құттықтаймыз! Еліміздің көк туын желбіретер спортшыларымыз көбейе берсін!

You Missed

Оқушылар

  • От astana
  • 27 января, 2026
  • 333 views
Оқушылар

Біздің мектеп

  • От astana
  • 25 января, 2026
  • 263 views
Біздің мектеп