Балалар қауіпсіздігі, кадрлық әлеует және инфрақұрылым: Ғани Бейсембаев өңірлік білім басшыларына жүктелетін негізгі міндеттерді атады


«Мемлекет басшысы педагогтің ел болашағын қалыптастырудағы рөлін үнемі айтып келеді. Бүгінгі мұғалім – ол қоғамды жаңғыртудағы басты тұлға. Осыған орай, барлық білім басқармалары мен бөлімдері басшыларына «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қатаң сақталуы қажет екенін тағы да ескертемін», – деді министр.


«Біз ашық және есеп беретін білім беру жүйесін қалыптастырудамыз. Әрбір басшы жоғары моральдық талаптарға сай болуы тиіс. Бұл жұмыстың табысты болуы – жергілікті атқарушы органдардың тиімді қызметіне тікелей байланысты.
Показать перевод



Все реакции:
44