Академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойын қорытындылау барысында, Астана қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицейінің 200 оқушысы “Бұл -Қаныш Сәтбаев мектебі” Гимнін орындады.
ГИМННІҢ сөзінің авторы Аймуханбет Бейсембеков, әні Кентау Назарбек жазған.
Естеріңізге салар болсақ, мектеп гимні 2024 жылдың 26 наурыз күні Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Әлем таныған Қаныш» республикалық конференциясында тұңғыш рет орындалған болатын.