Бүгін: 14.06.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт!
Бүгін мектебімізде Отан қорғаушылар күніне орай ер мұғалімдерімізге арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Мектеп ұжымы атынан айтылған жылы лебіздер, ән мен би, көріністер мен құттықтаулар шараға ерекше сән берді.
Бұл – ұстаздарымызға деген құрмет пен алғыстың белгісі.
Құрметті ер мұғалімдер! Сіздерге мықты денсаулық, толағай табыс, қажымас қайрат пен отбасы бақытына толы ұзақ ғұмыр тілейміз.
Мерекелеріңіз құтты болсын!