Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті, Сарыарқа ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Юсупов Нұрзат Әлімұлы 10-сынып оқушыларына өрт қауіпсіздігі, ашық терезе қауіпсіздігі кезіндегі алдын алу шаралары бойы
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті, Сарыарқа ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Юсупов Нұрзат Әлімұлы 10-сынып оқушыларына өрт қауіпсіздігі, ашық терезе қауіпсіздігі кезіндегі алдын алу шаралары бойынша дәріс оқыды.
Ата-аналарға арналған қауіпсіздік кеңестері:
1. Терезеге тосқауыл орнатыңыз – арнайы қауіпсіздік торлары, шектеуіштер орнатыңыз.
2. Баланы қараусыз қалдырмаңыз – әсіресе терезе ашық кезде.
3. Мебельді терезе жанына қоймаңыз – бала терезеге оңай шығып кетпес үшін.
4. Москит торына сенбеңіз – олар қорғаныш емес, тек жәндіктерден сақтайды.
5. Терезе тұтқаларын кілтпен бекітіңіз – бала өздігінен аша алмайтындай етіп.
— Терезе – ойын орны емес.
— Терезеге жақындауға болмайды.
— Үлкендерсіз терезе ашуға болмайды.
Өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері:
— Электр құрылғыларын қолданғанда абай болыңыз;
— Пеш пен газ плитасын қараусыз қалдырмаңыз;
— Сіріңке мен оттықты балалардан аулақ ұстаңыз;
— Арнайы өрт сөндіргіш құралдары болсын (өрт сөндіргіш, құм, су);
— Розеткаларға көп құрылғы қоспаңыз.
— Өрт дабылы мен шығу жолдарын жаттап алыңыз;
— Қысқа тұйықталу мен түтінді байқасаңыз, дереу хабар беріңіз;
— Сабыр сақтап, мұғалімнің нұсқауын тыңдаңыз;
— Қауіпсіз жерге тез және тәртіппен шығыңыз.

