✨ Бүгін мектебімізде мұғалімдерге арналған «Soft skills дағдыларын дамыту» тақырыбында орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері семинар өткізді.
✨ Бүгін мектебімізде мұғалімдерге арналған «Soft skills дағдыларын дамыту» тақырыбында орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері семинар өткізді.
? Семинар барысында ұстаздар психологиялық жаттығулар орындап, командалық ойындарға қатысып, креативті ойлау мен қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдермен танысты.
? «Мәселені бірге шешейік» топтық жұмысы арқылы өмірлік жағдайларды талқылап, шығармашылық шешімдер ұсынды.
? Іс-шара жылы атмосферада өтіп, әріптестеріміз мотивация алып, жаңа оқу жылына тың серпінмен қадам басты.
Мектепте ұйымдастырылған «Спорт — денсаулық кепілі» атты мұғалімдер арасында волейболдан жарыс өті
Мектепте ұйымдастырылған «Спорт — денсаулық кепілі» атты мұғалімдер арасында волейболдан жарыс өтіп, жүлдегерлер мен үздік ойыншыларға кәсіподақ ұйымы ақшалай сыйлық табыстады.
І орын — МИФ бірлестігі.
ІІ орын — ЖАРАТЫЛЫСТАНУ бірлестігі.
ІІІ орын — ЭСТЕТИКА бірлестігі.
«Үздік ойыншы» номинациясымен:
Ақатаев Совет Әлімханұлы.
Ермағамбет Бауыржан Ғалымжанұлы.
Талғат Әміре.
Жандыкбаева Жансая Тургынбаевна.
Алменов Медет Полатұлы.
Слямжанова Раушан Маратқызы.
Новороцкий Аркадий Аркадьевич.
Құттықтаймыз!!!
? “Жасанды интеллекттің интерактивті тапсырмалар жасау мүмкіндіктері” тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті бірлестігі семинар өткізді! ?✨
“Жасанды интеллекттің интерактивті тапсырмалар жасау мүмкіндіктері” тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті бірлестігі семинар өткізді!
Бүгінгі семинарда мұғалімдер жасанды интеллекттің білім беру саласындағы жаңа мүмкіндіктерімен танысты. Интерактивті тапсырмалар жасау, оқушылардың қызығушылығын арттыру және сабақтарды заманауи құралдармен түрлендіру жолдары талқыланды.
AI көмегімен тиімді оқыту – болашақтың кілті!
Семинардан алған әсерлеріңізбен бөлісіңіз!
Ою-өрнек сыр шертеді. Шебер сынып.
Ою-өрнек сыр шертеді. Шебер сынып.
Өткізген: Ахметжанов М.М.
Ғайнетден Қ.М.
?Жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Қысқа мерзімді жоспар жасаудың тиімді жолдары» тақырыбында шебер сынып өткізілді. Тәлімгер ұстаздар: Аренова Әсел Тулеухановна, Шаманова Гулим Акайдаровна.
Жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Қысқа мерзімді жоспар жасаудың тиімді жолдары» тақырыбында шебер сынып өткізілді.
1. Әдістелік бірлестіктерінің I жартылжылдықта атқарған жұмыстарының есебі.SWOT талдау
2.Авторлык жұмыстарды сараптамалық кеңеске ұсыну
3. «Тапсырма түрлері» тақыбына коучинг.
«Ерекше білім қажеттілігі бар балаларды оқытқанда нені ескеру қажет?» тақырыбында коучинг
Бүгін мектеп директоры Омарханов Ернұр Аханұлы «Ерекше білім қажеттілігі бар балаларды оқытқанда нені ескеру қажет?» тақырыбында коучинг өткізді.
Ұстаздар теориялық білімдерін практикамен ұштастырды. Ойларын ортаға салып,пікір алмасты.
«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен-тарихтағы ең үлкен істің бірі». Дөңгелек үстел.
«Адамгершілік құндылық — асыл қазына» тақырыбында тәрбие мақсатына арналған коучинг өткізілді.
Бүгін мектебімізде «Адамгершілік құндылық — асыл қазына» тақырыбында тәрбие мақсатына арналған коучинг өткізілді.
Адамгершілік — адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. «Кісілік», «ізгілік», «имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес.
Адамгершілік — адамшылық, каталдықпен салыстырғанда жаксылық тілеу қарым-қатынастары.
Адамгершілік – бұл рухани тәрбие.
Адамгершiлiк қасиеттерi отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр-бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын өмiрмен байланыстыру арқылы қалыптасады.
Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты ата-бабаларымыздың руханиятымен тәрбиелесек – қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет, кішіге қамқор бола білетін жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылатыны сөзсіз.
«Өзіндік рефлексия — мұғалімнің білім сапасын арттырудағы маңызды кәсіби шеберлігінің негізі» тақырыбындағы кезекті әдістемелік отырыс.
«Өзіндік рефлексия — мұғалімнің білім сапасын арттырудағы маңызды кәсіби шеберлігінің негізі» тақырыбындағы кезекті әдістемелік отырыс.
Ағылшын тілі пәні мектепте білім, тәрбие берумен қатар, жасөспірімдердің жеке бас қасиеттерін тұлға ретінде жетілдіруге қоғамдағы өз орнын табуға ерекше ықпал етеді.
Ағылшын тілі оқыту кезінде кез келген әдістемені қолдану әр түрлі шарттарға байланысты болып келеді.Ең басты шарты SMART мақсат қою.
Ағылшын тілі бірлестігі күнделікті сабақта қолданып жүрген әдіс-тәсілдерін мектеп мұғалімдерімен бөлісті.
«Жасөспірімді қалай түсінуге және қабылдауға болады?» жас мұғалімдерге арналған семинар өтті.
Жасөспірімдермен тиімді қарым-қатынас құру және коммуникативті дағдыларын дамытуды нығайту мақсатында «Жасөспірімді қалай түсінуге және қабылдауға болады?» жас мұғалімдерге арналған семинар өтті.
Іс-шара барысында жас мамандарға психологиялық ахуалды жақсарту үшін әр-түрлі тренинг-жаттығулар жүргізілді.
Қатысушылар топтық жұмыс арқылы жасөспірімдердің негізгі мәселелерін анықтау және мәселеден шығу жолдарын қарастырды.
Белсенді әдіс-тәсілдер (Жас мамандар)
Жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында тәлімгер ұстаз Нұргүл Есенкелдіқызының ұйымдастыруымен оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері туралы коучинг-сессиясы өтті.
Коучинг барысында Блум таксономиясының танымдық деңгейлеріне сұрақтар мен тапсырмалар жасалды.
“Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер” жәрмеңкесі өтті.
Бастауыш білім — үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс.
Бастауыш мектеп балаға білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, сөйлету, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастырып, талдау жасауға үйретіп, сөйлеу мәдениетін қалыптастырады.
Біздің міндетіміз — оқушыларға білім беруде жаңа технологиялармен бірге жаңаша оқыту әдістерін тиімді қолдану, білім сапасын жан-жақты дамыту.
Осыған байланысты бүгін мектебімізде “Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер” жәрмеңкесі өтті.
Бастауыш сынып мұғалімдері өздерінің күнделікті сабақта қолданып жүрген жаңа әдіс-тәсілдерін мектеп мұғалімдерімен бөлісті.
Оқу мақсатынан сабақ мақсатына шығу жолдары (Жас мамандар)
Жоспарға сәйкес қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі, тәлімгер Сағиева Гульайм Құмарбекқызының ұйымдастыруымен жас ұстаздарға арналған “Оқу мақсатынан сабақ мақсатына шығу жолдары” атты коучинг өткізілді.
Коучинг барысында жас ұстаздар теориялық, практикалық жұмыстар жасап, оқу қоржындары тағы бір қажетті мәліметтерге толығып қайтты.