?Әзербайджан мемлекетінің Баку қаласында өткен «BAKU ART FEST 2025» сайысында өнер көрсеткен 8 «В» сынып оқушысы Мұхамеджан Мансұр ГРАН ПРИГЕ ие болып, Дубайға жолдама алды.
Армения астанасы Ереван қаласында өткен халықаралық жарыста А.И. өнер академиясының тәрбиеленушісі, мектебіміздің 6 «А» сынып оқушысы Құнанбай Абылайхан вокал номинациясы бойынша І орынға ие болды.
Халықаралық «Бала шабыты» конкурсы
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!


«Бала медиа» конкурсынан эстрадалық вокал жанры бойынша 6 «В» сынып оқушысы Мұхамеджан Мансұр ГРАН ПРИ жеңіп алды.
- 184
Сондай-ақ оқушымыз «Балапан» телеарнасына сұхбат беріп, өз жетістіктерімен бөлісті.
Мансұрға өнерің өрге жүзсін, тек биіктерден көріне беруіне тілек білдіреміз.

Балаларға арналған OPEN FEST «BALA MEDIA» фестивалі
- 1
Балаларға арналған OPEN FEST «BALA MEDIA» фестиваліне мектебіміздің «Шабыт» ансамблі «Күй шашу» попурри күйін орындап (жетекшілері Б.Ш. Шампетов, С.Г. Байтайлякова), ГРАН ПРИГЕ ие болды.
Сондай-ақ ұйымдастырушылар «Шабыт» ансамбліне 30 000 теңгенің сертификатын табыстаса, жетекшісі Шампетов Бақыт Шөкібайұлын АЛҒЫС ХАТПЕН марапаттады.
Өнерлі оқушыларымыздың жеңісті күндері көп болсын!


ХХІ қалалық «Күй қайнары» атты күй тартыс байқауында өнер көрсеткені үшін
Балалар музыка мектептері, балалар өнер мектептері мен жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы ХХІ қалалық «Күй қайнары» атты күй тартыс байқауында өнер көрсеткені үшін 8 «Д» сынып оқушысы Сағатова Жанайым ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетекшісі Шампетов Бақыт Шөкібайұлы.
Жанайымға арманың асқақ, болашағың жарқын болсын деп тілек білдіреміз.

Біртұтас тәрбие бағдарламасы» «Өнер мен құндылықтар» жобасы аясында жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы қалалық «Күмбірлеген домбыра үні» өнер байқауы
Жетекшісі Шампетов Бақыт Шөкібайұлы.
Жетістігіміз құтты болсын!

«Бейбітшілік пен мейірімділіктің 7 нотасы» эстрадалық ән байқауында мектебіміздің 6 «В» сынып оқушысы Мұхамеджан Мансұр Бас жүлдеге ие болды
Өскелең ұрпақты көркемдік және эстетикалық талғамға тәрбиелеу, шығармашылықтарын жандандыру мақсатында қалалық «Бейбітшілік пен мейірімділіктің 7 нотасы» эстрадалық ән байқауында мектебіміздің 6 «В» сынып оқушысы Мұхамеджан Мансұр Бас жүлдеге ие болды. Жетекшісі Берікбол Алтайұлы.
61 мектеп-лицей өнер жетістіктері
Көңілдің асыл пернесі…
«Көңілдің асыл пернесі…» ІІІ халықаралық шығармашылық байқауының (Грузия, Татарстан, Россия, Украина, Қазақстан мемлекеттері арасында өткізілген) «Бабамнан қалған кең дала» номинациясында ІІІ орын иеленген 10 «Б» сынып оқушысы, мектебіміздің «Өзін-өзі басқару» ұйымының президенті Ермекова Гульназ МАДАҚТАМАМЕН марапатталды.
Жетекшісі музыка пән мұғалімі Алтай Берікбол.
Бүгінгі марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!


