«Көңілді үзіліс» аясында 2«А» сынып оқушылары арасында ұлттық ойын «Қол күрес» ұйымдастырылды.
«Көңілді үзіліс» аясында 2«А» сынып оқушылары арасында ұлттық ойын «Қол күрес» ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушылардың дене шынықтыру белсенділігін арттыру,күш-қуатын дамыта отырып,ұлттық ойындарға деген қызығушылығын ояту, қазақ халқының дәстүрлі ойындарымен таныстыру. Мұғалім ойынның қарапайым ережелерін түсіндіріп, әділ түрде жарыс жүргізді.
Балалар қызығушылықпен қатысып, бір-бірін қолдап, ынталандырып отырды. Қол күрес ойыны оқушылардың күшін, шыдамдылығын байқатып, бәсекелестік пен достық сезімдерін нығайтты.
Үзіліс балалар үшін көңілді әрі белсенді өтті. Жеңімпаздар мадақталып, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.
25 Қазан – Республика күні құтты болсын!
25 Қазан – Республика күні құтты болсын! 
Бұл күн – еліміздің егемендігін, тәуелсіздік жолындағы ерлік пен елдіктің символын айқындайтын маңызды мереке.
Баршаңызға береке-бірлік, ырыс пен ынтымақ, бейбіт өмір тілейміз!
Қазақстанымыздың көк байрағы желбіреп, ұрпағымыздың болашағы жарқын болсын!
Мерекелеріңізбен, қадірлі отандастар! 

4 «А» сыныбы.
25 қазан – Республика күніне орай мектебімізде «Еліміздің ертеңі – біз!» атты мерекелік концерт өтті. ??✨
25 қазан – Республика күніне орай мектебімізде «Еліміздің ертеңі – біз!» атты мерекелік концерт өтті. 

Мерекелік шараның мақсаты – оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру, ел тарихына, Тәуелсіздікке құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Концерт барысында оқушылар әсерлі әндер шырқап, патриоттық тақырыптағы өлеңдер оқып, би билеп, сахналық қойылымдар көрсетті. Шараға ұстаздар мен ардагер ұстаздарымыз да қатысып, ерекше әсер алды.
Бұл концерт оқушылардың бойындағы елге деген мақтаныш пен жауапкершілік сезімін нығайтып, мерекелік көңіл күй сыйлады! 




«БП Республика күні- ұлттық бірлік пен жаңғырудың басты нышанына айналуы керек деп есептейді..» тақырыбында 8-9 сынып оқушылары пікірсайысып , өз ойларын ортаға салды.
1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл құжат елдің тәуелсіздігіне жасалған алғашқы және іргелі қадам болды. Қазақстанның саяси-құқықтық негізін қалады, елдің өзін-өзі басқару құқығын және табиғи ресурстарға иелік етуін бекітті. Бұл ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтірудің бастауы.
2009 жылы мерекелік күндер тізімінен алынып тасталған болатын, бірақ 2022 жылы бұл мерекеге Ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды. Бұл шешімнің өзі – тарихи әділеттілік пен ұлттық жаңғыруға деген ұмтылыстың белгісі.
Олай болса, «БП Республика күні- ұлттық бірлік пен жаңғырудың басты нышанына айналуы керек деп есептейді..» тақырыбында 8-9 сынып оқушылары пікірсайысып , өз ойларын ортаға салды.
Білім Парк шығармашылық орталығының ашық есік күніне байланысты 6- сынып оқушылары шебер-сынып өткізіп, өздеріннің шығармашылық техникаларымен бөлісті
Білім Парк шығармашылық орталығының ашық есік күніне байланысты 6- сынып оқушылары шебер-сынып өткізіп, өздеріннің шығармашылық техникаларымен бөлісті

? Алтын күз – 2025! ?
Бүгін 8-сыныптар арасында дәстүрлі “Алтын күз” байқауы өтті!
Сайыс 3 кезеңнен тұрды:
Қорытынды нәтижесінде:
Бас жүлде — 8 «В» сыныбы.
І орын — 8 «Ғ» сыныбы.
ІІ орын — 8 «Г» сыныбы.
ІІІ орын — 8 «Д» сыныбы.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! 

?«БАЛА ТОЛАҒАЙ» ҚАЛАЛЫҚ ЖАРЫСЫ
Бүгін МЕКТЕБІМІЗДЕ «Бала толағай» қалалық жарысы өтті. Жарысқа бүгінгі іс-шараға демеуші болған кәсіпкер Ордабаев Ерлан Нұржанұлы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Тіл саясаты комитетінің өкілі Рақымжанов Қайыржан Алдашұлы, ҚР «Толағай» ұлттық спорттық федерациясының жетекшісі Тимур Спатаев Дәулетбақұлы, Астана қаласы бойынша «Бала Толағай» федерациясының президенті, Республикалық Әкелер одағы қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Бекдайыр Күзембай, Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы» МКҚК басшысы Сыздыков Ғинаят Хамитович, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Даримбетов Жанболат Нагиметович қатысты.
Өткізілетін жарыс алаңында көңіл-күй көтеру мақсатында спорттық ұлттық қазақ әндері мен мектебіміздің «Шабыт» оркестрінің «Сарыарқа», «Адай», «Попурри», т.б. күйлері тамылжыта орындалып, академик Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп мұражайы таныстырылды.
«Бала Толағай» қалалық жарысының өткізілуі мектеп ауласындағы спорт алаңының ашылуына сәйкес келгендіктен, кәсіпкер демеуші Е.Н.Ордабаев, ҚР Толағай ұлттық спорт федерациясының жетекшісі Т.Д. Спатаев, Астана қаласы бойынша «Бала Толағай» федерациясының президенті, Республикалық Әкелер одағы қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Б. Күзембай және Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицей директоры Е.А. Омарханов спорт алаңының қызыл лентасын қию салтанатты рәсімін жасап, құттықтау сөз сөйледі.
ҚР мемлекеттік Туын «Жас Айбын» тәрбиеленушілер взводының Ту командасы жарыс өткізілетін салтанатты жиынға алып келіп, мемлекеттік Гимн орындалды.
Сонымен қатар, бүгінгі іс-шараға келген қонақтарымыз ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің басқарма басшысы Қ.А. Рақымжанов, Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының» МКҚК басшысы Ғ.Х. Сыздыков, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығының» МКҚК әдіскері Ж.Н. Даримбетов та жылы лебіздерін білдіріп, құттықтау сөз сөйледі.
Жарыс найзаны оң немесе сол қолмен нысанаға лақтыру; 6 кг қапты көтеріп, қашықтыққа жүгіру; 10 кг серкені иыққа салып отырып тұру; ләңгіні уақытқа тебу; командамен арқан тартысу сияқты 5 бөлім түрлерінен өтті.
Жеңімпаз командалар:
І орын – Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицей командасы. Жетекшісі Жұмағалиев Мейрамбек Бауыржанұлы.
ІІ орын- Қошке Кемеңгерұлы атындағы №49 мектеп-гимназия командасы. Жетекшісі Еркетаев Ерлан Болатович.
ІІІ орын — Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицей командасы. Жетекшісі Кабланбеков Нуршайык Сапаралиевич.
Сонымен қатар, номинацияға ие болған оқушылар да болды.
-«Серке көтеру» сайысы бойынша «Күш атасы» номинациясымен №49 мектеп-гимназия оқушысы Мирамхан Дінмұхамед;
«Найзаны нысанға лақтыру» сайысы бойынша «Мерген» номинациясымен №60 мектеп-лицей оқушысы Шынтемір Батыр;
-«Ләңгіні уақытқа тебу» сайысы бойынша № 48 мектеп-лицей оқушысы Серікбай Айдын.
Жарыс соңында мектеп оқушыларының орындауындағы патриоттық рухты көтеретін әндер орындалып, жеңімпаз командалар Астана қаласы Әдістемелік орталық пен «Өркен» дене тәрбиесі орталығының кубок, медаль, диплом және грамотасымен марапатталып, демеуші Ерлан Нұржанұлының сыйлықтары балаларға табысталды.
Бүгінгі жарыс – жас толағайлардың күшін ғана емес, олардың шыдамдылығын, ептілігін, намысын сынаған, рух пен бірліктің жарысы болды.
Барлық қатысушы мектептерге алғысымызды айта отырып, қазақтың ұлттық спорт жарысының жеңімпаздары көбейе берсін демекпіз!
«Білімім — Отаныма» атты сынып сағаты.
«Білімім — Отаныма» атты сынып сағаты.




Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығана орай, 5 «А» сыныбы «Абай әлеміне саяхат» атты танымдық сағатын өткізді.
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығана орай, 5 «А» сыныбы «Абай әлеміне саяхат» атты танымдық сағатын өткізді.
Оқушылар Абай атамыздың нақыл сөзерін, өлеңдерін, әндерін, күйлерімен танысып, ұлы ақынның шығармашылығына деген құрметін көрсетті.
Ұлт ойындары – ұрпаққа аманат! ✨ Бала шақтан баба дәстүрін бойға сіңіріп, қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, рухымызды жаңғыртып жатырмыз.
Ұлт ойындары – ұрпаққа аманат!
Бала шақтан баба дәстүрін бойға сіңіріп, қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, рухымызды жаңғыртып жатырмыз.
“Қаныш және ғылыми майдан” оқырман конференциясы
“Қаныш және ғылыми майдан” оқырман конференциясы
Бүгін мектебімізде ерекше форматта өткен “Қаныш және ғылыми майдан” атты оқырман конференциясы өз мәресіне жетті. Шара барысында 9-сынып оқушылары Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен ғылымдағы орасан зор еңбегі туралы ой қозғап, тың мәліметтермен бөлісті.
⠀
Оқушылар өз баяндамаларында Қаныш Имантайұлының ғылымға қосқан үлесін, соғыс жылдарындағы қажырлы еңбегін талдап, ұлы тұлғаның өнегелі жолын тереңінен танытты.
⠀
Бұл конференция жас буынның ғылымға деген қызығушылығын арттырып, ұлттық мақтаныштарымызды ұлықтауға үлкен үлес қосты.




2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні!
2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні!
Кітап – баланың ойыны мен қиялына шексіз әлем ашады.
Бүгінгі мереке балаларымызға оқу, шығармашылық және жаңа әлемдерді тануға шабыт берсін. Кітап оқудың қуанышын бөлісейік, оқуға қызығушылықты арттырайық!
20 наурыз – Ұлттық спорт күні
20 наурыз – Ұлттық спорт күні
Наурызнама онкүндігі бойынша 20 наурыз «Ұлттық спорт» күні болып белгіленген.
Ұлттық спорт түрлері мәдени мұраны сақтауға, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін күшейтуге ықпал етеді.
Дәстүрлі спорт түрлері өмір сүру салты ар-намыс, батылдық, ептілік, күш-қайрат және жылдамдық сияқты қасиеттерді бейнелейді.
Показать перевод



Наурыз мерекесіне арналған «Күй күмбірі» республикалық ?домбырашылар челленджі.
Наурыз мерекесіне арналған «Күй күмбірі» республикалық
домбырашылар челленджі.
Мақсаты: білім алушылардың эстетикалық және патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, балалардың домбырада орындау шеберлігін насихаттау, музыка ойнаудың ұжымдық нысандарын дамыту және жетілдіру.





22 Наурыз — Наурыз мейрамы!
22 Наурыз — Наурыз мейрамы!
Жаңа жылды, Наурыздың 22 – сін халық Ұлыстың Ұлы күні деп ұлағаттаған. Ұлыс күні қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске үлкен мән берген, қар немесе жаңбыр жауса, «нұр жауды», «туар жыл нұрлы болады», «Наурыздың ақша қарындай» деп әсем теңеулер айтып, «ағынан жарыла қуанса, мал төлдесе бір тал көк шөп артық шығады» — деп ырымдаған, нәресте дүниеге келсе, ұлағаттап есімін ерекше қойған.
Показать перевод




Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке халқымыздың мәдениеті мен ізгі дәстүрлерінің ұлылығын айшықтайды. Бұл табиғат қана емес, адамзаттың өзі де сергіп, жаңаратын тамаша уақыт.
Наурыз әрбір шаңыраққа бейбітшілік, тыныштық және ынтымақ сыйласын!
І/т: 5 «А», 5 «В», 6 «Г», 7 «В» сыныптары.
⚜️Наурыз – жаңару мен жақсылықтың бастауы! Бүгін мектебімізде бастауыш сынып оқушылары Ұлыстың ұлы күнін ерекше сән-салтанатпен атап өтті.
Балалар ұлттық киім киіп, қазақтың әдет-ғұрыптарын көрсетіп, ән айтып, би билеп, түрлі ұлттық ойындар ойнады.
Әр бала Наурыздың шапағатын сезініп, бұл мерекенің мәні мен маңызын ұғынды. Осындай шаралар арқылы ата-бабамыздан қалған асыл мұраны дәріптеп, ұлттық құндылықтарымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткіземіз.
Наурыз құтты болсын! Әр шаңыраққа ырыс пен береке әкелсін!
Бесікке салу, ат қою, тұсаукесер, тілашар, наурыз бата, сүйінші сұрау, көрісу осындай салт-дәстүрлер бойынша 6-сынып және 10 «А», 11 «В» сынып оқушылары сахналап, көрініс көрсетті.
«Ата салтың — Алтын қазынаң».
Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел.
Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы.
Қазақ халқы ата-бабаларынан қалған салт-дәстүрлерді қастерлейді.
Бесікке салу, ат қою, тұсаукесер, тілашар, наурыз бата, сүйінші сұрау, көрісу осындай салт-дәстүрлер бойынша 6-сынып және 10 «А», 11 «В» сынып оқушылары сахналап, көрініс көрсетті.




?Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицейінде «Мектепте инклюзивті орта қалыптастырудың маңызы» тақырыбындағы қалалық семинар — практикум
2025 жылдың 20 ақпан күні Астана қаласының «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес № 61 мектеп- лицейінде ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды сүйемелдеуде Білім беру ұйымдарының ЕББҚ бар оқушылармен жұмыс жасайтын пән мұғалімдері мен арнайы мамандарына және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған семинар өтті.
№61 мектеп – лицейі келген қонақтарды «Шабыт» оркестрінің сүйемелдеуімен «Сарыарқа», «Балбырауын», «Жұмыр қылыш» күйлерімен қарсы алып Қаныш Сәтбаев атындағы мұражаймен таныстырды.
Семинарда педагогтер ашық сабақтар көрсетіп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс жасаудағы педагогикалық іс- тәжірибелерімен бөлісіп, психологиялық тренинг, практикалық жұмыстар жүргізді.
Атап айтсақ, білім беру ұйымдарындағы оқу үрдісіндегі пән мұғалімдердің ашық сабақтары арнайы мамандардың КПИО педагогикалық-психологиялық қызмет көрсету орталығында «ArtikMe» смарт айна (ақылды айна), инклюзивті білім беруде оқушыларға Нейро жаттығудың пайдасы, саз балшықпен жұмыс, психологтардың бөліскен іс-тәжірибелері оң нәтиже көрсетті.
Жалпы семинар инклюзивті орта қалыптастырудағы әкімшілік, ата-ананың, педагогтің, арнайы мамандардың рөлдері бойынша төрт бөліммен жоспарланған.
Жоспарланған жұмыстар теориямен басталып практикамен ұштасып, өз мақсатына жетті.
Семинарға жиыны 111 мұғалім қатысты. Семинар жоғары деңгейде өтті.
Рефлексия барысында семинарға қатысушылар ойларымен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді.
Астана қаласы Қаныш Сәтбаев мектеп-лицейінің дебат жетекшісі Рахыметова Айша Қасқырбайқызының ұйымдастыруымен қаламыздағы 7 мектеп арасында (№61 мектеп-лицей, Қадыр Мырза Әлі атындағы Binom School, №4 мектеп-гимназия, №101 мектеп, №54 мектеп-лицей, №35 ме
?☃️ Келе жатқан Жаңа жыл қарсаңында 4 «Б» сынып оқушылары «Тайна Санта» ойынын ойнап, сыйлықтар ұсынып, бір-бірін құттықтады.
Бүгін барлық ғылымның анасы біздің болашағымыздың негізі- әліппемен қоштасу мерекесі.
3-сынып оқушылары арасында «Жаратылыстану ғажайыптары» интеллектуалдық сайысы өтті.
Жаңа жылдың қарсаңында баршамызға жылы сөздер мен ізгі тілектер сыйлайтын ерекше шара – «Жаңа жылдық үздік тілек» байқауы
«Әдептілік — адамгершілік бастауы». 9 «А» сыныбы.
«Әдеп» күні. 7 «Г», 9 «Б» сыныптары.
Мектебімізде дене шынықтыру мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында «Көңілді спорт» атты эстафеталық жарыс өтті.
?? 25 қазан – Қазақстан Республикасының күні!
- 176
??25 қазан — Республика күніне арналған «Спорт, денсаулық, дене шынықтыру-бұл ең үздік мәдениет!» акциясы аясында 8-сынып оқушылары арасында ұлттық ойын — арқан тартыс дене шынықтыру мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өтті. Мақсаты: балалар мен жасөспірімдерд
25 қазан — Республика күніне арналған «Спорт, денсаулық, дене шынықтыру-бұл ең үздік мәдениет!» акциясы аясында 7-сынып оқушылары арасында дене шынықтыру мұғалімдерінің ұйымдастыруымен футболдан жарыс өтті.
«Әнұран айту» челленджі.
«Менің Отаным — Қазақстан!» мәнерлеп оқу. 3 «В» сынып оқушылары.
25 қазан- Республика күні құтты болсын! 6 «А» сыныбы.
25 қазан- Республика күні құтты болсын! 6 «А» сыныбы.
Бүгін мектебімізде 8-9 сыныптар арасында «Сыбдыры сұлу, Алтын күз-2024» сайысы өтті. Қорытынды нәтижесінде:
- 247
Бүгін мектебімізде 8-9 сыныптар арасында «Сыбдыры сұлу, Алтын күз-2024» сайысы өтті. Қорытынды нәтижесінде:
БАС ЖҮЛДЕ-9 «Г» сыныбы.
I орын-9 «Б» сыныбы.
II орын-8 «Ғ» сыныбы, 8 «Ә» сыныбы.
III орын-9 «Д» сыныбы, 8 «Г» сыныбы иеленді.
Құттықтаймыз!!!!







«Менің Қазақстаным» сурет көрмесі.
- 280
7 «А, Ә» сынып оқушылары бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында ҚР Қарулы күштерінің Әскери — Тарихи мұражайына барып қайтты.
- 230
Бүгін 7 «А, Ә» сынып оқушылары бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында ҚР Қарулы күштерінің Әскери — Тарихи мұражайына барып қайтты.
Әскери-тарихи мұражай ғимараттың құрылымдық және сәулеттік келбетін өз экспозицияларымен толықтыратын бірегей залдармен ерекшеленеді.
Мұражайда сізді: ҚР Қарулы Күштерінің залы, Мерзімді көрмелер залы, XIX ғасыр “ежелгі” залы, XX ғасыр әскери тарихы залы, XX – XXI ғасыр қару-жарақ залы, Бейнелеу өнері залы, сондай-ақ “Қазақстан әскери ісінің тарихы”атриумы қарсы алады.


??Мектепшілік «Үздік жас маман -2024»байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты:
-жас педагог кәсібінің мәртебесін арттыру;
— білім беру үдерісіндегі педагогикалық идеяларды насихаттау;
— кәсіби шеберлігі мен функционалдық сауаттылығы жоғары, өзіндік жаңашыл идеясы бар жас маманды анықтау;
-шығармашылықпен жұмыс атқаратын жас ұстаз бен тәлімгерлеріне қолдау көрсету.
-жас маманның үздік тәжірибесін тарату.
«Үздік жас маман — 2024» байқауы екі кезеңмен өтті.
І кезең «Үздік ашық сабақ» сайысы.
ІІ кезең «Таланттар тандемі: ұстаз- тәлімгер дуэті» сайысы .
Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау үшін 3 адамнан тұратын қазылар алқасы құрылды. Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың берілген тапсырмалары мен бағалау өлшемдеріне сәйкес бағалап отырды. Байқаудың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын анықтады.
Бас жүлде, 1, 2, 3- орындар мен номинациялардың иегерлерін марапаттады.


2024 жылдың 16 сәуірінде Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицей базасында Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Қаныш Сәтбаевтың геология мен Қазақстан ғылымының қалыптасуына қосқан үлесі» тақырыбында эссе
Байқау қорытындысы бойынша:
І орын Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Азаматқызы Жаннұр;
ІІ орын Нәзір Төреқұлов атындағы № 35 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Кинаят Дархан;
Сәкен Сейфуллин атындағы № 80 мектеп – гимназиясының 10-сынып оқушысы Рамазанова Нұрайлы.
ІІІ орын № 60 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Рымбай Нұрай;
№ 36 орта мектептің 10-сынып оқушысы Уткеева Камила
Ілияс Жансүгіров атындағы № 58 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Сатыбалдиева Анеля.
Сонымен қатар жүлделі орын алған оқушылар Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімдігінің Алғыс хатымен және сыйлықтарымен марапатталды.
«Үздік ашық сабақ» конкурсы
Комиссия құрамының шешімімен
Құттықтаймыз! Білімді де, білікті ұстаздарымыз көп болсын!

Әдістемелік күн.
Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелі орталык әдіскерлері мектебімізде біліктілік санатын көтеретін ұстаздардың сабактарына қатысып,әдістемелік көмек көрсетті.


Қауіпсіздік тақырыбындағы сынып сағаты.
Қауіпсіздік тақырыбындағы сынып сағаты.


✅Президентке, еліне, рәміздерге құрмет тақырыбына арналған сынып сағаты. 6 «А» сыныбы. ✅Қаныш Сәтбаевтің 125 жылдығына арналған сынып сағаты. 7 «А» сыныбы.
- 237
https://www.facebook.com/100043153909517/videos/1507277580131208/
Сынып сағаттары


5-сәуір күні мектеп кітапханасында Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арнаған, қазақтың тұңғыш академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтің 125 жыл толуына байланысты «Қазақтың тұңғыш академигі» атты танымдық сағат.
- 282
5-сәуір күні мектеп кітапханасында Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арнаған, қазақтың тұңғыш академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтің 125 жыл толуына байланысты «Қазақтың тұңғыш академигі» атты танымдық сағат 7 «Ә» сынып оқушыларымен өтті.
Мақсаты: оқушыларға өз ұлтының мақтанышы Қ.И. Сәтбаев туралы таныстыру. Білімділікті, еңбекқорлықты, тарихты қастерлей білуге тәрбиелеу.
Оқушылар қазақтан шыққан тұңғыш академик Қ.И. Сәтбаевтің өмірбаянымен, ғылыми еңбектерімен, қоғамдық жұмысымен танысты. Ғалымның құрметіне арналған іс-шараға қатысқан оқушылар айтылған әңгімелерді ұйып тыңдап, үлкен әсер алды.
Мектепалды даярлық тобының кітапханаға саяхаты. (2)
?2 cәуір — Халықаралық балалар кітабы күні
22 наурыз — Ұлыстың ұлы күні. «Наурыз — жыл басы» сынып сағаты. Мектепалды даярлық топтары.


«Наурыз — Думан» қабырға газеттері.


- 289
Бүгін мектеп кітапханасында наурыз күніне арналған «Наурыз — думан» атты кеш 6 «Ә» сынып оқушыларымен өтті.
Мақсаты: оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлауы туралы мағлұмат беру, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Барысы:
1. Наурыз думан.
2. Дүниежүзі халықтарының мерекесін тойлау дәстүрі.
3. «Сен салт-дәстүрді білесің бе?» жасырын сұрақ ойын.
4. Ата салтың қазынаң. Ән: «Қазақы дастарханым».
5. Наурыз бата.
Мерекелік кешке белсене қатысып, өз өнерлерімен бөлісті.


