Бүгін: 08.02.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Омарханов Ернұр Аханұлы

Мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті және

педагогика және психолгия магистрі

Педагогикалық өтілі: 29 жыл.

Біліктілігі: педагог-шебер.

«Болашақ» халықаралық степендиясының иегері, «Гумбольдт» университеті, Германия, Берлин қаласы, 2016ж.

 

Марапаттары:

«Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері. 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Құрмет грамотасы» 2017 жыл, 2022 жыл

Нұр-Сұлтан қаласының «Үздік педагог-2019» байқауының І орын жүлдегері.

Республикалық «Үздік педагог-2019» байқауының жеңімпазы.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің «Алғыс хаты» 2020 ж.

Астана қаласы, Білім басқармасының «Құрмет грамотасы»,2013ж., 2010ж., 2021 ж.

Оқушылары Республикалық ғылыми жобалар сайысында 1, 3-орын жүлдегерлері.

Алғыс хаттар: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Алғыс хаты», Ұлттық Біріңғай тест орталағының «Алғыс хаты», Республикалық «Дарын» орталығының  Алғыс хаты, Астана  қаласы Білім басқармасының «Алғыс хаттары» мен «Құрмет грамоталары»

 

Курстары:

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы, «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы», І деңгей, қыркүйек-желтоқсан, 2016 ж.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ және Кембридж университеті тенерлерінің қатысуымен авторларға арналған курс, мамыр-тамыз, 2016ж.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы Кембридждің Халықаралық емтихан кеңесі және Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің қазақ тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша 160 академиялық сағат көлеміндегі тренерлерді оқыту курсы, наурыз, 2015ж.

«Еуропалық білім беру жүйесін дамытудың  заманауи бағыттары» тақырыбы бойынша  біліктілігін арттыру курсы,  Польша, желтоқсан, 2014ж.

«Жан басына қаржыландыруға өту жағдайындағы инновациялық менеджмент» курсы. Алматы - 2022 ж.

«Мектепті басқарудағы инновациялық менеджмент» орта білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курсы. Астана - 2022 ж.

«Мектептерді тиімді басқарудың Сингапурлық тәжірибесі» курсы.

Сингапур - 2023 ж.

 

Баспасөз басылымдары және республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары:

 

  1. «Алаш тағылымы және Тәуелсіздік» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда «Білім мазмұнындағы ұлттық құндылықтардың бала тәрбиесіндегі рөлі», Астана, 2016 ж.
  2. Республикалық «Білім-Образование» журналына «Жалпы білім беретін мектептердің 9-11-сыныптарына арналған «Абайтану» бағдарламасындағы Абайды тану мәселелері» тақырыбында мақала, 2015ж.
  3. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің базасында өткен  «Қазақ мемлекеттілігі: кеше, бүгін, ертең» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясында «Қазақ хандығының тарихы – жыраулар поэзиясында» тақырыбында мақала, 2015ж.
  4. Республикалық «Білім-Образование» журналына «Көптілділік мәселесі» тақырыбында мақала, 2015ж.
  5. Қарағанды қаласында «Болашақ» Қарағанды университетінің базасында өткен «Қазіргі әлемдегі ғылым мен білім»  атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында «Көптілді білім беру – көпмәдениетті тұлға қалыптастырудың өзегі» тақырыбында мақала,2015ж.
  6. Астана қаласы,  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының базасында өткен «Білім беру инновациялары: ізденістер мен шешімдер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында «Этнопедагогикалық құндылықтар негізінде тұлға қалыптастыру» тақырыбында мақала, 2014ж.
  7. Торғай қаласында өткен республикалық «Ы.Алтынсарин тұңғыш қазақ педагогы» атты ғылыми-практикалық конференциясында «Білім сапасын арттыру – еліміздің адами капиталын дамытудың маңызды факторы» тақырыбында мақала, 2014ж.
  8. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің базасында өткен «Уәлиханов оқулары-17»  атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында «Этномәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастырудың педагогикалық негіздері» тақырыбында мақала, 2013ж.
  9. Еуразия Ұлттық университетінің ұйымдастыруымен өткен  «Қазақстан білім және педагогика ғылымының тарихы: Трансформация және инновация» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында  «Қазақ этнопедагогикасындағы отбасы тәрбиесі» тақырыбында мақала, 2013ж.
  10. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында өткен «Қазақстан-2050: мемлекеттік тілді дамыту және көптілділік» атты ғылыми-практикалық конференциясында «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарының басын біріктіруші фактор» тақырыбында мақала, 2013ж.
  11. Республикалық «Білім-Образование» журналына «Қазақ тілі сабағында ауыз әдебиеті үлгілерін қолдану» тақырыбында мақала, 2012ж.
  12. «Тәрбие құралы» республикалық ғылыми-педагогикалық журналына С.Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы» поэмасынан ашық сабақ үлгісі.
  13. «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясында М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Құнанбай бейнесін оқыту тақырыбында мақала.
  14. «Абайтану» пәнінің мектепте оқытылуы тақырыбындағы республикалық радиоконференция.
  15. «Тағылымына терең бойласақ» «Астана ақшамы» газеті, 2013ж.
  16. «Көрсеткіш көңілден шықты» // Егеменді Қазақстан
  17. «Аққудың айырылуы» // Қазақстан мектебі
  18. «Мұсылманда атақты» // Семей таңы газеті
  19. «Бас кетсе де тартынба» // Семей таңы газеті
  20. «Баршамыз қолдаймыз» // Семей таңы газеті
  21. «Дебат-37» игі ізденістің жемісі // Семей таңы газеті
  22. «Мен –қазақпын» // Ұстаз газеті
  23. «Астанада Қаныш Сәтбаевқа көше атауы қашан беріледі» «Қазақ үні» газеті
  24. «Ұлытау сұхбатынан туған ой» Ұлт порталы сайты
  25. «Ұстаз шеберлігі: ізденіс пен тәжірибе» әдістемелік жинақ
  26. «Инновациялық технологияларды қолдану әдістері»  халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы.
  27. «Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың көкейкесті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда «Әдебиет сабағында инновациялық әдістерді қолдану» тақырыбында мақала.

 

 Оқу бағдарламалары, оқулық, оқу-әдістемелік кешендер:

 

  1. Қазақ тілінен 5-9-сыныптардың оқу бағдарламасының авторы. 2013 жыл.
  2. Қазақ әдебиетінен 5-9-сыныптардың оқу бағдарламасының авторы. 2013 жыл.
  3. Қазақ әдебиетінен 10-11-сыныптардың жарытылыстану-математикалық бағыттағы оқу бағдарламасының авторы. 2013 жыл.
  4. Қазақ әдебиетінен (қазақ тілді емес мектептердің) 5-9-сыныптарының оқу бағдарламасының авторы. 2013 жыл.
  5. Қазақ әдебиетінен (қазақ тілді емес мектептердің) 10-11-сыныптардың жарытылыстану-математикалық бағыттағы оқу бағдарламасының авторы. 2013 жыл.
  6. Қазақ тілінен (12 жылдық мектептің байқау нұсқасы) 11-сыныптың оқу бағдарламасының авторы. 2013 жыл.
  7. Жалпы білім беретін мектептің 9-11-сыныптарына арналған «Абайтану» оқу бағдарламасының авторы. 2013 жыл.
  8. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 5, 7-сыныбына арналған оқу бағдарламасының авторы.
  9. Қазақ тілінен (12 жылдық мектептің байқау нұсқасы) 12-сыныптың оқу бағдарламасының авторы. 2014 жыл.
  10. Қазақ тілі оқулығы. 12 жылдық мектептің 12-сыныбына арналған байқау оқулығының авторы.
  11. 12 жылдық мектептің 12-сыныбына арналған әдістемелік нұсқаулықтың авторы.
  12. 12 жылдық мектептің 12-сыныбына арналған дидактикалық материал оқу құралының авторы.
  13. Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы оқу бағдарламаларының авторы (5-11-сыныптар) 2016 жыл
  14. Жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 11-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығының авторы.
  15. Жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 11-сынып «Мұғалім кітабы» әдістемелік нұсқаулықтың авторы.