Бүгін: 08.02.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Келісілді ________________

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қаныш Сәтбаев атындағы №61 орта мектеп» КММ  

кәсіподақ ұйымының төрағасы 

Н.А. Ешимова

 

Бекітемін ________________

 

  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қаныш  Сәтбаев атындағы №61 орта мектеп» КММ  

директоры

Е.А.Омарханов

 

 

 

 

«____»____________2022  ж.

Педагогикалық кеңесте қаралды

Хаттама №____

 

 

 

 НҰР-СҰЛТАН  ҚАЛАСЫ  ӘКІМДІГІНІҢ

«ҚАНЫШ СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ №61

ОРТА МЕКТЕП» КММ

ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

  1. Ішкі тәртіп ережелері (әрі қарай «Ережелер») Қазақстан Республикасының заңдық-нормативтік құжаттары және «№61 орта мектеп» КММ (әрі қарай «№61 орта мектеп») Жарғысы негізінде құрастырылған.

 

  1. Ережелер оқушылар, педагогтер, қызметкерлер, ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты реттейді.

 

  1. Ережелердің мақсаты:

 а) Оқу-тәрбие үдерісіне қатысушылар арасындағы ортақ талаптарды 

                белгілеу;

 ә) Мектепте ортақ мәдениет қалыптастыру.

 

  1. Ережелер оқушыларға, ата-аналарға, мұғалімдерге, мектеп

          қызметкерлеріне қатысты.

 

  1. Ережелер 4 тараудан тұрады.

 

І тарау.    Баршаға ортақ бірыңғай талаптар. 

ІІ тарау.  Оқушыларға арналған ережелер. 

ІІІ тарау. Ата-аналарға арналған ережелер.

ІV тарау. Педагогтер мен жұмыскерлерге арналған ережелер.

V тарау.  Жиынтық бағалауды ұйымдастыруға арналған ережелер.

  1. Ережелерге байланысты келіспеушіліктер, даулы сұрақтар мектеп директорының немесе әкімшілік кеңестің шешімімен шешіледі.
  2. Ережелер кеңседе сақталады, оқу-тәрбие үдерісіне қатысушыларға таныстырылады, мектептің сайтында жарияланады және барлық оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер мен жұмыскерлер үшін қолжетімді.
  3. Ережелер мектеп жаңадан қабылданған қызметкерге (жұмыскерге), оқушыға және оқушының заңды өкілдеріне өтініш жазу барысында таныстырылады.

 

І тарау.    Баршаға ортақ бірыңғай талаптар. 

1.1.  Жұмыс кестесі

  1. Мектеп 6 күндік жұмыс аптасы, 5 күндік оқу аптасы белгіленген. Сенбі күндері үйірмелер, әдістемелік және дамыту шаралары ұйымдастырылады.
  2. Мектепте оқу демалыстары мен жылдық оқу аптасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешіміне сай жүргізіледі.
  3. Мектепте ауысымдар бойынша сабақ кестесі, қоңырау кестесі Қамқоршылық кеңеспен келісіледі. Қажеттілікке байланысты өзгерістер енгізу директордың құзырында.
  4. Әрбір аптадағы алғашқы жұмыс күні ҚР мемлекеттік әнұранымен басталады.
  5. Мектепте тегін және ақылы үйірмелер мен спорттық секциялар жұмыс істейді. Үйірмелер мен секция кестелері оқушылар мен ата-аналарға таныстырылады.
  6. Мектеп сайтында педагогикалық үдеріске байланысты ақпараттар жарияланады: мектепке қабылдау тәртібі, ішкі тәртіп ережелері, қоңырау кестесі, байланыс телефондары, т.б.

 

1.2. Жалпы тәртіп.

  1. Вахтер мектеп ғимаратын түнгі күзетшіден сағат 07.00-де қабылдап алып, 19.00-де түнгі күзетшіге өткізеді. Сағат 19.00-ден 07.00-ге дейін мектеп ғимараты және оның ауласы күзетшінің бақылауында болады. Кезекші әкімшілік мүшесі сынып жетекшілері сағат 7.30-дан бастап оқушыларды қарсы алады. Кезекшілікті ұйымдастыру бекітілген кестеге сәйкес іске асады.  
  2. Педагогтер мектеп сабақ басталу уақытынан 20 минут бұрын келеді.
  3. Оқушылар сырт киімдерін және аяқ киімдерін гардеробта немесе жеке шкафтарда қалдырады, екінші аяқ киім (жеңіл ботинкалар, туфлилер, т.б.) болуы міндетті. Педагогтер сырт киімдерін өздеріне бекітілген оқу кабинеттерінде немесе әкімшілік белгілеген орындарда қалдырады.
  4. Оқушылардың өз киімдерін алу мүмкіндігін гардеробқа бекітілген адам қамтамасыз етеді. Оқушылар киімдерін үзіліс кезінде, сабақтан кейін мұғалім немесе кезекші әкімшіліктің рұқсатымен ғана ала алады.
  5. Шешінетін орындарда ұрлыққа жол бермес үшін ақша және басқа да бағалы заттар қалдыруға болмайды. Жеке заттар жоғалған жағдайда ол туралы шұғыл түрде сынып жетекшісіне, мектеп инспекторына және мектеп-лицей әкімшілігіне хабарланады.
  6. Сабақ уақытындағы үзілістер оқушылар мен мұғалімдердің демалуына, тамақтануына, келесі сабаққа дайындалуына және т.б. қолданылады. Үзіліс кезінде кезекші мұғалімдер және оқушылар тәртіп, тазалық сақтауға міндетті.
  7. Оқушылар, мұғалімдер және қызметкерлер (жұмыскерлер) үшін мектеп асханасы  мен буфет сағат 08.30-дан 17.30 аралығында жұмыс істейді.

8.Бастауыш сынып оқушылары асханаға мұғаліммен бірге келеді, өздерін тәртіпті, әдепті ұстайды, шуламайды.

  1. Асханада оқушылардың тамақтануын ұйымдастыруды, тәртіптерін қадағалауды асханадағы кезекші және сынып жетекшісі іске асырады.
  2. Оқу үрдісі кезінде бөтен адамдарға, ата-аналарға әкімшіліктің және тәртіп сақшысының келісімінсіз мектепке кіруге рұқсат етілмейді. Мектеп ғимараты және аумағына жіберу тәртібін тәртіп сақшысы мен вахтер іске асырады. Мектепке шақырылған қонақтар, ата-аналар жайлы мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер вахтерге алдын ала хабарлап отырады.

11.Сабақ аяқталған соң мұғалім оқушыларды гардеробқа және сыртқа  шығарып салады. Мұғалім мектептен шықпас бұрын терезелерді, крандарды тексереді, оқу кабинеттері мен зертханалық бөлмелерінің жарықтарын, компьютерлік техниканы, электр құрылғыларды өшіреді.

12.Оқушылардың мектеп ғимаратынан шығуын кезекші мұғалім, әкімшілік мүшесі және тәртіп сақшысы ұйымдастырады. Бастауыш сынып оқушылары үйге ата-аналарымен немесе ата-анасының келісімімен белгіленген ересек адаммен ғана жіберіледі.

13.Сабақтан тыс іс-шаралар жоспар бойынша өткізіледі. Іс-шараларды ұйымдастырушылар гардеробқа жауапты жұмыскерлермен келісе отыра, іс-шараның өту орыны мен уақыты туралы кезекші әкімшілікке және вахтершіге хабарлайды. Сабақ уақытында және демалыс күндері іс-шараны ұйымдастырушылар оқушыларды мектеп фойесінде күтіп алып, іс-шаралар өтетін орынға шығарып салады.

  1. Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында барлық келушілерге тіркеу жүргізіледі. Келуші өзін таныстырып, жеке куәлігін немесе паспортын ұсынуға міндетті. Әрбір келуші арнайы журналға тіркеледі, жеке куәлігінің негізінде рұқсаттама толтырылады. Келуші сөмкесіндегі заттарын тексертіп, сырт киімін шешуі қажет. Келушіні қабылдаған әкімшілік келуші рұқсаттамасына қол қойып, шыққан мерзімін көрсетуі қажет. Рұқсаттама кезекшіліктегі міндетті лауазымдық адамға тапсырылып, келушінің жеке куәлігі немесе паспорты қайтарылады.

15.Мектепте ата-аналар жиналысы әкімшілік бекіткен кесте бойынша өткізіледі. Жоспардан тыс іс-шаралар туралы сынып жетекшісі немесе пән мұғалімі кезекші әкімшілік мүшесіне бір күн бұрын хабарлауы тиіс.

 

1.3. Мәдени тәртіптің бірыңғай нормалары

1.Мектепте оқушылар мен қызметкерлердің психологиялық және физикалық қауіпсіздігін, денсаулығын сақтауды мектеп қызметкерлері қамтамасыз етеді.

  1. Мектеп оқушылары, мұғалімдері, келушілер жалпы тәртіп ережелеріне сай өзара әдепті қарым-қатынаста болады. Дөрекі сөйлеуге, айқайлауға жол берілмейді.
  2. Бір-біріне физикалық және моральды түрде күш көрсетуге тыйым салынады және жазаланады. Жәбірленген оқушы мектептің кез-келген қызметкерінен көмек сұрауына, ал жәбірленген қызметкер мектеп әкімшілігінен көмек алуына құқылы.
  3. Оқушы басқа оқушыға күш көрсетіліп жатқанын көрген жағдайда, жедел түрде мектеп қызметкерлеріне хабарлауы тиіс. Мұғалім, қызметкер болған жағдайға көңіл аударып, ізінше құқық қорғау құрылымдарының қызметшілерін шақыртуға міндетті.
  4. Мектепте мұғалімдерге, оқушыларға және ата-аналарға тыйым салынады:

а) Қоршаған орта үшін қауіпті жағдай тудыратын кез-келген іс-әрекет жасауға;

 ә) Басқаларды қорқытуға, ақша талап етуге;

б) Суық қару, шприцтер, пиротехникалар, ішімдік сусындар, нашақорлық заттарды әкелуге, бір-біріне беруге немесе қолдануға;

в) Ғимараттың ішінде, ауласында темекі шегуге;

г) Сабақ уақытында мұғалімнің рұқсатынсыз ұялы телефонды, басқа да электрониканы қолдануға (телефон, плеер т.б)

ғ) Жекелеген адамдардың рұқсатынсыз сол адамды аудио немесе бейнежазбаға түсіруге;  

д) Карта, азарттық ойындар ойнауға, ішімдік ішуге;

е) Төтенше жағдай қажет болмағанда, эвакуациялық баспалдаққа шығуға, есіктерді ашуға;

ж)Ғимараттағы рұқсат етілмейтін орындарға баруға (электрощит, эвакуациялық баспалдақ, жертөле)

з) Оқу-тәрбие үдерісіне қажет емес заттарды, құнды бұйымдар және үлкен көлемдегі ақша әкелуге; 

  1. Жоғалған бағалы заттарды (алтын бұйымдар, ұялы телефондар, т.б.) үшін мектеп әкімшілігі жауап бермейді.
  2. Талаптар орындалмаған жағдайда мұғалім, мектеп әкімшілігі жоғарыда көрсетілген заттарды (ұялы телефон, плеер т.б.) сақтауға алып қоюға құқылы. Сақтауға алынған заттар ата-аналарға немесе қамқоршыларына беріледі.
  3. Сабақта және сабақтан тыс шаралар барысында оқушы, мұғалім, ата-ана өзін әдепті ұстауы, басқаларға кедергі келтірмеуі тиіс.
  4. Мектептің әрбір оқушысы және қызметкері мектеп ауласындағы қауіпсіздікті сақтап, жоспарланған сыныптан тыс іс-шаралар өтіп жатқанда қауіпсіздік ережелерін (жолда жүру, өрт қауіпсіздігі, санитарлық-гигиеналық талаптар) қатаң сақтауға міндетті.
  5. Мектеп ауласында оқушылар мен қызметкерлердің өміріне қауіп төндіретін жағдайларды ескерту үшін, мектеп әкімшілігі заңмен қарастырылған және жеке тұлғаны қорғау туралы заңының талаптарын ескере отыра, бақылау жүйелерін қолданады.
  6. Мұғалімдер мен оқушылар іскерлік стильде киінеді.

Оқушылар үшін  қара көк түсті классикалық, іскерлік стильдегі киімдер:

а) Қыз балалар үшін: юбка, пиджак, жилет, шалбар, ақ түсті классикалық жейде, сарафан (қысқы мезгілде водолазка, трикотаж күрте). Қыздарға арналған шалбарлар еркін (тар емес) тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады, юбка ұзындығы тізеден 5 см-ден жоғары емес.

ә)Ұл балалар үшін: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік  жейде (қысқы мезгілде водолазка, трикотаж жилет). Ұлдарға  арналған шалбарлар еркін (тар емес) тігілген  және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

  1. Іскерлік стильге жатпайтындар:

а) Спорттық киімдер, футболкалар, қысқа кеудешелер, ашық өңірлі блузкалар т.б.;

ә) Джинсылар, шалбарлар, қысқа белдемшелер, тізеден 10 см жоғары белдемшелер. т.б.

б) Селдір, түрлі-түсті киімдер т.б.

в) Аксессуарлар: Оқушыларға қарапайым алқалар мен косметикалар, түссіз лакпен боялған қысқа тырнақтар, орамалдар.

  1. Мектеп формасында түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.
  2. Дене шынықтыру сабақтарында және сыныптан тыс спорттық іс- шаралар өткізген уақытта оқушылар спорттық киімдер киюге міндетті: футболка, спорттық костюм және аяқ киім. Спорт залға спорттық аяқ киімсіз кіруге рұқсат етілмейді.

 

1.4. Оқу үдерісіне қатысушылардың бірыңғай құқытары

Барлық оқу үрдісіне қатысушылар (оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар) құқылы:

1.Оқу-тәрбие үдерісіне қатысты ақпараттармен танысуға:

2.Қажеттілікке сәйкес қолдау шараларына құқылы. Оқушылар үшін жеке және топтық дамыту сабақтары, мұғалімдер үшін тәлімгерлік жәні әдістемелік қолдау, ата-аналар үшін тиімді кері байланыс (жеке кеңес, консилиум, сауалнама, жиналыс, семинар, т.б.)

  1. Оқу нәтижесін немесе іс-әрекеттің объективті бағалануы. Өзіне берілген бағамен келіспеген жағдайда оқушы немесе мұғалім пікірін ашық білдіруге құқылы.
  2. Денсаулықты қорғауға: оқу орындарында және қауіпсіздік жағдайларда санитарлық нормаларды сақтау; жұмыс жүктемесінің нормаларын анықтау. Оқушылардың апталық оқу жүктемесінің және бір күндік бақылау жұмыстарының нормалары сақталады; мерзімнен тыс жұмыс жағдайы және компенсациясы мұғалімдермен келісіледі.
  3. Уақытында ескертілген болса, нақты себеппен жұмыстан мұғалімнің өтініші, оқудан ата-ананың өтініші негізінде босатылады. Мұғалімдердің орнына уақытша сабақ беретін мұғалімді бекітуді директорлардың орынбасарлары іске асырады.
  4. Педагог қызметкерлер жұмыс күніндегі сабақтан бос уақытын кезекшілік міндеті болмаса әдістемелік шараларға пайдаланады.
  5. Қоғамдық ұйымдар және мектеп өзін-өзі басқару жұмыстарына қатысады. Мектептің оқу-тәрбие процесіндегі мәселелерді шешуге, оның жұмысын жақсартуға оқушылар кеңесінде, ата – аналар кеңесінде, мұғалімдер кеңесінде өз пікірлерін айта алады.
  6. Мектеп оқушылары және ата-аналарымен жыл сайын сауалнама жүргізе отырып, аналитикалық талдау барысында өз пікірлерін айта алады.

 

ІІ.  ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

2.1.Негізгі талаптар

Мектеп оқушылары Қазақстан Республикасының Заңнамаларын орындауға міндетті, сонымен қатар:

1.Үнемі сабаққа қатысады, өз мүмкіндігінше оқиды, дамиды. Сабаққа қатыспаған жағдайда өзінің сабаққа қатыспағандығын дәлелдейтін арнайы мекеменің анықтамасын көрсетіеді.

2.Сабаққа қатыспаған жағдайда оқушы өз бетімен оқу материалдарын талдап, ақпараттарды оқып, сабаққа дайындалады, кесте бойынша бекітілген консультацияларда мұғалімнен көмек сұрай алады.

3.Оқушы сабақта мұғалім белгілеген орында отырады. Оқушы үй тапсырмасын орындамағандығы туралы, егер нақты дәлелі болса, мұғалімге сабақтан бұрын хабарлайды.

4.Мектепте өткізілетін іс-шараларға және сабақтарға кешікпеуге міндетті. Егер оқушы сабаққа кешігіп қалса, себебін түсіндіріп, мұғалімнің рұқсатымен ғана өз орнына отырады.

5.Сабақта пән мұғалімінің талаптарын орындайды. Сабақ тәртібін сақтап, сабаққа қажетті барлық оқу құралдарын дайындайды. Оқушыларға сабақ барысында басқа нәрсемен айналысуға, мұғалімнің рұқсатынсыз басқа орынға отыруға, өз орнынан тұрып сыныптан шығып кетуге қатаң тыйым салынады.

6.Сабақ аяқталмас бұрын мектептен шығуға сынып жетекшісінен немесе кезекші әкімшіліктен рұқсат алады. Оның себебі, баланың ауырып қалуы, ата-анасының анықтамасы, басқа мемлекеттік мекемеге шақырылуы және де т.б. болып табылады.

  1. Мектеп ғимаратындағы құрал жабдықтарға, оқулықтарға, оқу құралдарына мұқият қарайды. Мектеп мүлкіне зиян келтірген жағдайда, оқушы және ата-анасы қойылған тәртіп бойынша мүліктің бағасын өтейді.
  2. Мектептен алған оқулықтары мен басқа да оқу құралдарын, жеке шкафтардың кілттерін оқу жылының соңында немесе мектептен кетіп жатқан жағдайда тапсырады.
  3. Мектеп ішінде және оның аумағында тәртіп пен тазалықты сақтайды, мектеп және сыныптағы кезекшілікті ұқыпты орындайды.
  4. Жас ерекшеліктеріне қарай мектепішілік еңбекке, мектеп және сыныптың ұжымдық еңбектеріне қатысады.
  5. Өрт қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігі ережелерін сақтайды.

12.Мектеп ғимаратына кіріп-шығу  турникет арқылы өтеді.

13.Электронды жүйедегі оқу тапсырмаларын және үй тапсырмаларын жауапкершілікпен орындайды.

  1. Жиынтық бағалауға жауапкершілікпен қарайды.
  2. Оқу процесінде академиялық адалдық қағидаттарын сақтайды.

 

2.2. Оқушыларға әсер ету және оларды қолдау шаралары

   1.Төменде берілген шаралар оқушыларға жағымды ықпал етуге бағытталады:

а) Мектеп жемісті еңбек жасау үшін қолайлы жағдай жасау;

ә) Оқушылардың белсенділігін арттыруға жағдай жасау;

б) Ішкі тәртіптің ережелерін орындауға және саналы тәртіпке негізделген мектеп тәртібін қолдау;

в) Мектепте  қауіп-қатер төндіретін жағдай туындағанда ескерту;

  1. Оқушы үздік оқығаны және пән олимпиадаларында жүлделі орындарға ие болғаны үшін, спорттық жарыстарға, оқу және шығармашылық сайыстарға, мектепте қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін ынталандырудың келесі түрлері беріледі.

а) Алғыс хат және мадақтамамен марапатталады.

ә) Директордың қатысуымен салтанатты жиынға шақырылып, бағалы сыйлықтар беріледі.

б) Ата-аналарды алғыс хатпен марапаттайды.

в) Мектептің рекордтар кітабына енгізіледі.

ғ) БАҚ жарияланады.

д) Атаулы шәкіртақы тағайындалады.

е) олимпиадалық мектепке, лагерьлерге жолдама беріледі. 

  1. Мектеп оқушыларға келесі қолдау шаралары көрсетіледі:

а) Жеке консультациялар өткізіледі.

ә) Дамыту сабақтары жүргізіледі.

б)Алдағы жұмыста келісімге жету мақсатында үшінші жақтың көмегімен мәселе шешіледі.

в) Тоқсанға жеке жұмыс жоспары құрастырылады.

г) Жеке оқу бағдарламасы қолданылады.

д) Мектеп үйірмелеріндегі сабақтармен қамтамасыз етіледі.

е) Мамандардың көмегін қолдану, оқушыларға көмек көрсететін мамандарды тағайындау.

ж) Волонтер репетиторлар қызметі ұйымдастырылады.

 

  1. Ережедегі талаптарды орындамаған жағдайда оқушыға қатысты мектеп келесі шаралар қолданылады:

а) Оқушыға жеке ауызша ескерту;

ә) Күнделікке ескерту жазу;

б) Сынып жетекшісі және пән мұғалімі оқушының ата-анасымен мәселені талқылайды.

в) Әкімшілік оқушымен жеке сұхбат жүргізеді (қажет жағдайда ата-ананың қатысуымен), оқушының қол қоюы арқылы келісімге келу.

г) Жағдаятты ұжымдық талқылау және тиімді түрде шешу жолдарын табу үшін педагогикалық консилиум құру.

ғ) Оқушыға алдағы қолданылатын шаралар туралы жазбаша ескерту

д) Директордың бұйрығы бойынша жазбаша ескерту жасау.

е) Оқушының қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінде талқылайды.

ж) Ата-ананың және оқушының келісімімен мектептің қоғамдық пайдалы жұмысына араластыру.

з)Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша қалалық комиссияға немесе ювеналды полицияға хабарлама беру.

и) Мектептен шығып қалудың ерте алдын алу кеңесіне ұсынылады.

 

 

ІІІ ТАРАУ АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

3.1. Жалпы білімді қамтамасыз ететін шаралар

  1. Ата-ана мектеп жасындағы баланың үйде және мектепте оқуына қолайлы жағдай жасай отыра, оның дамуына мүмкіндік беруге міндетті.
  2. Ата-ана мектепке өзінің мекен-жайы туралы хабарлайды және оның өзгергені жайлы алдын-ала ескертеді.
  3. Ата-ана оқу процесін реттейтін негізгі құжаттармен, мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныса отыра, өзінің тәрбиелік күш жігерін бала тәрбиесіне жұмсайды.
  4. Ата-ана мектеппен қарым-қатынасын келесі міндеттерді орындау арқылы жүзеге асырады:

а) Ата-аналар жиналысына қатысу;

ә) Күнделікті оқушының білімін электоронды күнделігі арқылы қадағалап отыру;

б) Мұғалімдердің жазбаша ескертулеріне уақытында көңіл бөлу;

б) Сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерімен кездесу;

в) Жеке сұхбаттардың барысындағы келісімдерді орындау;

г) Бекітілген «Ашық есік күндерінде» сабақтарға қатысу.

ғ) Бекітілген кестеге сәйкес пән мұғалімдерімен жеке әңгімелесу;

д) Ата-аналар конференциясына қатысу;

 

  1. Ата-ана баланың сабаққа қатыспайтындығы туралы, себебін көрсете отыра, телефон шалу арқылы бірінші күні хабарлауға міндетті. Жоспарлы түрде сабақ босатылатын болса, мысалы дәрігердің қабылдауына бару, алдын-ала күнін және себебін көрсетіп хабарлама жазып жіберу керек.
  2. Оқу процесінде сабақты босату себептері мынадай:

а) Оқушының ауырып қалуы;

ә) Мектеп оқушыларының жарыстар, сайыстар, олимпиадалар, жобаларға қатысуы;

  1. Балаларға қолдануға берілген мектеп мүлкінің сақталуына жауапкершілікпен қарау талап етіледі.
  2. Жиынтық бағалау (БЖБ, ТЖБ) кестесіне сәкес күндерде баланы сабақтан қалдырмау талап етіледі.

 

3.2. Ата-аналарға әсер ету және оларды қолдау шаралары

1.Ата-аналар мұғалімдерден қосымша ақпараттар алуға құқылы, қойылған бағалар, оқушының үлгерімі және балаға қиындық тудыратын жайттар туралы жеке консультациялар арқылы түсініктеме алады, мектепте қалыптасқан дамытушылық сұхбаттарға және басқа да ақпараттық каналдарға қатыса алады.

2.Егер ата-ана 3.1-бөлімде көрсетілген міндеттерді атқармаса, мектеп баланың құқығын қорғау үшін шаралар қолданады.

3.Егер де балаға берілген анықтамада көрсетілген себептерге күдіктенетін болса және оқушы сабақты көп босатқан жағдайда, мектеп қызметкерлері ата –анасынан қосымша түсініктеме талап етуге немесе оқушының мекен-жайы бойынша инспектордан көмек сұрауға құқылы.

4.Егер ата-ана оқушының сабаққа қатыспайтыны жайлы хабарламаған болса және оның себебін анықтау мүмкін емес жағдайда, мектеп екінші күні оқушының мекен-жайы бойынша инспекторға хабарлайды

 5.Барлық сабақ сағаттарының тоқсан бойынша 20 пайызын себепсіз босатқан болса, ол оқушының аты-жөні ювеналды полицияға беріледі.

 

ІV. МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН РЕГЛАМЕНТТЕУ

 

4.1. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

1.Барлық мұғалімдер жылына бір рет медициналық тексерістерден өтіп, санитарлық кітапшасын өткізеді.

  1. Оқушының физикалық мүмкіншіліктерін және қабілетін ескере отыра, мұғалім оның өз пәні бойынша ойдағыдай білім алуына қолайлы жағдай жасайды.
  2. Мұғалім бекітілген сабақ кестесі бойынша жұмыс атқарады, жеке себептерге байланысты жұмысқа шыға алмаса, ол жайында дереу мектеп әкімшілігіне хабарлайды.

4.Жұмысқа жарамсыздығы жөнінде дәрігерлік парақ ашылған болса, ол жайында жұмыс күні басталмас бұрын дереу мектеп әкімшілігіне және өз орнына сабақ беретін мұғалімге хабарлайды, жұмысқа шығар алдында да ескертуі тиіс.

  1. Басқа мұғалімнің орнына сабақ беру бекітілген қаулы бойынша сол пән мұғалімімен жүзеге асырылады, ондай мүмкіндік болмаған жағдайда басқа пәнмен алмастырылады.
  2. Сабақты алмасу телефон арқылы немесе тікелей хабарланады.
  3. Мұғалім сабақты қоңыраудан кейін бастауы керек. Мұғалім сабақ барысында сабаққа қатыспаған және кешіккен оқушыларды, балалардың сабаққа деген даярлығын бақылайды. Мұғалім сабақ барысында оқушылардың тәртібін және мектеп мүлкінің сақталуын қамтамасыз етеді. Мектеп мүлкі жоғалған жағдайда, ізінше сынып жетекшісіне және жазбаша түрде мектеп басшысына хабарлайды.
  4. Мұғалім сабақ уақытын оқу-тәрбие жұмысына максималды жұмсайды. Мұғалім сабақ барысында оқушыны сабақтан шығарып жібере алмайды немесе ұялы телефонмен байланыс жасауына рұқсат етпейді. Оқушының сабақтан шығуына төтенше жағдайларда ғана рұқсат беріледі.
  5. Мұғалім оқушылардың бағаларын нақтылайды. Пән мұғалімі бағаны күнделікке жазып, өз қолын қояды және электронды күнделікке енгізеді.
  6. Мұғалім қоңырау соғылысымен сабақты аяқтайды, оқушыларға сыныптан шығуға рұқсат береді.
  7. Мұғалімдер үзіліс кезінде барлық оқушылардан әдепті, тәртіпті талап етеді. Директормен бекітілген кестеге сай және кезекшілік туралы қаулы бойынша кезекшілік жүргізеді.
  8. Үзіліс кезінде пән мұғалімі өзінің жұмыс кабинеті аумағында немесе бекітілген орында оқушылардың тәртібін қадағалайды немесе қабатта кезекшілік етеді.
  9. Соңғы сабақ өткізген мұғалім оқушыларды гардеробқа шығарып салады. 14. Сабақтан тыс уақытта қажетіне қарай мұғалім жеке консультациялар немесе дамытушы қосымша сабақтар өткізеді.
  10. Қажетіне қарай пән мұғалімі мектепішілік және сыныпта өткізілетін ата-аналар жиналысына қатысады.
  11. Барлық педагогикалық ұжым сабақтың алдында және жұмыстың соңында электронды пошта немесе басқа да мектептің ақпараттық жүйелері арқылы әкімшілік берген жүктемелермен танысады. Ол барлық өндірістік кеңестерге, педагогикалық кеңестің жұмысына қатысады.
  12. Оқушыларға және бөтен адамдарға, кеңестер мен педагогикалық кеңестерде талқыланатын конфиденциалдық ақпараттарды хабарлауға тыйым салынады.
  13. Мұғалімнің жұмыс күні оның жұмыс кестесімен нақтыланады. Мұғалімнің атқаратын жұмыстары:

а) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің құқылық актілерімен, мектептің ішкі құжаттарымен танысу, орындау;

ә) Мектеп құжаттарын дұрыс толтыру (аналитикалық есеп, қозғалыс кітаптары, сынып журналдары т.б.);

б) Оқу бағдарламаларын, оқу материалдарын құрастыру;

в) Жас мамандармен сабақ жоспарларын құрастыру, әріптестермен бірлесе жоспарлау және бірлесе зерттеу жүргізу;

г) Мезгілімен жұмыс жоспарларын, бақылау жұмыстарының кестесін құрастыру және мектептің оқу ісі меңгерушісіне көрсету (мерзімді оқу ісінің меңгерушісі анықтайды);

д) Сабақтарға дайындалу;

ж) Дәптерлерді тексеру;

з) Бақылау жұмыстарын құрастыру, тексеру және талдау жасау;

и) Консультациялар ұйымдастыру (бекітілген кесте бойынша) , сонымен қатар емтихандарға дайындалу, емтихандар қабылдау;

к) Кезекшілік атқару;

қ) Сыныптан тыс іс-шаралар (саяхаттар, экскурсиялар, мектепішілік іс- шаралар, ата-аналар жиналысы);

л) Педагогикалық кеңестерге, жұмыс жиылыстарына, пәндік секцияларға, әдістемелік шараларға, сайыстарға қатысу;

м) Өз білімін жетілдіру, әдістемелік шараларға қатысу.

 

4.2. МҰҒАЛІМДЕРГЕ ЫҚПАЛ ЕТУ ЖӘНЕ КӨМЕК КӨРСЕТУ.

     Берілген шаралар мектеп мұғалімдері жұмыстарының тиімділігін арттыру, орындаушылық тәртіпті жоғарылату, мектепішілік іс-әрекетіне ынталандыру мақсатында қолданылады.

 Қызметкерлерді мадақтау.

  1. Еңбек міндеттерін үлгілі орындағаны, жоғары нәтижеге жеткені, көп жылғы еңбегі, жүктемесінен тыс жұмыс жасағаны, мектеп жұмысына жаңашылықтар енгізгені және т.б. жетістіктері үшін келесі мадақтаулар беріледі;

1.1. Мұғалімдерді Педагогикалық кеңесте, ата-аналардың жиналысында, директордың салтанатты қабылдауында, оқушы алдында марапаттайды;

1.2 Бұйрық бойынша алғыс жариялау;

1.3 Грамота, дипломмен марапаттау;

1.4 Мұғалімнің келісімімен қалалық, республикалық сайыстарға ұсыну;

1.5 Мұғалімнің келісімімен аудандық, қалалық, республикалық деңгейдегі жауапты іс-шараларға ұсыну;

1.6 Өз тәжірибесін жинақтауға, басылымдарын дайындауға немесе дидактикалық көрнекіліктерді басып шығаруға көмектесу;

1.7.Мұғалімнің келісімімен авторлық бағдарламаны құрастыруға және бекітуге көмектесу;

1.8 Мектеп мүмкіншіліктеріне қарай оқу жүктемелерін таңдау, қалауы бойынша жұмыс кестесін орнату;

1.9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Астана қалалық Білім басқармасының марапаттарына ұсыну;  

1.10 Өз білімін жетілдіру дәрежелі курстарына жолдама алу, мұғалімнің сұранысы бойынша дамыту курстарына жіберу;

1.11 Бағалы сыйлық;

1.12 Демалыс уақытындағы қосымша демалыс күндері.

 

  1. Мадақтаудың материалдық қорын және мадақтаудың түрін әкімшілік немесе директордың қатысуымен құрылған әкімшілік мүшелері, мұғалімдер кеңесі, қамқоршылар кеңесі, кәсіподақ кеңесі тағайындайды.

3.Материалдық көтерме берілетін мұғалімдер:

3.1. Оқу-тәрбие процесіндегі жоғары деңгейдегі нәтижелері үшін (мемлекеттік емтихандар, деңгейлік жұмыстар, нәтиже динамикасы, оқу процесіндегі бірқалыпты жоғарғы көрсеткіштер);

3.2. Оқушылардың пәндік олимпиадалар, ғылыми-практикалық конференциялар, мектепішілік жобалар және сайыстардағы жоғарғы көрсеткіштері үшін;

3.3. Оқушылардың спорттық және шығармашылық жетістіктері, сонымен бірге сабақтан және мектептен тыс іс-шаралардағы жоғарғы көрсеткіштері үшін;

3.4. Мұғалімдердің авторлық бағдарламаларды құрастыруы және енгізуі, ғылыми зерттеушілік, ғылыми әдістемелік, экспериментальдық жұмыстардағы жоғарғы нәтижелері және көрнекті сабақтары үшін;

3.5. Аудандық, қалалық, республикалық іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және өткізгені үшін;

3.6. Мектептің дамуына белсенді атсалысқаны үшін; (ӘБ жетекшісі семинарларда және педагогикалық кеңестерде сөз сөйлеу, салт-дәстүрлерді қолдау жәнет.б.);

  1. Мұғалімдерді ынталандырудың қосымша түрлерін пайдалануға, мектептің басым бағытындағы жұмыстарына әкімшілік мүшелерінің қызығушылығын арттыруды мектеп әкімшілігі қолдануға құқылы;

 

Қызметкерлердің тәртіпке жауапкершілігі.  

5.Қызметтегі нұсқауларды бұзу, директордың бұйрығын, орындаушылық тәртіпті бұзғаны және басқа да жұмыстағы тәртіп бұзушылық көрсеткені үшін келесі тәртіпке шақыру ережелері қолданылады:

5.1. Тәртіпті бұзғаны жайында жазбаша түсініктеме талап ету;

5.2. Мектепішілік тәртіптік кеңесте тәртіпті бұзғанын жазбаша тіркеу;

5.3. Әкімшілік кеңесінің мүшелерімен сұхбаттасу, сұхбат хаттамасында келісімді тіркеу;

5.4. Директордың бұйрығымен жазбаша ескерту жасау;

5.5. Әкімшілік кеңестің отырысына шақыру;

  1. Еңбек міндеттерінің дөрекі тәртіп бұзушылығы болып саналады:

6.1. Жұмысқа алкогольдік ішімдік ішіп немесе нашақорлықтың әсерімен келсе;

6.2. Этикалық нормаларға қарама-қайшы әрекет жасап, сенімнен шыққанда; Жұмысқа себепсіз кешігіп келу, жұмыс берушінің рұқсатынсыз жұмыс орнынан ерте кету;

6.3. Өз еркімен жұмысқа шықпау;

6.4. Жұмыс берушіге, әріптестеріне, оқушыларға материалдық зиян келтіру; 6.5. Еңбектің ішкі тәртіп ережелерін және қауіпсіздік талаптарын елемеу;

6.6. Еңбек талаптарын және қызметтік нұсқауларды қасақана орындамау;

6.7. Бұл қызметкердің еңбек шарттарына кіре тұра, нысананы (сынып, кезекшілік посты, т.б.) қараусыз тастап кету, орнында болмау;

  1. Тәртіпті бұзу жазасының келесі түрлері жұмыста дөрекі тәртіп бұзушылық болған жағдайда қолданылады;

7.1. Сөгіс;

7.4. Еңбек шартын тоқтату.