Бүгін: 14.06.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
Бүгін 5-7 сынып оқушыларына Астана қаласының ОАП ЛУП қылмыстың алдын алу бойынша аға инспекторы Жоракулова Улжан Бахтыбаевна дәріс оқыды.
🚉 Теміржол қауіпсіздігі ережелері
1. Теміржолды тек белгіленген жермен (жаяу өткел, көпір, тоннель) кесіп өтіңіз.
2. Жолды кесіп өткенде құлаққап кимеңіз, телефон пайдаланбаңыз – назарды толық жолға аударыңыз.
3. Поезд жақындағанда немесе дыбыс берсе – дереу тоқтап, қауіпсіз қашықтыққа алыстаңыз.
4. Жол үстінде немесе рельс маңында ойнауға, жүруге, күтуге қатаң тыйым салынады.
5. Қозғалып келе жатқан пойызға мінуге немесе секіруге болмайды – өмірге өте қауіпті!
6. Вагондар арасында тұруға немесе астынан өтуге болмайды.
7. Кез келген күдікті жағдайды ересектерге немесе теміржол қызметкерлеріне хабарлаңыз.