11.05.2023 жылы сағат 11.00-де мектепте лаңкестіктің алдын алу мақсатында оқу-жаттығулары жүргізілді. Шартты жарылғыш зат жасалып, 3-қабаттың дәлізіне қойылды.
Өтіп бара жатқан 11-сынып оқушылары күдікті затты көріп, мектеп басшысы Е.А.Омархановқа хабарлады. Өздері шартты жарылғыш затты алмай, оған оқушыларды жақындатпады. Бірден қауіпсіздік шараларын қолға алды.
Мектеп директоры Е.А. Омарханов шартты жарылғыш зат тұрған жерге келіп, Азаматтық Қорғаныстың штаб бастығы К.К.Елеупаевқа қауіпсіздік шараларын қолдану мен мектеп оқушыларын, сондай-ақ мектеп қызметкерлерін эвакуациялауды бұйырды және де 112 нөміріне хабарласып, күдікті заттың бар екенін баяндады.
Оқу-жаттығу сигналдары қосылып, авариялық есіктердің барлығы арнайы тетікті басу арқылы ашылды.
Эвакуациялау барысында мектебіміздің 750 оқушысы мен 112 педагогі, 39 кіші қамту және 6 асхана қызметкерлері 8 минуттың ішінде толығымен қауіпсіз жерге ауыстырылды.
Шартты соперлік бөлімше келіп, күдікті затты далаға алып шықты.