Бүгін: 08.02.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицей математика пәні қызметі бос лауазымына орналасуға 05.09.2023-13.09.2023 аралығында конкурс жариялайды.
Конкурстың өткізілу күні 14.09.2023 сағат 10-00.
Конкурстың өткізілу орны: Конституция көшесі, 33 үй.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) 086-У нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан және наркологиялық ұйымнан анықтама;
8 ) соттылықтың болмауы туралы анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)
10) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығының 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Егер сіз білімді де, білікті маман болсаңыз біз сізді күтеміз!
Байланыс нөмерлері: 87783579852; 87755142775