Жасөспірімдермен тиімді қарым-қатынас құру және коммуникативті дағдыларын дамытуды нығайту мақсатында «Жасөспірімді қалай түсінуге және қабылдауға болады?» жас мұғалімдерге арналған семинар өтті.
Іс-шара барысында жас мамандарға психологиялық ахуалды жақсарту үшін әр-түрлі тренинг-жаттығулар жүргізілді.
Қатысушылар топтық жұмыс арқылы жасөспірімдердің негізгі мәселелерін анықтау және мәселеден шығу жолдарын қарастырды.