Бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс.
Бастауыш мектеп балаға білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, сөйлету, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастырып, талдау жасауға үйретіп, сөйлеу мәдениетін қалыптастырады.
Біздің міндетіміз - оқушыларға білім беруде жаңа технологиялармен бірге жаңаша оқыту әдістерін тиімді қолдану, білім сапасын жан-жақты дамыту.
Осыған байланысты бүгін мектебімізде “Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер” жәрмеңкесі өтті.
Бастауыш сынып мұғалімдері өздерінің күнделікті сабақта қолданып жүрген жаңа әдіс-тәсілдерін мектеп мұғалімдерімен бөлісті.