«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық деңгейін көтеру, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, балалардың фундаменталды және қолданбалы ғылымға қызығушылығын ынталандыру мақсатында өткізілген 2-7 сынып оқушыларына арналған Ұлттық «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар қалалық конкурсы 2023 жылдың 6 қаңтарында өткізілді.
Роботехника секциясы бойынша 7-сынып оқушысы Мамадалиев Нұрсултан 2-орын. Жетекшісі: Есболова Айгерим Өмірханқызы
Тарих секциясы бойынша 7-сынып оқушысы Жанай Әлішер 2-орын.
Жетекшісі: Ахметжанова Гульмира Сергалиевна.
Валеология секциясы бойынша 4-сынып оқушысы Жомарт Жасұлан 3-орын.
Жетекшісі: Мухамеджанова Жансулу.
Ағылшын тілі секциясы бойынша 7-сынып оқушысы Тагаев Асылхан 3-орын.
Жетекшісі: Букенбаева Гульмира Октябрятовна.
Ағылшын тілі секциясы бойынша 5-сынып оқушысы Серікбай Анел 3-орын.
Жетекшісі: Үмбетов Асылбек Әбдухалиұлы.
Тарих секциясы бойынша 7-сынып оқушысы Қадыр Нурдаулет 3-орын.
Жетекшісі: Бұхатай Сарқыт.
Медицина секциясы бойынша 5-сынып оқушысы Нурмаханова Назерке грамота.
Жетекшісі: Садыкова Айгерим Жанахметовна.
Балаларына қолдау көрсеткен ата -аналар мен осы байқауды ұйымдастырған "Астана дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығына шын жүректен алғыс айтамыз!