«ӘЛИХАН және АЛАШ» зияткерлік үстел ойыны
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейімен бірлесіп 2023 жылдың 1 наурызында қалалық «ӘЛИХАН және АЛАШ» зияткерлік үстел ойынын ұйымдастырды.
Қатысушылар ойын барысында Әлихан Бөкейхан мен Алаш қайраткерлерінің (А.Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбердіұлы, М.Шоқай, С.Сәдуақасұлы, Қ.Кемеңгерұлы, М.Дулатұлы, Б.Майлин, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Х.Досмұхамедұлы, Х.Ғаббасұлы, М. Тынышбайұлы) өмірбаяны мен шығармашылығынан тұратын сұрақтарға жауап берді.
Аталған іс-шараға мектебіміздің 8 "В" сынып оқушысы Сеилбай Айгерім мен жетекшісі тарих пән мұғалімі Абжанов Серикжан Тулеужанович қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.