Хакім Абайдың ғибратқа толы қарасөздері мен жақұт жырларынан тәрбиелік өсиет өнеге аламыз. Ұлт мақтанышы, кемеңгер ақын Абайдың балалық шағын дәріптей отырып, шығармаларын сүйіп оқуға баулу мақсатында «Астана дарыны» орталығы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп- гимназиясымен бірлесе отырып 2-4 сынып оқушылары арасында қалалық «Бала Абай» байқауын өткізді.
Байқау қорытындысы бойынша:
Мектебіміздің 2 "В" сынып Нұржан Батырхан жүлделі ІІ орын иеленді. Жетекшісі: Маматаева К.С.
3 "Б" сынып оқушысы Қанат Назым грамота иеленді. Жетекшісі: Ордабекова А. П.
Мектебіміздің мәртебесі арта берсін! Оқушыларымыз биік белестерді бағындыра берсін!