"Наурызнама" тұжырымдамасы аясында "Жанашыр жүрек" Республикалық қайырымдылық акциясы. Іс-шараға ЕББҚЕ оқушылармен шығармашылық жұмыс өткізілді. 3D қалам оқушылар үшін шынайы әлемді танып білудің әдісі. Ол қиялындағы затын сонымен бейнелеп, әрбір бөлшегін өз қолымен жасап үйренеді. 3D қаламда сияның орнына 3мм пластик қолданылады. Пластик еріп сұйықтық қаламнан шыққаннан кейін тез арада қатып, суретті 3D бейнеде салады. Қаламсаптың салмағы небәрі 200гр. Онымен тегіс жерде сурет салу ешқандай машықты талап етпейді. Нәтижесінде: оқушылардың ой-өрісі, қиялы дамиды, шығармашыл тұлға болып жетіледі.
Арнайы маман: Ұ.Т.Кенжаева