Бүгін: 25.04.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Іс-шараның өткізілуі туралы ақпарат

 Өткізілген күні: 02.02.2023

Қатысқандар: 9 және 11 сынып оқушылары

Тақырыбы: «Кәсіби бағдар беру»

Мақсаты: Мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмысының  тиімділігімен бірге мамандық бойынша  керекті мәліметтер және  ақпараттармен қамтамасыз ету.

 Ұйымдастырушы: Қазақ технология және бизнес университеті, «Жоғары медициналық» колледжі, «Kettik study» оқу орталығы және мектеп психологтары

  2023 жылы ақпан айының 2-і күні мектебіміздің 9 және 11 сынып оқушыларына қазіргі еңбек нарығындағы негізінде кәсіби бағдар беру жұмысының  тиімділігімен бірге мамандық бойынша  керекті мәліметтер және  ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатында «Кәсіби бағдар» бойынша іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға Қазақ технология және бизнес университеті, «Жоғары медициналық» колледжі, «Kettik study» оқу орталығы 30-ға жуық мамандық түрлері  таныстырылып, оқушылармен сұрақ-жауап алмасты. Жүргізген іс-шара оқушылардың көңілінен шығып, алған ақпараттарымен қанағаттанды.