Бүгін: 08.02.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
🔰​29​ қазан -​ Қамқоршылар​ күні.
Бұл​ күні​ мектебімізде «Мейірімге толы​ жүрек» атты құттықтау іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: қамқоршы, қорғаншыларға алғыс білдіру, құттықтау, құрметтеу, қамқорлыққа алынған балалардың құқықтарын қорғау.
Осы іс-шараға қамқорлыққа алынған балалардың қамқоршылары шақырылып, мектеп-лицей директоры Е.А. Омархановтың атынан АЛҒЫС ХАТ берілді.
Сонымен қатар қамқоршылық кеңес ұйымы мүшелері жылы лебізін білдіріп, сыйлықтарын табыстады.
Іс-шара соңында ата-аналар академик Қаныш Сәтбаев атындағы мұражаймен танысып қайтты.