Отбасындағы жанжал материалдық жетіспеушіліктен басталуы мүмкін. Отбасылардың 30%-ға жуығы қаржылық қиындықтарға байланысты ажырасады. Шағын табыс отбасының қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік бермейді(балаларды тәрбиелеу, тұрмыс жағдайын жақсартуы және т.б.)
Әл-ауқат- отбасының, жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың және жалпы мемлекет халқының өмірлік қажеттіліктерімен қамтылуы(рухани, материалдық, әлеуметтік).
Олай болса, «Отбасылық әл-ауқатқа әсер ететін негізгі проблемалар..» тақырыбында 9-10 сынып оқушылары пікірсайысып, өз ойларын ортаға салды.
