Бүгін: 08.02.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
⚽️ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай футболдан 2012-2013 жылы туған ұлдар арасында қалалық турнирде үздік ойын көрсетіп, І орынға ие болған МЕКТЕП КОМАНДАСЫ мадақтамамен марапатталды.
Үздік ойыншы номинациясымен 5 "Ғ" сынып оқушысы Абылқасым Бекарыс марапатталды.
Бапкерлері Мұратбек Мағжан, Асалов Атабек Әуелбекұлы.
Жеңісіміз құтты болсын!!!
 
Каратэдан өткен Астана қаласының ашық чемпионатында мектебіміздің оқушылары жеңіске жетіп, дипломмен марапатталып, жүлделі орындардың кубоктарын жеңіп алды.
6 "В" сынып оқушысы Бердәлі Әбдікәрім І орын;
5 "Г" сыныбы Асқар Айым І орын;
3 "Б" сынып оқушысы Кенжебек Нұрмұхамед І орын;
5 "Ә" сынып оқушысы Смайыл Аян ІІ орын;
7 "А" сынып оқушысы Кабдуллаева Алима І орын;
6 "Г" сынып оқушысы Базарбай Кәусар І орын.
Жеңімпаз оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Спорт саңлақтарымыз әрдайым ел үмітін ақтап, тек жеңіспен оралуларына тілектеспіз.
????????????????
  
                                                    
♟Қалалық шахматтан өткен жарыста 6 "А" сынып оқушысы Омарбеков Азамат ІІІ разрядты қорғауда І орынға ие болды.
Жетекшісі Булгиев Бақтығали Темірғазыұлы.
Құттықтаймыз????????????
⛹️ Мектеп, клубтар арасында баскетболдан өткен қалалық турнирде МЕКТЕБІМІЗДІҢ ҰЛДАР командасы ІІ орынға ие болса, 6 "Д" сынып оқушысы Кокаев Темірлан "Үздік ойыншы" номинациясымен марапатталды.
Жетекшісі Кайркулова Жанат Алданазаровнаны және баскетболшы оқушыларымызды құттықтаймыз!
??????????????
⚽️ Павлодар қаласында өткен 2012 жылғы балалар арасындағы Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған республикалық "FC_ASTANA-2013" турнирінде мектебіміздің 5 "А" сынып оқушысы Асланбек Абубакр қатысқан команда ІІ орынға ие болса, оқушымыз "Үздік қақпашы" номинациясын жеңіп алды.
Оқушымызды құттықтай отыра, бағындырар белестерің биік болсын деп тілек білдіреміз!
  

?? ⚽️ Қазақстан Республикасы күніне арналған 6 - сынып оқушылары арасында «Спорт денсаулық, дене шынықтыру – бұл ең үздік мәдениет» атты футбол жарысы өтті. Мақсаты: оқушылардың ептілік, жылдамдық, шыдамдылық, төзімділік қабілеттерін дамыту. Қорытынды нәтижесінде келесі сыныптар орындарға ие болды. І орын - 6 "Г" сыныбы; ІІ орын - 6 "А" сыныбы; ІІІ орын - 6 "В" сыныбы; ІІІ орын - 6 "Д" сыныбы; ▪️"Үздік ойыншы" номинациясымен 6 "Д" сынып оқушысы Аманжолов Сұлтан; ▪️"Үздік шабуылшы" номинациясымен 6 "В" сынып оқушысы Әбдімұрат Нұржас; ▪️ "Үздік қорғаушы" номинациясымен 6 "А" сынып оқушысы Қыдырәлі Жанболат ; ▪️ "Үздік қақпашы" номинациясымен 6 "Г" сынып оқушысы Адилбек Архат марапатталды.

Астана қаласы оқушылар Гимназиядасы арасында футболдан өткен жарыста мектебіміздің командасы
Аудандық жарыстан - I орын;
Қалалық жарыстан - III орынды иеленді.
"Үздік ойыншы" номинациясымен 11б сынып оқушысы Шоқан Ғалы Арслан марапатталды.
Жаттықтырушылары Асалов Атабек Ауелбекұлы мен Мағжан Мұратбекұлын МЕКТЕП ҰЖЫМЫ жеңістерімен шын жүректен құттықтайды.
Жеңісті күндеріміз көп болсын! Алар асуларымыз биік болсын!
      
 
                                                         

 

Баскетболдан ұлдар арасында өткен оқушылар Гимназиадасы жарысында Сарыарқа ауданы бойынша мектебіміздің ұлдар командасы І орынға ие болды.