Бүгін: 25.04.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
🔰Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицейінде «Мектепте инклюзивті орта қалыптастырудың маңызы» тақырыбындағы қалалық семинар - практикум
2025 жылдың 20 ақпан күні Астана қаласының «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес № 61 мектеп- лицейінде ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды сүйемелдеуде Білім беру ұйымдарының ЕББҚ бар оқушылармен жұмыс жасайтын пән мұғалімдері мен арнайы мамандарына және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған семинар өтті.
№61 мектеп – лицейі келген қонақтарды «Шабыт» оркестрінің сүйемелдеуімен «Сарыарқа», «Балбырауын», «Жұмыр қылыш» күйлерімен қарсы алып Қаныш Сәтбаев атындағы мұражаймен таныстырды.
Семинарда педагогтер ашық сабақтар көрсетіп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс жасаудағы педагогикалық іс- тәжірибелерімен бөлісіп, психологиялық тренинг, практикалық жұмыстар жүргізді.
Атап айтсақ, білім беру ұйымдарындағы оқу үрдісіндегі пән мұғалімдердің ашық сабақтары арнайы мамандардың КПИО педагогикалық-психологиялық қызмет көрсету орталығында «ArtikMe» смарт айна (ақылды айна), инклюзивті білім беруде оқушыларға Нейро жаттығудың пайдасы, саз балшықпен жұмыс, психологтардың бөліскен іс-тәжірибелері оң нәтиже көрсетті.
Жалпы семинар инклюзивті орта қалыптастырудағы әкімшілік, ата-ананың, педагогтің, арнайы мамандардың рөлдері бойынша төрт бөліммен жоспарланған.
Жоспарланған жұмыстар теориямен басталып практикамен ұштасып, өз мақсатына жетті.
Семинарға жиыны 111 мұғалім қатысты. Семинар жоғары деңгейде өтті.
Рефлексия барысында семинарға қатысушылар ойларымен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді.