Астана қаласындағы Сәтбаев пен Мұнайтпасов көшелерінің қиылысында орналасқан Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың еңселі ескерткіші жанынан «Ұлылар сөзі» атты гранит тастардың ашылу салтанаты өткізілді.
Академик Қаныш Сәтбаевтың ескерткіші алаңында өткен іс-шараға Еуразия ұлттық университетінің студенттері және мектебіміздің оқушылары мен ұстаздары қатысты.
Ашылу салтанатын Түркия елінде жеңімпаз болған мектебіміздің "ШАБЫТ" домбыра оркестрі «Балбырауын» күйімен бастап, рәсімді ҚР Парламенті сенатының депутаты, академик, Қ.Сәтбаев халықаралық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алтынбек Нухұлы ашты.
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары: академик Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов, академик Динар Жүсіпәліқызы Нөкетаева, академик Алтынбек Нухұлы, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев, Астана қаласының Мәслихат хатшысы - Ерлан Ермекұлы Каналимов, Еуразия ұлттық университетінің ректоры, академик Ерлан Бәтташұлы Сыдықов, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Несіпбек Айтұлы, Қазақстанның Еңбек Ері Рышат Әміренов құттықтау сөз сөйледі.
Ұйымдастырушыларға зор алғысымызды білдіреміз!