25 қазан - Республика күніне арналған "Менің Отаным - Қазақстан" атты іс-шара 7 "Г" сыныбымен өтті.
Мақсаты: оқырмандардың өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, халқымыздың салт-дәстүрін бойымызға сіңіріп, балаларымызды ұлттық, азаматтық сезімге баулу.
Оқушыларымыз туған жеріміз туралы ақпарат алмасу үшін 4 топқа бөлінді:
Отан туралы мақал-мәтел айтып, мағынасын түсіндіру;
Туған жер туралы мақал-мәтелдер айтып мағынасын ашу;
Бәйтерек монументі туралы ақпарат беру;
Туған жер, Отанымыз туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу.