Қазіргі таңда қазақстандықтардың арасында несие карталарын пайдалану қалыпты жағдайға айналды.
Мұндай карталарды ашу бүгінде еш қиындық тудырмайды және әркімге қолжетімді.
Несиелік карта бұл банк белгілейтін автоматты түрде жаңартылатын несиелік лимиті бар банк картасы. Несиелік лимит клиенттің расталған кірістерінің мөлшеріне және оның төлем қабілеттілігіне байланысты. Мұндай карта банкоматтан ақша алуға, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге мүмкіндік береді, содан кейін шартта көрсетілген мерзімде банк алдындағы берешекті өтеуге болады. Десек те несие карталарын қолданудың бабын білмесеңіз, қарызға батып, құрдымға кету қиын емес.
Бүгін осы тақырыпта 9-10 сынып оқушылары «Бұл палата несиелік карталардың пайдасынан гөрі зияны көп деп есептейді..» тақырыбында пікір сайысып, өз ойларын ортаға салды.