Бүгін 6-сынып оқушыларымен «Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихын түсіну, халықаралық қатынастардың дамуындағы рөліне баға беру.
Ұлы Жібек жолы – Қытай мен Еуропа елдерінің арасын байланыстырған сауда жолы.
«Ұлы Жібек жолы» ежелгі атау емес, ол 1877 жылы пайда болған. Оны қолданысқа енгізген белгілі неміс географы Фердинанд фон Рихттофен.
Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты – Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды.