"Суды үнемде - болашақты сақта".
Су – өмірдің негізі. Ол табиғаттағы ең маңызды ресурстардың бірі, бірақ сонымен бірге оны үнемдеу мәселесі қазіргі таңда үлкен маңызға ие болып отыр. Жер шарының көптеген аймақтарында су тапшылығы байқалуда, сондықтан суды үнемдеу тек жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның да міндеті болып табылады.
Суды үнемдеу дегеніміз – суды тиімді пайдалану, оның табиғи ресурстар ретінде қадір-қасиетін білу және сақтау болып табылады. Әрбір адам өзінің күнделікті тұрмысына байланысты суды үнемдеуге атсалыса алады. Мысалы, суды тұтынып жүргенде, оны ашық қалдырмау, қысқа душ қабылдау, қажеттілік бойынша ғана жуу жұмыстарын жүргізу арқылы судың көп шығынын болдырмауға болады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығында да су үнемдеу технологияларын енгізу маңызды. Қазіргі таңда тамшылатып суару әдістері мен автоматтандырылған суару жүйелері судың тиімсіз жұмсалуын азайтады.
3 "Г", 4 "Б" сыныптары.


