Жасөспірімдер арасында есірткі қылмыстарының алдын алу – басты міндет!
Бүгін мектебімізде ҚР Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің аға жедел уәкілі, полиция майоры Қойшығарин Дастан Қалқаманұлы 10–11 сынып оқушыларына арнап танымдық дәріс өткізді.
Кездесу барысында оқушылар есірткіге байланысты қылмыстардың салдары, жауапкершілік түрлері және одан сақтанудың жолдары туралы маңызды ақпарат алды. Осындай түсіндіру жұмыстары жасөспірімдердің саналы шешім қабылдауына септігін тигізетіні сөзсіз.


