Астана қаласы әкімдігінің «Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК
Бүгін: 08.05.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
Мектебімізде ұстаздар мерекесіне орай “Дублёр күні” аталып өтті.
Мақсаты: білім алушыларды өнер, әдептілік, адамгершілікке тәрбиелеп жүрген ұстаздарға деген құрметтін арттыру, ұстаз мамандығын құрметтеу, дәріптеу, оқушы мен ұстаз арасындағы ынтымақтастықты нығайту, жағымды қарым-қатынас орнату.
Мектебімізде 8-11 сынып оқушылары арасында мектеп президенті сайлауы өткізілді. Сайлауға 12 үміткер қатысып, 64 ұпаймен алға озған мектебіміздің 10 "Б" сынып оқушысы Ермекова Гульназ Жандарбекқызы өзін-өзі басқару парламентінің президенті болып сайланды. Өзін-өзі басқару парламентінің жұмысына сәттілік тілейміз!
"Өзін-өзі басқару" ұйымының спорт және салауатты өмір фракциясының жетекшісі Сарсенбек Әбілмансұр 8-10 сынып оқушылары арасында қол күрестен жарыс ұйымдастырды.
Нәтижесінде мектепішілік біріншілікте қол күрестің жеңімпаздары анықталды.
Мектебімізде «Өзін-өзі басқару» ұйымы бастауыш сынып оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында көңілді сергіту жаттығулары мен спорттық ойындар ұйымдастырды. Оқушылар белсене қатысып, уақыттарын тиімді өткізді.