Бүгін: 14.06.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
Қаныш Сәтбаев атындағы кабинеттің ашылу салтанаты!
Бүгін “Alqa Bilim” оқу орталығында ерекше сәт орын алды. Қазақтың тұңғыш академигі, ғұлама ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімі берілген жаңа кабинеттің лентасы қиылып, ресми түрде ашылды.
Бұл – білім мен ғылымға деген зор құрметтің белгісі!
Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, «Қаныш Сәтбаев халықаралық қоры» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы, химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-корреспендент мүшесі, Инженерлік ғылымдар халықаралық академиясының академигі Алтынбек НУХҰЛЫ мен Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицей директоры Омарханов Ернұр Аханұлы арнайы қатысып, лентаны кесу мәртебесіне ие болды.
Сонымен қатар, шығыстанушы, «Қаныш және ғылыми майдан» кітабының авторы Санжар Керімбай да игі шараның қадірлі қонағы болды.
Бұл кабинет – жас ұрпақтың ғылымға бет бұрып, Қаныш Сәтбаевтай ұлт тұлғаларына қарап бой түзеуіне үлкен серпін береді деп сенеміз.