1 маусым - Балаларды қорғау күні мерекесі құтты болсын!
Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын!
Балалардың жолы ашық болып, ойлаған армандары орындалсын!
Осындай мерейлі мереке күні балалар мен олардың ата-аналарына қолдау таныту, көтеріңкі көңіл-күй, ұмытылмас әсер сыйлау мақсатында шағын концерт ұйымдастырылып, ерекше оқуды қажет ететін оқушылардың үйіне мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері барып, құттықтап қайтты.


