Бүгін 25 мамыр күні "Мектебім, саған мың алғыс!" тақырыбындағы мектеп бітірушілер іс-шарасы өтті.
Мектеп бітірушілер іс-шарасының құрметті қонақтары ретінде Оқу-ағарту министрлігінің бас сарапшысы, мектебіміздің ата-анасы Муздыбекова Гүлсила Орынбековна, әдістемелік орталықтың аналитика және мониторинг бөлімінің әдіскері Мадыбекова Айнұр Сыдыковна келіп, түлектерді құттықтады.
Сондай-ақ мектеп-лицей директоры Омарханов Ернұр Аханұлы жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін "Ы. Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталды.