Бүгін: 08.02.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
Құрметті мектеп бітіруші түлектер!
Сіздер дәл осынау күні өзіңіздің қимас бір мекеніңізге айналған, балдәурен шақтың балауса қызығын өткізген, бойыңызға білікті білім мен тәлімді тәрбие жинаған мектеп анаңыздан түлеп ұшқалы тұрсыздар.
Сіздер үлкен мақсаттарға қадам басқалы тұрсыздар. Білім жолында еңбек етуге мектеп табалдырығын алғаш аттаған күннен бастап-ақ ұмтылып келдіңіздер.
Әліппені ашып, қолға қалам ұстаған кезден бастап ізденісте болдыңыздар. Ал қазір тарыдай болған жас баладан, таудай талапкерге айналдыңыздар.
Жолдарыңыз ашық болсын!