«БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күніне шақырады!
ТАҚЫРЫБЫ: «ҚР ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНЕ 20 ЖЫЛ: ТАРИХЫ МЕН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ»
«БЖЗҚ» АҚ барлық ниет білдірушілерді 2018 жылдың 20 қыркүйегінде өтетін Ашық есік күніне шақырады. Сіздерді сағат 10:00 мен 17:00 аралығында «БЖЗҚ» АҚ Астана қаласы филиалының кеңсесінде - 12 ұйде Т.Бигелдиновтың қөшесінде күтеміз. Шараға қатысушыларға Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің тарихы мен дамуы туралы мәлімет беріледі. Сонымен қатар қатысушылар Қор қызметкерлерінен жеке кеңес ала алады.
enpf.kz
Астана қ. салымшылары мен алушыларына ақпарат берудің жаңа арнасы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры барлық қазақстандықтарға сапалы қызмет көрсетумен қатар оларға өзінің жаңа қызметтері мен жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы маңызды және пайдалы ақпараттарды жеткізуге ұмтылады.
Бұл үшін Қор барлық мүмкіндіктерді пайдаланады: көшпелі таныстырылымдық шаралар өткізеді, БАҚ өкілдерімен тығыз қарым-қатынас жасайды және қашықтықтан өзара әрекеттесудің қосымша арналарын дамытады.
Еске саламыз, БЖЗҚ 2018 жылдың шілдесінде WhatsApp мессенджерінде арна енгізген болатын. Бұл арна Қазақстанда және шет елдерде жүрген азаматтарға зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша ақпарат және кеңес алуға мүмкіндік береді.
БЖЗҚ ақпарат алу арналарын кеңейту үшін Қазақстан Республикасының электрондық үкіметімен, барлық облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Былтырғы жылы жоғарыда аталған әкімдіктермен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар 2018 жылдың 6 қыркүйегінде БЖЗҚ мен Астана қаласы әкімдігінің iKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Атап өту керек, орталық барлық қалалық тіршілікпен қамтамасыз ету қызметтері бойынша демалыссыз және тәулік бойы ақыл-кеңес береді, тұрғындардың шағымдары мен өтініштерін қабылдайды, әлеуметтік желілерге мониторинг жасайды және әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен өтініштерге жауап береді.
iKomek-тің тізімдемесінде 770-тен астам көрсетілетін қызмет түрлері бар. Оған келісімге қол қойылған соң, БЖЗҚ жұмысы мен көрсететін қызметтері туралы ақпарат беру және «БЖЗҚ» АҚ Астана қалалық филиалының байланыс деректері бойынша анықтамалық ақпарат беру қызметі қосылды.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы Астана қаласын бақылау және талдау құралы ретінде әрекет жасайды. Оның алдыға қойған негізгі мақсаты – тұрғындардың өтініштерін қабылдау, оқыс оқиғалар мен апаттарды ретке келтіру және алдын алу барысында ң коммуналдық және жедел қызметтердің жұмысын үйлестіру, оқыс оқиғалардың дер кезінде реттелуін бақылау, «болары болып, бояуы сіңгенде» әрекет етпей алдын алу саясатын ұстану,
құқық бұзушылық әрекеттерді анықтау және өңдеу, сондай-ақ қаладағы ахуалды қалалық бейнебақылау жүйесі арқылы «осы жерде және қазір» режімінде жедел бақылау.
Орталық 365/24/7 күн тәртібінде жұмыс істейді. 109 телефон нөмірі, «Smart Astana» ұялы қосымшасы немесе әлеуметтік желілердегі ресми парақша арқылы өтініш білдіруге болады.
БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Дария баққа жинаңыз
Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне – 20 жыл. Осы кезең аралығында еліміз маңызды әлеуметтік-демографиялық, экономикалық өзгерістерді бастан кешіріп, талай жаңа белестерді бағындырды. Қазақстанның зейнетақы жүйесі де жаңа сапалық деңгейге көтеріліп, уақыт талабына сай жаңарды. Еліміздің зейнетақы жүйесінің өткені, бүгіні мен болашағына бағдар жасау үшін біз Астана қаласы филиалының директоры Мұрат Шариповты әңгімеге тарттық.
Кеңестік дәуірден қалған зейнетақы жүйесін жаңарту қажеттігі тәуелсіздіктің алғашқы жылдары туындады. Кеңес Одағы құлағаннан кейін ортақ зейнетақы жүйесі жаңа заман талабына сай келмейтіні түсінікті болды. Сондықтан Қазақстан өзіне қолайлы жүйе қалыптастыру үшін әлемдік тәжірибені зерттей бастады. Ең оңтайлы жүйе ретінде 80-жылдары әлем бойынша үздік деп танылған Чилидің үлгісі таңдалып алынды. Әлемдік банктің кеңесімен осы үлгі бойынша Латын Америкасы, Шығыс Еуропа, ТМД-ның бірқатар елдерінің зейнетақы жүйесі реформаланды. Қазақстан осы жүйенің басты қағидатын негізге алды. Бұл жүйе бойынша салымшылар табысының белгілі бір пайызын жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жеке зейнетақы шоттарына жинауға міндеттеліп, бұл жарна инвестициялық табыспен капитализацияланады. Қызу пікірталастардан кейін 1997 жылдың 20 маусымында «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заң қабылданды.
Осылайша Қазақстан посткеңестік кеңістікте алғашқы болып жинақтаушы жүйеге негізделген аралас зейнетақы жүйесіне көшті. 1997 жылдың қыркүйегінде ҚР Үкіметінің Қаулысымен Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры құрылды (МЖЗҚ). 1998 жылдың басынан бастап қазақстандықтар табысының 10 пайызын міндетті зейнетақы жарнасы ретінде жеке зейнетақы шоттарына аудара бастады. Осы жылдан бастап жеке зейнетақы қорлары да ашыла бастады. Әрбір азаматқа өзіне қолайлы зейнетақы қорын таңдау құқы берілді. Егер ол өз таңдауын жасай алмаса, жарнасы автоматты түрде мемлекеттік қорға аударылды.
2013 жылы МЗЖҚ-ның базасында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) құрылды. БЖЗҚ-ға жеке қорлардың активтері берілгеннен кейін әкімшілік және операциялық шығындар азайып, жеке қорлардың комиссияларымен салыстырғанда БЖЗҚ-ның комиссиялық сыйақылары азайды. Ең бастысы – мүдделес компаниялармен шығынды келісім-шарттар жасалуына тосқауыл қойылды. Салымшылардың бір қордан екінші қорға бей-берекет ауысуы да тоқтады. Мұның бәрі жүйенің тиімділігіне игі әсер еткені күмәнсіз. Дегенмен, БЖЗҚ құрылғаннан кейін де Қазақстанда ортақ бөліктен, міндетті жинақтаушы бөліктен және ерікті жинақтаулардан тұратын көп деңгейлі зейнетақы жүйесі сақталып қалды. Жиынтық зейнетақы да екі төлем көзінен тұрады: мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық және ортақ зейнетақы және БЖЗҚ-дағы жинақтардан құралатын зейнетақы.
Уақыт талабына сай болу үшін зейнетақы жүйесі әрдайым жаңарып отырады. Қазақстанның зейнетақы жүйесінде алдағы онжылдықтарда қалыптасуы ықтимал түрлі сценарийлерді болжау үшін БЖЗҚ-да актуарлық зерттеулер жүргізіледі. Қор мамандары зейнетақы жинақтау жүйесінің қандай да бір бөлігі жақсы дамыған елдердің тәжірибесін зерттеумен де айналысады. Мысалы, шартты-жинақтаушы компонент Швецияда жақсы дамыған. Сонымен бірге, ерікті зейнетақы бөлігін дамытуға Германия мен Малайзияда үлкен мән беріледі. Сингапур жинақтарды баламалы мақсаттарға пайдалану тәжірибесімен, ал Гонконгтың тәжірибесі зейнетақы активтерін басқарудың инвестициялық стратегиясымен тартымды.
Алайда енгізілгелі отырған өзгерістермен бірге Қазақстан зейнетақымен қамсыздандырудың диверсификациялық қағидатын сақтап қалады. Себебі бұл компоненттің артықшылығын екінші компоненттің кемшіліктерінің орнын толтыру үшін пайдалануға болады. 2040-жылдары 1998 жылға дейін еңбек өтілі жоқ азаматтар зейнетке шыға бастағанша ортақ компонент біртіндеп шартты-жинақтаушы компонентке ауыса бастайды.
Сонымен қатар Ұлттық банкте зейнетақы активтерін басқару бойынша бірқатар міндеттерді бәсекелестік ортаға – қазақстандық және шетелдік компанияларға беруге байланысты ұсыныстар дайындалды. Салымшыларға инвестициялық стратегия мен жеке басқарушы компанияны таңдау құқы беріледі деп жоспарлануда. Бірақ БЖЗҚ ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық қаржылық және ақпараттық ағымдарының бірыңғай операторы және әкімгері болып қала береді.
Құрылымдық өзгерістермен қатар сапалық өзгерістер де болады. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына орай, БЖЗҚ интернеттің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қор қызметтерін барынша қолжетімді ету бағытында үлкен жұмыстар атқарып жатыр. Қазірдің өзінде Қордың барлық қызметтері дерлік электрондық нұсқада қолжетімді. Осының арқасында біздің салымшылармен ара-қатынасымыз түбегейлі өзгеріп, оларға барынша жедел қызмет көрсетуге мүмкіндік алдық.
БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі: уақыт биігінен
Биыл Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл толып отыр. 20 қыркүйек күні Қордың барлық филиалдарында осы айтулы датаға арналған халықпен дәстүрлі кездесу - Ашық есік күні өтеді. Еліміздің зейнетақы жүйесінің жұмысы туралы кеңірек білу үшін біз «БЖЗҚ» АҚ-ның филиалының директоры М.Шариповты әңгімеге тарттық.
Мұрат Турсынұлы, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ерекшелігі неде және бұл жүйеге көшуіміздің себебі қандай?
Кеңес Одағының кезінде ортақ зейнетақы жүйесі жұмыс істеді. Оның мәнісі – экономикалық белсенді тұрғындардың қарттардың алдындағы жауапкершілігіне құрылған. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бұл зейнетақы жүйесін бұрынғы кеңестік жүйеге кірген барлық мемлекеттер, соның ішінде Қазақстан да мұраға алды. Бірақ оның бірнеше кемшіліктері болды. Біріншіден, тәуелсіз Қазақстанда туу көрсеткіші азайып, қарттардың саны өсті. Бұл өз кезегінде зейнеткерлер мен жұмыс істейтіндердің пропорционалды ара қатынасын бұзды. Екіншіден, елде жұмыссыздық көбейді. Үшіншіден, жұмыс істейтіндердің табысы мен зейнетақы көлемі арасындағы байланыс әлсіреп кетті. Яғни, табысы бірдей немесе әртүрлі азаматтардың бірдей зейнетақы алуы мүмкін еді. Әрі азаматтардың жеке зейнетақы шоты жоқ болғандықтан, олардың зейнетақы жинақтарын нақты есептеу мүмкін болмады. Бұл азаматтардың өздерінің болашағына керекті зейнетақы жинауға ынталандырмайтын.
Сондықтан, 1998 жылы зейнетақы реформасының басты мақсаты – азаматтардың болашақ зейнетақысына қатысты жауапкершілігіне негізделген әділетті зейнетақы жүйесін қалыптастыру болатын. Жаңа жүйеге негіз ретінде 80-жылдары әлем бойынша озық болып танылған Чили үлгісі алынды. Қазақстан оның басты қағидаты - зейнетақы жарналарының міндетті сипатын қабылдады.
2013 жылы барлық жеке қорлар жабылып, жалғыз мемлекеттік қор қалды. Мұның себебі неде? Олар өз жұмысын ақтамады ма?
Зейнетақы нарығындағы бәсекелестік алғашында жақсы нәтиже бергенімен, уақыт өте жеке қорлардың әлсіз тұстары біліне бастады. Кейде қорлар бәсекелестік жағдайында жаңа салымшылардың орнына бір-бірінің салымшыларын тартып алып отырды. Ол аздай көптеп табыс табу үшін күмәнді құралдарға инвестиция салып, табыс табудың орнына шығынға батқан жағдайлар да болды.
Азаматтардың жинақтарын басқару қауіпсіз әрі тиімді болу үшін 2013 жылы Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының негізінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы құрылды. БЖЗҚ-ға жүктелген негізгі міндеттер – салымшылардың зейнетақы шоттарының есебін дұрыс жүргізу, олардың жай-күйін бақылау, салымшылардың деректемелеріне тиісті өзгерістер енгізіп отыру, ақпараттық –түсіндірмелік жұмыс жүргізу, зейнетақы төлемдерін жасау ретінде көрініс тапты.
БЖЗҚ-ның құрылуы қандай өзгерістер әкелді?
БЖЗҚ-ның құрылуы және зейнетақы активтерінің біріктірілуі нарықты өзгерткенімен, зейнетақы жүйесінің құрылымын өзгерткен жоқ. Қазақстанда көп деңгейлі жүйе мен жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жеке шоттардың жүргізілуі, жинақтардың жекеменшігі және олардың мұраға қалдырылуы, зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекеттік кепілдік сынды негізгі параметрлері бұрынғыша қалды. Жиынтық зейнетақы да бұрынғыша екі көзден - мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ зейнетақы, ал БЖЗҚ-дан салымшылардың өз жинағы есебінен қаржыландырылады.
БЖЗҚ-ның құрылуы салымдарды есептеу мен сақтауға кететін операциялық шығындар мен әкімшілік шығындарды азайтуға мүмкіндік берді. Тиісінше, комиссиялық шығындар жеке қорлардыкімен салыстырғанда екі есе азайды. Сонымен қатар, бизнес-үдерістерді оңтайландыру, тиімсіз шығындарды жою, жаңа электрондық қызметтер енгізу, олардың үлесін арттырудың арқасында комиссиялық сыйақылар тағы да төмендеді. Тағы бір маңызды жәйт – мүдделес тұлғалармен келісім-шарт жасау мүмкіндігіне тосқауыл қойылды. Салымшылардың бір қордан екінші қорға ауысуы доғарылды. Осылайша жүйенің тағы бір осал тұсы жойылды. Бірыңғай базаның арқасында қате техникалық шоттар барынша азайтылды. Мұның бәрі зейнетақы жүйесін нығайтуға мүмкіндік берді.
Жинақтаушызейнетақы жүйесіне толығымен өтуіміз мүмкін бе?
Көп деңгейлі зейнетақы жүйесі ойдағыдай жұмыс істеп келеді және бұл жүйені таңдауымыздың дұрыс екендігін уақыт дәлелдеп берді. Сондықтан жүйенің диверсификация қағидатын сақтауымыз қажет.
2040 жылдары зейнетке 1998 жылға дейін еңбек өтілі жоқ азаматтар шыға бастайды. Яғни, ортақ компонент толығымен жойылып, оның орнын жинақтаушы жүйе басады. Сондықтан БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына жүйелі түрде зейнетақы жарналарын аударып, жұмыс берушінің өз міндетін адал атқарып жүргенін тексеріп тұрған жөн. Сонымен қатар, ерікті зейнетақы жарналарын барынша көбірек аудару керек.
Сонда мемлекет азаматтарды зейнетақымен қамту жұмысына араласпады ма?
Көп деңгейлі жүйе мемлекет, жұмыс беруші мен жұмыскердің ортақ жауапкершілігіне негізделген. Мемлекет қазақстандықтарды, азаматтығы жоқ тұлғаларды, елімізде тұратын шетелдіктерді зейнетақымен қамсыздандыру туралы міндеттемесінен бас тартпайды. Керісінше, биылдан бастап базалық зейнетақы жүйесі әлеуметтік әділеттілік қағидатына сай, халықты зейнетақы жүйесіне қатысуға ынталандыру үшін одан әрі жетілдірілді. Он жылдан кем жарна төлегендерге төменгі өмір сүру шегінің 54 пайызы төленіп, әрбір қосымша жыл үшін 2 пайыз қосылады. Егер азамат 20 жыл жұмыс істесе, төменгі өмір сүру шегінің 74 пайызын, 33 жылдан жоғары – 100 пайыз мөлшерінде базалық зейнетақы белгіленеді.
Әңгімеңізге рахмет!
«БЖЗҚ туралы 5 сұрақ»
Біз дәстүрлі «БЖЗҚ туралы 5 сұрақ» айдарын одан әрі жалғастырамыз. Онда осы айда БЖЗҚ қызметі, зейнетақы жинақтары және жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілдері жайында жиі қойылатын сұрақтар қамтылған.
1. enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте қалай тіркелуге болады?
Жеке кабинетте тіркелу үшін, алдымен ақпарат алу тәсілі ретінде «интернет-хабарландыру» опциясын таңдап алу қажет. Егер сіз мұны жасамаған болсаңыз жеке басыңызды куәландыратын құжатпен БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып, ақпарат алу тәсілін өзгерту жөнінде қосымша келісімге қол қоюыңыз қажет. Бұл операция 2-3 минут уақытты ғана алады. «БЖЗҚ» АҚ сайтының «Интернет үзінді-көшірме» бөлімінде тіркелген кезде енді логин ретінде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) пайдалануға болады. Ал құпия сөзіңіз, яғни пароліңіз ақпараттық қауіпсіздік талаптарына жауап беруі тиіс. Яғни, ол алты символдан кем болмауы тиіс және сандардан әрі латын әріптерінен құралуы керек.
2. Егер мен зиянды өндірісте істейтін болсам, жұмыс берушім мен үшін қосымша жарна төлеуге міндетті ме?
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) жұмыскердің айлық табысының 5 пайызы көлемінде белгіленеді.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуді жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен еңбек жағдайы зиянды болып саналатын жұмыспен айналысатын жұмыскерлерінің пайдасына жүзеге асырады.
Мұндай жұмыстардың тізімі ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсанда қабылданған №1562-ші қаулысымен бектілген.
Егер еңбек жағдайы ауыр жұмыстар өндірістік нысандарды аттестациялау шарасы нәтижесінде тізімнен алынып тасталатын болса, жұмыс берушілер бұл үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аудармайды.
Жұмыс беруші жұмыскерлеріне айлық жалақы төлегенімен, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын дер кезінде аудармаған болса, оны мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алады немесе жұмыс берушілер 2,5 еселік ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі шамасында есептелген өсімпұлмен қоса төлеуге міндетті. Бұл ретте мерзімі өткізілген әр күнге белгіленген қайта қаржыландыру мөлшерлемесін өкілетті орган бекітетіндігін айта кеткен жөн. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының өз уақытында толыққанды төленуін қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады. Осылайша, жұмыс беруші БЖЗҚ-ға өзінің жұмыскерлері үшін міндетті зейнетақы жарналарын зейнетақы заңнамасына өзгерістер енгізілген сәттен, яғни 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап аударуға міндетті. Бұл ретте мына жәйтті ескере кеткен жөн, жұмыскердің пайдасына аударылған міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыскермен МКЗЖ есебінен ЖЗШ ашу туралы шарт жасалған жағдайда ғана оның жеке зейнетақы шотына есептелуі мүмкін.
3. Жарналардың дер кезінде аударылуын және жеке зейнетақы шотының жай-күйін қалай білуге болады?
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинақтарының көлемі, жай-күйі туралы ақпарат берудің бірнеше тәсілін ұсынады. Нақты айтар болсақ:
- салымшы зейнетақы жинағының жай-күйі туралы ақпаратты Қор кеңсесіне тікелей өзі келгенде (республика бойынша Қордың 231 дербес қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді);
- пошта байланысы арқылы (үзінді-көшірме салынған конверт әр жылдың басында салымшының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы өтінішінде көрсетілген мекенжайына жеткізіледі);
- электрондық пошта арқылы (оны таңдаған кезде зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат салымшының ЖЗШ ашу туралы өтінішінде немесе хабарлау тәсілін өзгерту туралы келісімге қол қою кезінде көрсеткен электрондық поштасына жолданады);
- логин мен құпия сөзді (пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзінді көшірме» бөліміне кіріп, (логин мен құпия сөзді қолдану арқылы ENPF ұялы қосымшасын пайдалануға да болады) өтініш жасау арқылы ала алады.
Мінеки, Сіз осы тәсілдердің ішінен өзіңізге ыңғайлысын таңдай аласыз. Ал біз Сізге зейнетақы жинақтарыңыздың жай-күйін интернет, яғни онлайн қызметтері (www.enpf.kz, www.e-gov.kz және ұялы қосымша) арқылы алуға кеңес береміз. Бұл Сізге кез келген уақытта, кез келген жерде зейнетақы шотыңыздың жай-күйін тез арада біліп отыруға мүмкіндік береді.
Бұл үшін жеке басыңызды куәландыратын құжатпен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) жергілікті бөлімшесіне барып өтініш білдіруіңіз қажет. Сол жерде зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты интернет арқылы алу тәсілін таңдайсыз. Сөйтіп ұялы телефоныңызға «ENPF» ұялы қосымшасын жүктеп аласыз. Кейін, логин мен құпия сөзді (пароль) қолдана отырып, кез келген жерде, кез келген уақытта жеке зейнетақы шотыңыздың жай-күйін осы ұялы қосымшадан көруіңізге болады.
Бұл үшін әрине ұялы телефоныңыз Wi-Fi интернет желісіне жалғануы тиіс.
Айтпақшы, салымшы үзінді көшірме алу үшін кез келген кезеңді (бір күннен бастап бірнеше жылға дейінгі аралық) таңдай алады.
4. Мен Қазақстанның бұрынғы азаматымын. Ресей Федерациясының азаматтығын алдым. Айтыңызшы, мен өзімнің зейнетақы жинақтарымды қалай алуыма болады және бұл үшін зейнетақы Қорына қандай құжаттарды тапсыруым керек?
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.
«Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету, ішкі істер органдары кету фактісін растайтын құжаттарды рәсімдеген соң жүзеге асырылады.
Егер БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, басқа мемлекеттің азаматтығын алуды жоспарлаған Қазақстан азаматы, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам
Қазақстан аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету туралы шешім қабылдаса, белгіленген тәртіпте шетелге кетуге арналған құжаттарды рәсімдеуі керек.
Бұл рәсім шетелге тұрақты тұруға кетіп бара жатқан азаматтардың Қазақстандағы орындамаған (салық, мүлік, сот, мерзімді әскери қызметті өтеу және т. б.) міндеттемелерін анықтау үшін қажет.
Шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы төлемдерін алуға арналған құжаттардың тізімі enpf.kz сайтында мына сілтеме бойынша жайғастырылған: http://www.enpf.kz/ru/uslugi/pensioneram/poryadok-oformleniya-pensionnykh-vyplat/vyplaty-v-svyazi-s-vyezdom-na-pmzh-za-predely-respubliki-kazakhstan.php.
Сонымен қатар сайтта БЖЗҚ-ға ұсыну тәсіліне қарай (өзі келіп өтініш жасағанда, үшінші тұлға немесе пошта байланысы арқылы жібергенде) барлық қажетті құжаттар тізілімі, оларды рәсімдеуге қатысты талаптар, сондай-ақ өтініш бланкалары және оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгілері, әр түрлі мемлекеттік органдардың түсіндірмелері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтік веб-сайтының www.enpf.kz мекенжайында орналастырылған. Ондағы ақпараттар тұрақты негізде жаңартылып отырады.
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
«БЖЗҚ туралы 5 сұрақ»
Біз дәстүрлі «БЖЗҚ туралы 5 сұрақ» айдарын одан әрі жалғастырамыз. Онда осы айда БЖЗҚ қызметі, зейнетақы жинақтары және жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілдері жайында жиі қойылатын сұрақтар қамтылған.
1. enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте қалай тіркелуге болады?
Жеке кабинетте тіркелу үшін, алдымен ақпарат алу тәсілі ретінде «интернет-хабарландыру» опциясын таңдап алу қажет. Егер сіз мұны жасамаған болсаңыз жеке басыңызды куәландыратын құжатпен БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып, ақпарат алу тәсілін өзгерту жөнінде қосымша келісімге қол қоюыңыз қажет. Бұл операция 2-3 минут уақытты ғана алады. «БЖЗҚ» АҚ сайтының «Интернет үзінді-көшірме» бөлімінде тіркелген кезде енді логин ретінде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) пайдалануға болады. Ал құпия сөзіңіз, яғни пароліңіз ақпараттық қауіпсіздік талаптарына жауап беруі тиіс. Яғни, ол алты символдан кем болмауы тиіс және сандардан әрі латын әріптерінен құралуы керек.
2. Егер мен зиянды өндірісте істейтін болсам, жұмыс берушім мен үшін қосымша жарна төлеуге міндетті ме?
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) жұмыскердің айлық табысының 5 пайызы көлемінде белгіленеді.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуді жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен еңбек жағдайы зиянды болып саналатын жұмыспен айналысатын жұмыскерлерінің пайдасына жүзеге асырады.
Мұндай жұмыстардың тізімі ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсанда қабылданған №1562-ші қаулысымен бектілген.
Егер еңбек жағдайы ауыр жұмыстар өндірістік нысандарды аттестациялау шарасы нәтижесінде тізімнен алынып тасталатын болса, жұмыс берушілер бұл үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аудармайды.
Жұмыс беруші жұмыскерлеріне айлық жалақы төлегенімен, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын дер кезінде аудармаған болса, оны мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алады немесе жұмыс берушілер 2,5 еселік ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі шамасында есептелген өсімпұлмен қоса төлеуге міндетті. Бұл ретте мерзімі өткізілген әр күнге белгіленген қайта қаржыландыру мөлшерлемесін өкілетті орган бекітетіндігін айта кеткен жөн. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының өз уақытында толыққанды төленуін қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады. Осылайша, жұмыс беруші БЖЗҚ-ға өзінің жұмыскерлері үшін міндетті зейнетақы жарналарын зейнетақы заңнамасына өзгерістер енгізілген сәттен, яғни 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап аударуға міндетті. Бұл ретте мына жәйтті ескере кеткен жөн, жұмыскердің пайдасына аударылған міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыскермен МКЗЖ есебінен ЖЗШ ашу туралы шарт жасалған жағдайда ғана оның жеке зейнетақы шотына есептелуі мүмкін.
3. Жарналардың дер кезінде аударылуын және жеке зейнетақы шотының жай-күйін қалай білуге болады?
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинақтарының көлемі, жай-күйі туралы ақпарат берудің бірнеше тәсілін ұсынады. Нақты айтар болсақ:
- салымшы зейнетақы жинағының жай-күйі туралы ақпаратты Қор кеңсесіне тікелей өзі келгенде (республика бойынша Қордың 231 дербес қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді);
- пошта байланысы арқылы (үзінді-көшірме салынған конверт әр жылдың басында салымшының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы өтінішінде көрсетілген мекенжайына жеткізіледі);
- электрондық пошта арқылы (оны таңдаған кезде зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат салымшының ЖЗШ ашу туралы өтінішінде немесе хабарлау тәсілін өзгерту туралы келісімге қол қою кезінде көрсеткен электрондық поштасына жолданады);
- логин мен құпия сөзді (пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзінді көшірме» бөліміне кіріп, (логин мен құпия сөзді қолдану арқылы ENPF ұялы қосымшасын пайдалануға да болады) өтініш жасау арқылы ала алады.
Мінеки, Сіз осы тәсілдердің ішінен өзіңізге ыңғайлысын таңдай аласыз. Ал біз Сізге зейнетақы жинақтарыңыздың жай-күйін интернет, яғни онлайн қызметтері (www.enpf.kz, www.e-gov.kz және ұялы қосымша) арқылы алуға кеңес береміз. Бұл Сізге кез келген уақытта, кез келген жерде зейнетақы шотыңыздың жай-күйін тез арада біліп отыруға мүмкіндік береді.
Бұл үшін жеке басыңызды куәландыратын құжатпен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) жергілікті бөлімшесіне барып өтініш білдіруіңіз қажет. Сол жерде зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты интернет арқылы алу тәсілін таңдайсыз. Сөйтіп ұялы телефоныңызға «ENPF» ұялы қосымшасын жүктеп аласыз. Кейін, логин мен құпия сөзді (пароль) қолдана отырып, кез келген жерде, кез келген уақытта жеке зейнетақы шотыңыздың жай-күйін осы ұялы қосымшадан көруіңізге болады.
Бұл үшін әрине ұялы телефоныңыз Wi-Fi интернет желісіне жалғануы тиіс.
Айтпақшы, салымшы үзінді көшірме алу үшін кез келген кезеңді (бір күннен бастап бірнеше жылға дейінгі аралық) таңдай алады.
4. Мен Қазақстанның бұрынғы азаматымын. Ресей Федерациясының азаматтығын алдым. Айтыңызшы, мен өзімнің зейнетақы жинақтарымды қалай алуыма болады және бұл үшін зейнетақы Қорына қандай құжаттарды тапсыруым керек?
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.
«Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету, ішкі істер органдары кету фактісін растайтын құжаттарды рәсімдеген соң жүзеге асырылады.
Егер БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, басқа мемлекеттің азаматтығын алуды жоспарлаған Қазақстан азаматы, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам
Қазақстан аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету туралы шешім қабылдаса, белгіленген тәртіпте шетелге кетуге арналған құжаттарды рәсімдеуі керек.
Бұл рәсім шетелге тұрақты тұруға кетіп бара жатқан азаматтардың Қазақстандағы орындамаған (салық, мүлік, сот, мерзімді әскери қызметті өтеу және т. б.) міндеттемелерін анықтау үшін қажет.
Шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы төлемдерін алуға арналған құжаттардың тізімі enpf.kz сайтында мына сілтеме бойынша жайғастырылған: http://www.enpf.kz/ru/uslugi/pensioneram/poryadok-oformleniya-pensionnykh-vyplat/vyplaty-v-svyazi-s-vyezdom-na-pmzh-za-predely-respubliki-kazakhstan.php.
Сонымен қатар сайтта БЖЗҚ-ға ұсыну тәсіліне қарай (өзі келіп өтініш жасағанда, үшінші тұлға немесе пошта байланысы арқылы жібергенде) барлық қажетті құжаттар тізілімі, оларды рәсімдеуге қатысты талаптар, сондай-ақ өтініш бланкалары және оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгілері, әр түрлі мемлекеттік органдардың түсіндірмелері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтік веб-сайтының www.enpf.kz мекенжайында орналастырылған. Ондағы ақпараттар тұрақты негізде жаңартылып отырады.
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
«5 сауал» атты дәстүрлі айдарымызды жалғастыра отырып, сіздердің назарларыңызға келесі ақпаратты ұсынамыз.
1. Салымшы (алушы) ЖЗШ-ның жай-күйі туралы ақпаратты қандай жиілікпен ала алады?
БЖЗҚ салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты кем дегенде жылына бір рет, сондай-ақ оның сұрауы бойынша кез-келген күні, төлемақы ұстамай, яғни тегін беруі тиіс. Сонымен қатар, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа электрондық және басқа да хабарландыру әдістеріне қолжетімділігін қамтамасыз етуге міндетті.
Зейнетақы жинақтары туралы ақпарат салымшыға (алушыға) ол таңдаған хабарландыру әдісімен жүргізіледі. Бұл үшін алушы (салымшы) келесі хабарландыру әдістерінің бірін таңдауы тиіс:
- БЖЗҚ офисіне жеке өзі келген жағдайда немесе Интернет арқылы байланысқа шыққан болса, салымшылардың (алушылардың) ақпаратты қанша рет сұратуына шек қойылмаған ;
- ЖЗШ ашуға жазылған арыздың реквизиттерінде немесе ақпараттандыру әдісін өзгерту/таңдау туралы қосымша келісімде көрсетілген электрондық поштаның мекен-жайына ақпарат таңдалып алынған әдіс бойынша (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда, бір жылда) бір мәрте;
- пошта байланысы арқылы – жылына бір мәрте;
- интернет-ақпараттандыру – онлайн режимінде; ақпараттандырудың бұл әдісі арқылы жеке зейнетақы шоты бойынша enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы ғана емес, смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF мобильді қосымшасы арқылы да ақпарат алуға болады. Сонымен қатар, жеке зейнетақы шоты туралы электрондық үкіметтің сайтындағы «Әлеуметтік қамсыздандыру» -- «БЖЗҚ-ның зейнетақы шотынан үзінді-көшірме» бөлімінен ҚР электрондық үкімет порталында тіркеліп, электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) болған жағдайда алуға болады.
2. Салымшы (алушы) мекен-жайы өзгерген жағдайда бұл туралы БЖЗҚ-ын ескертуге міндетті ме?
2013 жылдың 21 маусымында қабылданған № 105-V «ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңының 39 бабы 4 тармағы 1) тармақшасына сәйкес, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының салымшылары мен БЖЗҚ-ның алушылары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпке сай БЖЗҚ-ны Қор міндеттемелерін орындауға ықпал ететін барлық өзгерістер туралы бұл өзгерістер туындаған сәттен бастап, он күнтізбелік күн ішінде ескертуі тиіс.
Бұған салымшы тиісті хабарландыру тәсілін таңдаған болса, электрондық және пошта мекен-жайын өзгерту жатады.
1) Зейнетақымен қамтамасыз ету келісім-шартта көрсетілген пошта мекен-жайының өзгергені туралы, егер Сіз «пошта арқылы» деген зейнетақы салымдары туралы хабарландыру тәсілін таңдаған болсаңыз, БЖЗҚ-на жеке өзіңіз барып немесе пошта байланысы арқылы, аты—жөніңіз, тегіңіз, туған жыл, ай-күніңіз, жеке идентификациялық номеріңіз (ЖИН) көрсетілген, жеке куәлігіңіздің көшірмесі салынған хабарлама арқылы ескерте аласыз.
2) Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісім-шартта немесе ақпараттандыру әдісін белгілеу/өзгерту туралы қосымша келісімде ақпараттандыру әдісі ретінде «электрондық пошта (e-mail)» деп көрсеткен болсаңыз, осы электрондық мекен-жай өзгерген жағдайда, бұл туралы Қорды ескертуіңіз керек. Көңіл аударатын жәйт, Сіз электрондық мекен-жайыңыздың өзгергені туралы тек ЖЗБҚ офисіне өзіңіз барып қана ескертуіңізге болады.
Егер салымшы (алушы) өткен жылдың 31 желтоқсанына дейін тұрғылықты мекен-жайын өзгертіп, бұл туралы Қорды ескертпеген болса, 2017 жылға пошта арқылы жіберілген үзінді-көшірме БЖЗҚ-ға қайтып келеді. Сонымен қатар, қолданыстағы заңға сәйкес, БЖЗҚ келесі жылы үзінді-көшірмені пошта арқылы жөнелтпеуге құқылы.
Егер ағымдағы жылдың 1 қаңтарына салымшының (алушының) тиісті жылдың 1 қаңтарына ЖЗШ-да қаржысы болмаса немесе оны хабарландыру әдісі туралы тиісті келісім жасалмаса, БЖЗҚ оны зейнетақы жинақтау шотының жай-күйі туралы хабарландырмауға құқылы. БЖЗҚ мамандары салымшыларға өздерінің жеке мәліметтерін жаңартып, және/немесе хабарландырудың жаңа тәсілін таңдау үшін Қордың жеке қызмет көрсету орталықтарына баруға кеңес береді.
3. БЖЗҚ офисіне бармай –ақ реквизиттердегі мекен-жайды өзгертуге бола ма?
БЖЗҚ 2017 жылы өзінің электрондық қызмет көрсету жүйесін кеңейтіп, салымшыларға Қор сайтындағы жеке кабинеті арқылы реквизиттеріне өзгеріс енгізуге мүмкіндік берді. Енді БЖЗҚ-ың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген реквизиттердің (жеке куәлік туралы ақпарат, тұрғылықты жердің мекен-жайы, электрондық мекен-жай (e-mail), телефон номерлері) өзектілігін электрондық сандық қолтаңбаның өзекті кілті бар жағдайда өз бетінше тексеріп, қажет жағдайда өзгерістер және (немесе) түзетулер енгізуге болады. Бұл үшін БЖЗҚ сайтындағы «Электрондық сервистер» атты бөлімге кіріп, «Реквизиттерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу» атты электрондық қызметке жүгініп, керекті өзерістерді енгізу қажет.
4. Егер зейнетақы қорымен келісім-шарт жеке куәлік негізінде жасалған болса, ақпараттандыру әдісін өзгерту туралы қосымша келісімге қол қойған кезде ҚР азаматының төлқұжатын пайдалануға бола ма?
Иә, ҚР азаматының төлқұжатын хабарландыру тәсілін өзгерту/ белгілеу туралы келісімге қол қою үшін пайдалануға болады. Бұл ретте салымшының (алушының) негізгі деректемелерінің сәйкестігі салымшының бұрын жеке басты куәландыратын басқа құжат (әкесінің аты көрсетілген жеке куәлік, тұруға ықтиярхат) беруі салдарынан пайда болған «әкесінің аты» деректемесіндегі алшақтықты есепке алмай-ақ тексеріледі.
5. ЖЗШ-да қалған қаржы мен оның есеп-қисабы туралы Анықтаманы кім талап ете алады?
Зейнетақы жинақтары туралы құпияны зейнетақы жарналарын аударып жүрген салымшыға, алушыға немесе кез-келген үшінші тұлғаға тек салымшының (алушының) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделген жазбаша келісімі арқылы ғана беруге болады.
ЖЗШ-да қалған қаржы және олардың қозғалыстары туралы есеп туралы анықтама:
1) алдын-ала анықтау және алдын-ала тергеу органдарына олардың өндірісіндегі қылмыстық істерге қатысты;
2) соттарға – сот ұйғарымы бойынша олардың өндірісіндегі істерге қатысты;
3) сот орындаушыларына – сот санкциясы бойынша сот орындаушысының қаулысы негізінде олардың өндірісіндегі атқару құжаттары негізінде;
4) мемлекеттік кіріс органдарына – тексеріліп жатқан тұлғаның міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау, төлеу мәселелеріне байланысты;
5) өкілетті органға – салымшының (алушының) арызына немесе өкілетті органның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысын тексеруіне байланысты туындаған мәселелерге қатысты;
6) прокурорға - қарауындағы материалға қатысты оның өкілеттігі аясында тексеру жүргізу туралы қаулыға сәйкес;
7) қаржылық мониторинг жөніндегі өкілетті органға – ҚР «Қылмыстық жолмен алынған табыстарды жариялауға және лаңкестікті қаржыландыруға тосқауыл қою туралы» Заңында көрсетілген мақсаттарда және тәріпте;
8) салымшының (алушының) өкілдеріне – нотариалды бекітілген сенімхат немесе сот шешімінің негізінде;
9) Орталыққа – міндетті зейнетақы қорлары, кәсіби міндетті зейнетақы қорлары бойынша салымшылардың (алушылардың) мәліметтер базасын жасау және міндетті зейнетақы жарналары, кәсіби міндетті зейнетақы жарналарының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында сақталуын, салымшының зейнетақы төлемдеріне құқын алу сәтіне нақты салымдарының инфляция деңгейін ескере отырып, қамтамасыз ету мақсатында;
10) орталық атқарушы органға – салымшы (алушының) арызына байланысты туындаған мәселелерге орай;
11) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысына жыл сайын аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға;
12) Халыққа қызмет ету орталықтарына – салымшыға (алушыға) немесе оның арызы бойынша, олардың өкіліне нотариалды бекітілген сенімхат бойынша немесе сот шешімі бойынша.
Сонымен қатар, жеке зейнетақы шотының бар екендігі туралы, ондағы қалдық пен қаражат қозғалысы туралы анықтама салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда, заң бойынша мұрагерлік құқығы туралы куәлікке сәйкес мұрагер болып табылатын азаматтарға немесе өсиетхатта көрсетілген тұлғаларға олардың жазбаша арызы бойынша, соттарға - олардың өндірісіндегі мұрагерлік туралы істер бойынша беріледі.
«БЖЗҚ» АҚ Баспасөз орталығы
«Жинақтарымыздың сақталуы және табысы»
Бүгін сіз инвестициялық қызмет, инвестициялық табыс және сіз бен біздің жинақтарымызды сақтау кепілі туралы БЖЗҚ-дан 5 анағұрлым өзекті мәселелерге жауап аласыздар.
1. Зейнетақы жинақтарын төлейтін кезде құнсыздану деңгейі ескеріледі ме, жинақтарды қорғайтын қандай да бір кепілдік бар ма?
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабына сәйкес мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқығын алған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып БЖЗҚ-дағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына жарналардың нақты енгiзiлген мөлшерiнде кепiлдiк бередi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 341 қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидасында кепілдік таралатын тұлғалар тізімі белгіленген, олар:
1. зейнет жасына толған сәтте (63 жасқа толған ерлер, 58 жасқа толған әйелдер);
2. егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектер;
3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар.
Айырмашылық төлеміне құқығы бар тұлға қайтыс болған жағдайда, айырма төлемінің сомасы мұрагерге Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіпте беріледі.
Төлем құқығын алған кезде әрбір алушыға жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі бүкіл кезең үшін табыстылық пен құнсыздану деңгейі жеке есептеледі. Егер инвестициялық табыс құнсыздану деңгейінен асып түспесе, айырма мемлекеттік бюджеттен салымшының банк шотына есептелетін болады.
Қайта есеп алу үшін тұрғылықты жері бойынша ХҚО-ға («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕАҚ бөлімшесі) барып сәйкесті өтініш толтыру қажет.
2. Қор қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын қалай және қайда инвестициялайды?
Заңға сәйкес БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды ҚР ҰБ және БЖЗҚ арасында жасалған сенімгерлік басқару туралы шартының негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚР ҰБ) жүзеге асырады.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару ҚР ҰБ Басқармасының 2016 жылғы 18 наурыздағы № 86 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясына сәйкес жүзеге асырылады. Бұдан басқа, инвестициялық шешім Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсыныстарына сәйкес, оның ішінде Қордың зейнетақы активтерін орналастыруға рұқсат берілген құралдардың тізбесі бойынша қабылданады.
ҚР ҰБ инвестициялық стратегиясы ұзақ мерзімді келешекте табыстылықтың теңгерімділік деңгейін қамтамасыз ету мақсатында теңгеге, сондай-ақ шетелдік валютаға номиналданған түрлі қаржы құралдарына активтердің түрленуіне негізделген, сонымен қатар тәуекелдерді төмендету мақсатында түрлі қаржы құралдарына инвестициялауға бағытталған.
Бүгінгі таңда зейнетақы активтері мемлекеттік бағалы қағаздарға, квазимемлекеттік сектор компанияларының қағаздарына, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары мен акцияларына инвестицияланған, екінші деңгейдегі банктердің және шетелдік банктердің салымдарына, сонымен қатар сенімді шет ел эмитенттерінің құралдарына орналастырылады. Инвестициялық қызмет туралы ақпарат жүйелі түрде Қордың www.enpf.kz («Қор туралы» - «Инвестициялық қызмет» - «Зейнетақы активтері инвестициялық портфелінің құрылымы», «Инвестициялық қызметке шолу») ресми сайтында жарияланады.
3. Осы жылы инвестициялық табыс қандай болмақ?
Ұзақ мерзімді кезеңге зейнетақы активтерінің болжалды инвестициялық табысына нақты есеп жасау мүмкін емес. Инвестициялық табыс тұрақты шама емес және инвестициялық портфельдің құрылымы мен қаржы құралдарымен жасалынатын операцияларға байланысты. Оның шамасы нарықтық жағдай, қаржы құралдарын қайта бағалау, валюта бағамдарының өзгеруі және т.б. осы сынды бірқатар факторларға байланысты күн сайын өзгереді.
Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) есептелетін инвестициялық табыс көлемін жеке алып қарасақ, ол жинақтар көлеміне байланысты, яғни жинақтар көп болса және оларды толтыру кезеңділігі тұрақты болғанда есептелетін инвестициялық табыс та жоғары болады.
Дегенмен, БЖЗҚ өз салымшыларына enpf.kz сайтының «Электрондық қызметтер» бөліміндегі «Зейнетақы калькуляторы 1» құралын пайдалануды ұсынады. Оның көмегімен міндетті зейнетақы жарналары есебінен құрылған зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемінің көлемін есептеуге болады. Бұл калькулятор жинақтаушы, ортақ, базалық, сондай-ақ ерікті зейнетақыны болжалды есептеуге арналған. Есеп инфляцияның, инвестициялық табыстылықтың өсуі, жалақының өсуі бойынша болжамдарға негізделген. Есеп нәтижесі оптимистік, шынайы және пессимистік сынды түрлі болжамды деректермен ерекшеленетін үш сценарийде беріледі. Зейнетақы калькуляторы зейнетке шығар кезде күтілетін төлемдер туралы болжам жасауға мүмкіндік береді. Нақты түсіп отыратын зейнетақы жарналарының жиілігі зейнетке шығар кездегі зейнетақы төлемдерінің жиынтық сомасын есептеудегі негізгі белгілердің бірі болып табылады.
4. Ұзақ уақыт бойы жалақы алмадым, демек аударымдар да жасалған жоқ. Осы уақыт аралығында инвестициялық табыс есептелген жоқ па? Қандай жағдайларда ол есептелмейді?
Инвестициялық табыс тұрақты түрде есептеледі. Ол күн сайын әрбір қаржы күнінің соңында қаражаттарға оны тауысқанға дейін, яғни егер адам зейнетке шықса да және оны алып жүрсе де, оның әлі де түртілмеген жинақтарына инвестициялық табыс есептеле береді.
БЖЗҚ осыған орай қызықты бір оқиғамен бөлісті: осыдан біраз уақыт бұрын Қордың операциялық залына жас жігіт жаңадан жұмысқа орналасқандықтан өз зейнетақы шартын жаңартуға келген. Ол бұған дейін екі жыл бойы жұмыссыз жүрген екен және сәйкесінше оның шотына жарналар түспеген. Оның өз есептері бойынша оның жеке зейнетақы шотында 600 мыңнан астам теңге болуы керек еді. Алайда үзінді көшірмені алған жас жігіт біршама таңырқау күйде қалды: жұмыссыз жүрген көптеген айлар ішінде оның шотындағы зейнетақы жинақтары 120 мыңға ұлғайған және барлығы 720 мыңнан астам теңгені құрады. Егер де шот үнемі толтырылып тұрса, онда сандар көбейеді.
Есептелген инвестициялық табыс туралы ақпаратты бірнеше тәсіл арқылы алуға болады, яғни үзінді көшірмені Қорға келіп өтініш білдіре отырып немесе электрондық не кәдімгі пошта арқылы және сайт не ENPF ұялы қосымшасы арқылы да алуға болады.
5. Инвестициялық табысқа салық салынады ма?
Қор салымшыларының (алушыларының) зейнетақы жинақтарына, оның ішінде Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасымен көзделген жағдайлар (зейнет жасына толғанда, мерзімсіз 1,2 топтағы мүгедектігі белгіленсе және т.б.) орын алғанда ЖЗШ-дан төленетін есептелген инвестициялық табысқа Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық салынады.
Осылайша, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (ҚР Салық кодексі) 160-бабының 3-тармақшасына сәйкес зейнетақы төлемдері төлем көзінен салық салынатын табысқа жатады.
ҚР Салық кодексінің 170-бабына сәйкес салық салынатын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары; міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары; ерікті зейнетақы жарналары есебінен құрылған салық төлеушілердің зейнетақы жинақтарынан жүзеге асыратын төлемдер жатады. Алайда, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын зейнет жасына жеткен салымшылар (алушылар) кесте бойынша немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты кесте бойынша төлемдерді алған кезде, салық төленетін табыс көлемін кемітетін салық шегерімдеріне құқылы. Басқалай айтқанда, табыс салығы барлық төлемге емес, тек оның бөлігіне салынады. Түпкілікті салық сомасын анықтау үшін «жыл үшін зейнетақы төлемінен» «белгіленген салық шегерімін» алып тастау қажет.
Бұдан басқа, Салық кодексінің 156-бабының 1-тармағының 13) және 13-2) тармақшаларына сәйкес азаматтардың кейбір санаттарының ең төменгі жалақы мөлшерінің 75 еселенген шегінде табысты түзетуге мүмкіндігі бар.
«БЖЗҚ» АҚ Баспасөз орталығы
«БЖЗҚ туралы 5 сұрақ»
(МКЗЖ, Мобильдік кеңсе)
БЖЗҚ enpf.kz сайты мен әлеуемттік желілердегі Қордың ресми сайттарының оқырмандары мен кірушілері жиі қоятын сұрақтарға жауап береді.
1. Мен әлі жаспын, ешқандай зейнетақы аударымдарым да жоқ. Болашақ зейнетақымның жақсы болуы үшін қазір не істеуім керек?
2018 жылдан бастап зейнетақы төлемдерінің, оның ішінде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға байланысты болады.
Мәселен, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан аз болса не мүлдем болмаса, мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі (бұдан әрі – ЕТК) шамасының 50%-на тең болады, оның мөлшері он жылдан артық зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің әрбір толық жылы үшін 2 пайызға ұлғаяды, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ЕТК шамасының 100%-нан аспайды.
Бүгінгі таңдағы зейнетақының жинақтаушы бөлігі:
- 10% қызметкердің міндетті зейнетақы жарналары (бұл біз 1998 жылдан
бастап ай сайын өз жалақымыздан 10% аудара отырып, жинап келе жатқан сома);
- 5% міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұл еңбек жағдайлары зиянды (аса
зиянды) қызметкерлердің пайдасына өз қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан төлейтін агент (жұмыс беруші) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап аударатын - қызметкердің ай сайынғы табысының 5 % мөлшеріндегі сома) ;
- ерікті зейнетақы жарналары.
Бұған қоса, 2020 жылдан бастап, қолданыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне
өзгерістер, яғни шартты-жинақтаушы құрамдауыш немесе жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары енгізілетін болады. Оны жұмыс беруші зейнетақы жарналарын аудару үшін қабылданатын қызметкердің ай сайынғы табысының 5 % мөлшерінде барлық қызметкерлеріне олардың еңбек жағдайларына қарамастан аудару үшін өз қаражаты есебінен төлейді.
Сіз әлі жассыз, бірақ қазірден бастап зейнет жасындағы тұрмысыңызды ойлағаныңыз абзал. Сіздің зейнетақыңыздың негізгі бөлігін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері, яғни зейнетақы жинақтары құрайды.
Болашақта зейнетақыңыз жеткілікті болсын десеңіз, міндетті зейнетақы жарналарының БЖЗҚ-ға тұрақты түрде әрі толық көлемде түсіп тұрғанын қадағалап отыру аса маңызды. Басқа жинақтаушы құралдар туралы да ойлаған артық болмайды, мысал ретінде ерікті зейнетақы жарналарын алуға болады. Ерікті жарналарды кез-келген қазақстандық төлей алады, ол ерікті зейнетақы шотын ашып, сол арқылы өз зейнетақы жинақтарын көбейтеді. Ерікті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі, оларды төлеу тәртібі, сондай-ақ зейнетақы төлемдерінің тәртібі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді.
Сонымен, егер Сіз зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты (шарттарды) жасамаған болсаңыз, БЖЗҚ кеңселерінің біріне жеке куәлігіңізбен келіп, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішті (өтініштерді) ресімдегеніңіз жөн.
2. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары дегеніміз не?
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары – 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс беруші еңбек жағдайлары зиянды (аса зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлер үшін аударатын жарналар.
Бұл кәсіптердің тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1562 қаулысымен белгіленген. Жарналар мөлшері міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару үшін қабылданатын қызметкердің ай сайынғы табысының 5 %-ын құрайды.
2016 жылғы 1 мамырда БЖЗҚ-да жинақтардың жалпы сомасы 76,2 млрд. теңгеге міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша 398 472 зейнетақы шоты ашылған.
3. БЖЗҚ мобильдік кеңсесі дегеніміз не?
БЖЗҚ-ның барлық салымшылары мен алушыларының БЖЗҚ көрсететін қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында мерзімсіз болып белгіленген І, ІІ топтағы мүгедектігі бар мүмкіндігі шектеулі адамдарға барып қызмет көрсететін жаңа «Мобильдік кеңсе» жобасы 2015 жылы қолданысқа енгізілді. Қордың бастамасымен құрылған осы Жоба салымшыларға жаңа мүмкіндіктер беріп отыр.
Жобаның басты мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, мүгедектерге ақпараттық-кеңестік көмек беру, салымшыларға зейнетақы қызметі бойынша Қор кеңсесінен тыс жерлерде тиімді қызмет көрсету. «Мобильдік кеңсе» жобасын іске асыру үшін салымшыларға барып қызмет көрсететін мамандар командасы құрылды. Команданың құрамында БЖЗҚ-ның әр филиалынан бір-екі өкіл бар.
БЖЗҚ-ға мүмкіндігі шектеулі салымшылар (алушылар) туралы мәліметтер БЖЗҚ мен «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» (ЗТМО) арасындағы ақпарат алмасу туралы шарт аясында ЗТМО дирекциясының «Азаматтарға арналған Үкімет» КЕАҚ филиалының деректері негізінде беріледі. Сондай-ақ ЗТМО деректерінің негізінде 2015 жылғы шілдедегі жағдай бойынша төлем алуға құқылы, бірақ Қорға өтініш жасамаған халықтың әлеуметтік осал топтарының тізімі Қордың ИААЖ базасынан алынды.
Таяу арада мамандардың барып қызмет көрсетуі арқылы мүмкіндігі шектеулі салымшылардан (алушылардан), ал Қордың 88000801177 Байланыс орталығы мен сыртқы enpf.kz сайты арқылы түзімдік және ерекше күзет объектілеріндегі тұлғалардан өтініштер қабылдау қызметін іске асыру жоспарланды.
4. Менің қызым күйеуге шыққан соң, тегін ауыстырды. Бұл туралы БЖЗҚ-ға хабарлау керек пе?
БЖЗҚ салымшының (алушының) тегі, аты, әкесінің аты, туған күнінің өзгеру деректері туралы ақпаратты ЗТМО-дан автоматты түрде алады. Салымшыда қордың ақпарат беру жөніндегі міндеттемелеріне әсер ететін қандай да бір басқа өзгерістер (мекенжайы, электрондық мекенжайы және т.б.) болған жағдайда, салымшы бұл туралы БЖЗҚ-ға белгіленген тәртіппен хабарлауға міндетті.
Сондықтан, Қор барлық салымшыларынан БЖЗҚ-дағы деректерін тексеруді сұрайды және оларға өз жинақтары туралы ақпарат алудың барынша ыңғайлы, заманға сай, үнемді әрі жылдам тәсілін таңдап алуға кеңес береді. Себебі бұл тәсілге олардың мекенжайының, орналасқан жерінің өзгергені әсер етпейді.
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
Біз дәстүрлі «БЖЗҚ туралы 5 сұрақ» айдарын одан әрі жалғастырамыз. Сіздердің назарларыңызға осы айда келіп түскен қызықты да маңызды сұрақтар мен олардың жауаптарын ұсынамыз.
1. БЖЗҚ-дан үзінді-көшірме алдым. Сөйтсем, жұмыс беруші менің пайдама жарналар төлемепті. Не істеу керек?
Ең алдымен Сіз салық комитетіне өтініш жасауыңыз керек. Ол жұмыс берушіні тексеруді қолға алады. Нақты төлем жасалған және қызметкер кіріс алған жағдайда, агент уақтылы ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе оларды мерзімін өткізіп алған әрбір күнге (Мемлекеттік корпорацияға төлейтін күнді қоса алғанда) уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есебіне жазылған өсімпұлмен бірге, міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына, өздерінің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлердің пайдасына агенттер аударуға тиіс.
Мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайларда, мемлекеттік кіріс органдары мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша жинақталып қалған берешек шегiндегi ақшаны агенттердiң банктік шоттарынан өндiрiп алуға құқылы.
Мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртiппен агентке жiберiлетiн хабарлама негiзiнде жүргiзiледi.
Агент хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кіріс органына өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының тізімдерін, сондай-ақ өздерінің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жұмыскерлердің тізімдерін ұсынуға міндетті.
Агенттердiң банктік шоттарынан мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкiмi негiзiнде жүргiзiледi.
2. Кәмелетке толмаған жасөспірімнің атына жасқа жеке зейнетақы шотын ашуға бола ма?
Еңбек кодексінің 30-бабына сәйкес он алты жасқа толғандарға еңбек шартын жасауға рұқсат етіледі. Бірақ, бұл ретте ата-ананың бірінің, қамқоршысының немесе асырап алушысының жазбаша келісімі бойынша шартты бұған дейін де жасасуға болады.
15 жастан бастап жасөспірімге, егер ол негізгі орта білім алған болса, жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Ал 14 жастан бастап тек оқудан бөлек уақытта ғана жұмыс істеуге болады. Бұл ретте жұмыс оқу үдерісіне және денсаулыққа кері әсерін тигізбеуі керек.
Ал 14 жасқа дейінгі жеткіншектердің театрда ойнап, киноға түсулеріне болады. Бірақ, бұл жұмыстар да сабақтан тыс уақытта жүзеге асырылуы керек және баланың өнегелі дамуына және денсаулығына кері әсер етпеуі тиіс.
Еңбек шартына кәмелетке толмаған жасөспірім мен оның заңды өкілі де қол қоюы керек. Жұмыс беруші еңбек шартына сәйкес айлық жалақыны төлей отырып, кәмелетке толмаған жасөспірім үшін оның жеке зейнетақы шотына зейнетақы жарналарын да төлеуге міндетті. Зейнетақы Қорына кәмелетке толмаған тұлға келіп өтініш жасаған кезде міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотын ашу жөніндегі арызды рәсімдеу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) туу туралы куәлік және егер бар болса, кәмелетке толмаған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы;
2) заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) ата-анасы болмаған кезде қамқоршылық/қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжаттың түпнұсқасы (қамқоршы тағайындалғаны туралы анықтама немесе баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарт).
14 жасқа дейінгі тұлғаның өтінішіне оның заңды өкілі қол қояды. 14 жастан 18 жасқа дейінгі тұлғалардың өтініштеріне олардың заңды өкілдерінің жазбаша келісімі болса жеткілікті.
Міндетті зейнетақы жарналарын есеп алу үшін жеке зейнетақы шотын ашудан басқа, кәмелетке толмағандар БЖЗҚ-мен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаса алады.
Жарналардың мөлшері, оларды аудару және қалыптасқан жинақтар есебінен төлемдер жасау тәртібі шарт тараптарының келісімі бойынша айқындалады.
3. Мен Қазақстан азаматымын, бірақ шетелдік компанияда қызмет атқарамын. Менің жұмыс берушім менің пайдама зейнетақы жарналарын төлеуге міндетті ме?
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 1 тармағына сәйкес
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары осы Заңда айқындалатын мөлшерлемелер бойынша агенттердің төлеуіне жатады.
Бұл ретте Заңның 1-бабының 28) тармақшасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агент - Қазақстан Республикасында қызметiн шетелдiк заңды тұлғалардың тұрақты мекемесi, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен мiндеттi зейнетақы жарналарын есептейтiн, ұстап қалатын (есебіне жазатын) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын жеке немесе заңды тұлға болып табылады. Егер шетелдік компания Қазақстан аумағында орналасқан болса, сәйкесінше, агент Сіздің айлық табысыңыздан міндетті зейнетақы жарналарын ұстап, зейнетақы Қорына аударуға міндетті.
Бұл ретте халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасындағы өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік мемлекеттердің диплдоматиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінде қызмет атқаратын Қазақстан азаматтары міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша құқықтық қатынастарға қатыса отырып, БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын өз бетімен аударуға құқылы.
4. Естуімше, Қазақстан зейнетақы жүйесін реформалау барысында үлгі ретінде Чилидің моделі алыныпты. Неге басқа ел емес, осы Чили таңдап алынған?
Әр елдегі зейнетақы реформасы демографиялық, мәдени, әлеуметтік, саяси, қаржылық ерекшеліктер мен мүмкіндіктер ескеріле отырып жүзеге асырылады. Мысалы, Чилидегі зейнетақы реформасының өзіндік сипатына келер болсақ, бұл елде «ұрпақтар ынтымақтастығына» негізделген зейнетақы алу құқығы мемлекет кепілдік беретін төлемдерге ауыстырылды және бір-бірімен бәсекелес бірнеше компанияда жұмыскерлерді міндетті жинақтаушы сақтандыру жүйесі енгізілді. Чилиден алынған негізгі үлгі, ол - зейнетақымен қамсыздандыру бойынша мемлекеттік ортақ жүйеден тиянақталған міндетті жарналары және ерікті зейнетақы жарналары бар жинақтаушы зейнетақы жүйесі. Бұл ретте айта кететін жәйт, Чили моделі қаз-қалпында көшіріп алынған жоқ. Отандық мамандар ең үздік халықаралық тәжірибелерді алдымен терең зерттеп, жан-жақты талдайды. Тек содан кейін барып Қазақстанға енгізеді. Мысалы, жақын болашақта елімізде шартты-жинақтаушы құрамдауыш енгізіледі. Оған негіз ретінде Швеция моделі негізге алынып отыр.
5. Зейнетақы жинақтарының сақталуына Қазақстанда және әлем елдерінде қалай кепілдік берілген?
Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы жүйесі өзінің бірегейлігімен ерекшеленеді. «Қазақстанда зейнетақымен қамзсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес мемлекет зейнеткерлік жасқа толған алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепiлдiк бередi. Салымшы зейнеткерлік жасқа толған шақта, ең алдымен оның зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңі ескеріліп, зейнетақы шотындағы жинақтарының табыстылығы есептеледі. Егер табыстылық инфляциядан төмен болса, мемлекет республикалық бюджет есебінен инфляция мен табыстылық арасындағы айырма сомасын төлейді. Мінеки, осылайша салымшылардың жинақтары қаржы нарығындағы әр түрлі ахуалдарға қарамастан, сенімді қорғалған. Мұндай кепілдік басқа мемлекеттерде жоқ. Мысалы, Чехия, Жапония және Словакияда басқарушы компаниялар жарналардың атаулы құнының немесе инфляцияны ескермей нөлдік инвестициялық табыстылықтың сақталуына ғана кепілдік береді. Германияда зейнетақы қорлары енгізілген жарналарға қатысты зейнеткерлікке шығу күніне қарай 2,25 пайыздық мөлшерлемеге ғана кепілдік береді. Чилиде зейнетақы активтерін басқарушылар зейнетақы жинақтарының сақталуына таңдап алынған қор түріне қарай кепілдік береді. Бірақ зейнетақы жинақтарының көлемі өткен 36 ай ішіндегі орташа сараланған 2 пайыздық нақты табыстылық деңгейінен төмен болмайды. Ал Швеция, Австралия, Израиль, Норвегия, Мексика, Эстония елдерінде зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік тіпті берілмейді.
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
2018 жылдың 1 қаңтары мен 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақының өсетіндігін естідім. Осы туралы білгім келеді. Тағы бір сұрақ, биыл Қазақстанда ең төмен және орташа зейнетақының мөлшері қандай?
Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен екі түрлі зейнетақы төленеді. Бірі - ортақ (еңбек) зейнетақы болса, екіншісі - базалық зейнетақы. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ортақ зейнетақы 8 пайызға, ал базалық зейнетақы 6 пайызға өсті. Осылайша, базалық зейнетақыны ескере отырып айтар болсақ, қазіргі таңда елімізде ең төмен зейнетақы 49 019 теңгені, ал орташа зейнетақы мөлшері 71 333 теңгені құрайды. Бұл өзгеріс барлық зейнеткерлерге тиесілі.
Сонымен қатар, биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы жаңа әдістемемен есептелетін болады. Яғни, енді базалық зейнетақыны тағайындағанда 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі және зейнетақы жарналарын төлеумен расталатын, 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі жылдардағы еңбек өтілі толық ескеріледі. Яғни, еңбек өтілі жоғары болған сайын, базалық зейнетақының мөлшері де ұлғая түседі деген сөз.
2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда базалық зейнетақы қалай есептелетін болады?
Бүгінде базалық зейнетақы зейнеткерлікке шыққан әрбір азаматқа еңбек өтілі мен айлық табысы және зейнетақы жинағының көлеміне қарамастан өмір бойына бірдей мөлшерде тағайындалып келеді. Оның мөлшері қазір 15 274 теңгені құрайды (ең төмен күнкөріс деңгейінен сәл жоғары) және ол жыл сайын өсіп отырады.
Ал 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап оның мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан бастап 100 пайызына дейін артатын болады.
Жаңа әдістеме бойынша 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі және зейнетақы жарналарын төлеумен расталатын, 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі жылдардағы еңбек өтілі толығымен ескеріледі.
Егер зейнеткердің 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі жоқ немесе 10 жылға дейін болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды. 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін оның көлемі 2 пайызға ұлғайтылып отырады. Ал 33 жыл және одан жоғары болғанда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 100 пайызына тең болады және одан асырылмайды. Оның көлемі биыл - 28 284 теңге.
Мысалы, 2017 жылы базалық зейнетақының мөлшері 14 466 теңге болды. Ал 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 15 274 теңгені құрады (базалық зейнетақы 6 пайызға өсті). Енді 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап ол, еңбек өтілі 33 жыл және одан көп болған жағдайда 28 284 теңгеге дейін ұлғаяды.
Базалық зейнетақы зейнеткерлік жасқа толған барлық азаматтар үшін қайта есептеледі. Ал зейнетақы алып жүрген азаматтар үшін базалық зейнетақыны қайта есептеу автоматты түрде жүзеге асырылады. Бұл үшін қосымша құжаттар ұсынудың қажеті жоқ. Жарналардың төленуі жайында барлық деректер бірыңғай ақпараттық жүйеде бар.
2018 жылдың 1 шілдесінен кейін зейнетке шығатын азаматтар ғана 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі туралы мәліметтер ұсынулары тиіс.
Мен екі жылдан кейін зейнеткерлікке шығамын. Ай сайынғы төлемді қалай есептеуге болады?
Ай сайынғы төлемдерді есептеу үшін зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенті қолданылады. Оның көлемі қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығына байланысты есептеледі. Ол тұрақты шама.
Коэффициенттер кестесі ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген.
Зейнеткерлер кестеге сәйкес, жыл сайын зейнетақы жинақтарының тек бір бөлігін ғана ала алады. Сондықтан, коэффициенттің шамасы қашанда 1-ден төмен болады.
Осылайша, алушының жасына қарай зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті коэффициентке көбейтіліп, 12 айға бөлінеді. Одан шыққан сома – БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлем болып табылады.
Ай сайынғы төлемдердің сомасы алушының жасына және жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасына байланысты болады.
Зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы зейнетақы жинақтары сомаларының келесі кестеге сәйкес алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есептеледі:
Алушының жасы Зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенті
58 0,09421
59 0,09582
60 0,09764
61 0,09969
62 0,10202
63 0,10467
64 0,10771
65 0,11121
66 0,11528
67 0,12005
68 0,12570
69 0,13246
70 0,14067
71 0,15081
72 0,16362
73 0,18024
74 0,20257
75 0,23404
76 0,28152
77 0,36099
78 0,52048
79 1,00000
Осы кестені қолдана отырып, ай сайынғы зейнетақы төлемдерін есептеп шығаруға болады.
Жаңа ережеге сәйкес, ай сайынғы төлемдер ағымдағы жылғы ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан төмен болмауы керек.
Болашақ зейнетақыны есептеу үшін болжамдық зейнетақы калькуляторын пайдалануға болады. Ол enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» - «Зейнетақы калькуляторы» бөлімінде қолжетімді (https://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/calcs.php).
Мен банктегі берешегімді өтеуім керек. Сол үшін зейнетақы жинақтарымды мерзімінен бұрын ала аламын ба?
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары заңнамада көрсетілген жағдайлар туындамай жатып мерзімінен бұрын берілмейді.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптарына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға (ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге биыл 58,5 жасқа толғанда), сондай-ақ, мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектігі бар адамдарға төленеді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.
Бұдан басқа, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жинақтары бар адам қайтыс болған кезде, заңнамаға сәйкес оның зейнетақы жинақтары мұраға қалдырылады.
Ағымдағы заңда БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары есебінен несиені төлеу, жылжымайтын мүлік сатып алу, оқу ақысын төлеу және басқа да шығындарға жұмсау мүмкіндігі қарастырылмаған.
Менің зейнеткерлікке шыққаныма үш жыл болды. Қазір төлемдерді кестеге сәйкес жылына бір рет аламын. Мен оны ай сайынғы кестеге ауыстыра аламын ба?
Зейнетақы заңнамасына енгізілген және 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген өзгерістерге сәйкес енді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері тек ай сайын жүзеге асырылады. Егер зейнетақы төлемдерін алушы өтініш берген күні, оның шотындағы жинақтардың сомасы ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, бұл сома алушыға бір рет толығымен төленеді. Биыл ең төмен зейнетақы көлемі: 33 745 теңге. Сәйкесінше оның 12 еселенген мөлшері: 404 940 теңге.
Егер зейнетақы жинақтарының көлемі бұл сомадан асып кетсе, зейнетақы тек ай сайын төленетін болады.
2018 жылдың 1 қаңтарына дейін зейнетақы алып келген азаматтар зейнетақы төлемдерінің мерзімділігін (ай сайын, үш ай сайын, жыл сайын) сақтауға және өзгертуге құқылы. Яғни, жаңа өзгерістер зейнетақы төлемдерін 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап рәсімдейтін азаматтарға ғана тиесілі.
Зейнетақы төлемдерін тағайындаудағы басты мақсат – еңбекке қабілетсіз, яғни зейнет жасындағы азаматтардың күнделікті тіршілігін лайықты деңгейде қамтамасыз ету.
Зейнетақы төлеу кестесін өзгерту үшін БЖЗҚ жергілікті бөлімшесіне жүгіну қажет.
Айта кетелік, ағымдағы жылдың қаңтарында еліміз бойынша 20 шақты адам зейнетақы төлемдерін жыл сайын алу кестесін ай сайын алу кестесіне ауыстыру жөнінде өтініш берген. Осылайша, уақыт өткен сайын зейнетақы жинақтарын үнемдеп жұмсайтындар саны біртіндеп артатын болады.
«БЖЗҚ сұрақтарға жауап береді»
БЖЗҚ-ның дәстүрлі айдарында біз БЖЗҚ қызметіне және жалпы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты жиі қойылып жүрген сұрақтарға жауап береміз.
1. Қандай жағдайларда салымшыларға (алушыларға) жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы жыл сайын хабарлау жүзеге асырылмайды?
БЖЗҚ салымшысына (алушысына) ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы жыл сайын хабарлау: 1) БЖЗҚ салымшысы (алушысы) тұрғылықты жерінің өзгергені туралы хабарламаған, соның нәтижесінде «адресат көрсетілген мекен-жайда тұрмайды» деген белгі басылған өткен жылғы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпараттың үзінді көшірмесі БЖЗҚ-ға қайтарылған; 2) ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ЖЗШ-да ақша болмаған жағдайларда жүзеге асырылмайды.
2.еnpf.kz сайтында зейнетақы калькуляторын көрдім. Бұл не?
Зейнетақы калькуляторы – бұл еңбек қызметінің басынан бастап әзірлеуге, жеке зейнетақы жоспарларын құруға арналған көмекші құрал. Оның көмегімен салымшының болашақтағы зейнетақысының болжамды мөлшерін көруге болады.
Бүгінгі күннің зейнеткер алушылары ағымдағы зейнетақы калькуляторының көмегімен міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары төлемінің мөлшерін есептей алады.
Болжамды зейнетақы калькуляторын зейнет жасына толмаған салымшылар пайдалана алады. Бұл калькулятор ортақ, базалық, жинақтаушы және ерікті зейнетақыны болжаммен есептеуге арналған. Есеп инфляцияның өсуіне, инвестициялық кірістілікке, жалақының өсуіне қарай болжамдарға негізделген. Есеп нәтижесі түрлі болжамды деректермен ерекшеленетін оптимистік, реалистік және пессимистік деп аталатын сценарий бойынша беріледі. Зейнетақы калькуляторы зейнетке шыққанда болатын төлемдер туралы болжам жасауға мүмкіндік береді.
Осылайша, Қор салымшылары қажетті деректерді енгізе отырып, зейнетке шыққан кездегі зейнетақы төлемдерінің жиынтық сомасын есептей алады және дәл қазірден бастап жеке зейнетақы шотына аударымдардың қаншалықты жеткілікті түрде жасалып жатқанын да ойлауға болады. жинақтардың басқа құралдарын, қолдана отырып, алдағы зейнетақы жасына жеткенге дейінгі жиынтық зейнетақыны көбейтуге болады – мысалы ерікті зейнетақы жарналары. Тіпті тұрақты негізде жасалатын ең төменгі ерікті зейнетақы жарналары зейнетақы жинақтарын едәуір көбейтуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, өз пайдасына енгізілетін ерікті жарналарының сомасы оны салымшы БЖЗҚ-ға өз бетінше аударған кезде салық салудан босатылады.
Зейнетақы калькуляторы арқылы есеп жасай отырып, болашақ зейнетақы мөлшерінің зейнетақы жарналарының жүйелілігі мен толықтығына байланысты болатынына көз жеткізуге болады. Зейнетақы калькуляторымен (ағымдағы/болжамды) жұмыс қағидаларымен enpf.kz сайтында орналастырылған «Жадынамадан» таныса аласыз.
3. Өткен жылы зейнетақы заңнамасына өзгерістер енгізілді. Осы өзгерістер негізінде 2018 жылдан бастап болашақ зейнетақымыз қандай құрамдауыштардан қалыптасады?
1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемінде 6 күнтізбелік ай еңбек өтілі бар адамдар жинақтаушы және шартты жинақтаушы жүйелерден (бұдан әрі – ШЖЖ) төленетін төлемдермен қатар бюджеттен базалық және ортақ зейнетақы алатын болады.
Осылайша, зейнетақы:
1) бюджет қаражаты есебінен:
- 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемінде алты күнтізбелік ай еңбек өтілі болғанда еңбек зейнетақысы;
- мөлшері еңбек өтіліне және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуына тәуелді болатын базовой зейнетақы;
2) жинақтаушы зейнетақы есебінен:
- қызметкердің ай сайынғы табысынан 10% міндетті зейнетақы жарналары (бұл 1998 жылдан бері ай сайын жалақыдан 10% аударыла отырып жиналған сома);
- қызметкердің ай сайынғы табысынан 5% міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұл 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап зиянды (аса зиянды) жұмыс беруші өз қаражаты есебінен еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына аударатын ақша)
- 2020 жылдан бастап енгізілетін жұмыс берушінің барлық қызметкерлер үшін (олардың еңбек жағдайларына қарамастан) олардың шартты зейнетақы шоттарына жұмыс беруші төлейтін жаңа 5% міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасады. Осы шоттардан төленетін төлемдер ЖМЗЖ жиынтығында ең кемі 60 күнтізбелік күн аударылған жағдайда, 2025 жылдан кейін жүргізілетін болады.
4. Үшінші тұлғаның пайдасына зейнетақы жарналарын жасауға бола ма?
Ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЕЗЖ) есебінен зейнетақымен қамсыздандыру
туралы шарт жасаған жағдайда үшінші тұлғаның пайдасына зейнетақы жарналары аударылады. ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау үшін салымшы мен алушы БЖЗҚ дербес қызмет көрсету орталығына келіп, өтініш жасайды. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжатын әкеледі.
5. Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат кімге және қандай жағдайларда хабарланады?
Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы ақша қалдықтары мен оның қозғалысы туралы мәліметтер «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңмен қорғалатын құпияны құрайды (57-бап).
Ақпарат зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын салымшыға, алушыға, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген салымшының (алушының) жазбаша келісім негізінде үшінші тұлғаға ашылады.
Зейнетақы шоттарындағы ақша қалдықтары мен оның қозғалысы туралы анықтамалар:
1) анықтау және алдын-ала тергеу органдарына – олардың жүргізуіндегі қылмыстық істер бойынша;
2) соттарға – сот ұйғарымының негізінде олардың жүргізуіндегі істер бойынша;
3) сот орындаушыларына – сот орындаушысының сот санкция берген қаулысы негізінде олардың жүргізуіндегі атқарушылық құжаттар бойынша;
4) мемлекеттік табыс органдарына – міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуге, ұстап қалуға (есебіне жатқызуға) байланысты мәселелер бойынша;
5) уәкілетті органға – салымшының (алушының) өтінішне байланысты не оның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры қызметіне тексеру жүргізуіне байланысты туындаған мәселе бойынша;
6) прокурорға – оның қарауындағы материал бойынша өзінің құзыреті шегінде тексеру жүргізу туралы қаулы негізінде;
7) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға – «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен;
8) салымшының (алушының) өкілдеріне - нотариат куәландырған сенiмхат немесе сот шешімінің негiзiнде;
9) «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясына - мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) деректер базасын қалыптастыру және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты алуы кезіндегі инфляция деңгейін есепке ала отырып, іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуын есептеу, сондай-ақ салымшының (алушының) не нотариат куәландырған сенімхат немесе сот шешімі бойынша оның өкілінің өтініші негізінде мемлекеттік қызмет көрсету үшiн;
10) орталық атқарушы органға – салымшының (алушының) өтінішіне байланысты туындаған мәселе бойынша;
11) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы мiндеттi аудитiн жүргiзетiн аудиторлық ұйымдарға беріледі.
Жеке зейнетақы шотының болуы, ондағы ақша қалдықтары мен оның қозғалысы туралы анықтамалар салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда, жазбаша сұрау салу бойынша өсиетте аталған адамдарға, соттардың жүргізуіндегі мұрагерлік iстер бойынша ұйғарым негізiнде соттарға берiледi.
Жеке зейнетақы шотының болуы және онда ақшаның болуы туралы анықтамалар салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда нотариустарға және шетелдiк консулдық мекемелерге олардың жүргізуіндегі мұрагерлiк iстер бойынша беріледi.
6.Декреттік демалыс кезінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) ненің есебінен құралады?
Бала бір жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша табысты жоғалту кезеңіндегі әлеуметтік төлемдер Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылуға тиіс. Бала күтімі бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлемді есептеу үшін әйелдердің соңғы 24 ай ішіндегі орташа айлық табысы қабылданады. Бұл орайда, әлеуметтік төлемнің ең көп мөлшері ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінің 40%-нан аспауға тиіс. МЗЖ өз кезегінде бала күтімі бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлемнің 10% аудару арқылы құрылады.
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
5 сауал
1. Зейнетақы активтерін кім басқарады?
«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 35 бабына сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаруды ҚР Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2013 жылдың 26 тамызында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен БЖЗҚ арасында зейнетақы активтерін сенімді басқару туралы келісім жасалды. Басқарудың тиімділігін арттыру, инвестициялау бағыттары мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін салатын қаржы құралдарының тізімін белгілеуге байланысты ұсыныстар даярлайтын орган - ҚР Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес.БЖЗҚ зейнетақы активтерін сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. Осыған сүйене отырып, зейнетақы активтері қатаң қадағалауда және оның сақталуына мемлекет кепілдік береді деп айтуға толық негіз бар.
2. Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары қалай инвестицияланады?
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді ҚР ҰБ Басқармасының 2016 жылдың 18 наурызындағы №86 қаулысымен бекітілген бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының инвестициялық декларациясына сәйкес қабылдайды. Сонымен бірге, инвестициялық шешімдер,соның ішінде Қордың зейнетақы активтерін орналастыруға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсыныстарына сәйкес қабылданады.
ҚР ҰБ инвестициялық стратегиясына сай ұзақмерзімді перспективада табыстылықтың үйлесімді деңгейін қамтамасыз ету үшін активтер теңгемен де, шет елдік валюталармен номиналданған түрлі қаржы құралдарына диверсификацияланады. Сонымен қатар, тәуекелдерді барынша төмендету үшін зейнетақы активтері түрлі қаржы құралдарына инвестицияланады.
Қазіргі кезде зейнетақы активтері мемлекеттік, квазимемлекеттік сектордағы компаниялардың құнды қағаздарына, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары мен акцияларына инвестицияланып, екінші деңгейлі банктер мен шетелдік банктердің депозиттеріне және сенімді шетелдік эмитенттердің құралдарына салынған. Инвестициялық қызмет туралы ақпарат Қордың www.enpf.kz ресми сайтында («Қор туралы» - «Инвестициялық қызмет» - «Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы») бөлімінде жүйелі түрде жарияланып тұрады.
3. Зейнетақы қаржылары қайда инвестицияланады?
«БЖЗҚ» АҚ www.enpf.kz сайтында зейнетақы активтері есебінен жасақталған инвестициялық портфель құрылымы мемлекеттік, орыс және ағылшын тілінде жарияланып, эмитенттің атауын, қағаздардың көлемін, қаржы құралдарының есепті датаға номиналды және ағымдағы бағасы көрсетіледі.
2018 жылдың 1 маусымына БЖЗҚ-ның ҚР Ұлттық банкінің сенімді басқаруындағы зейнетақы активтері 8, 263 трлн теңге болды.
Портфельдің негізгі бөлігін- 45,94% - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қағаздары құрайды. МҚҚ ағымдағы бағасы 3 796,80 млрд теңге.
Инвестицияланған зейнетақы активтерінің ішінде екінші орында Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің облигациялары тұр, олардың портфельдегі үлесі - 14,71%, ал ағымдағы бағасы - 1 215,58 млрд теңге.
Сонымен қатар, инвестициялық портфельде:
- шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік құнды қағаздары (11,71%);
- Қазақстанның квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары (8,86%);
- банктердің депозиттері: қазақстандық (3,84%) және шетелдік (5,58%);
- тәуекел мен портфельдің табыстылығын қамтамасыз ететін басқа да құралдар.
Қаржы құралдарының инвестициялық портфеліндегі валюталардың үлесі:
• Ұлттық валюта – 68,63%
• АҚШ доллары – 31,16%
• Ресей рублі – 0,41%
• Басқа валюталар – 0,10%
Инвестициялық қызметтің бағыттарына, шетел валюталары курстарының құбылмалылығына, қаржы құралдарының нарықтағы бағасына байланысты есептелген инвестициялық табыстың көлемі 2018 жылдың басынан 251,41 млрд. теңгені құрады. 2018 жылдың басынанБЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) шоттарына аударылған зейнетақы активтерінің табыстылығы 2,98%-ды құрады.
4. Мен ресми жұмыс істемеуіме байланысты зейнетақы жарналарын төлемеген уақыт болды. Маған бұл кезеңге инвестициялық табыс аударылмайды ма?
Инвестициялық табыс әрдайым аударылып тұрады. Ол күн сайын әрбір қаржы күнінің соңында жинақтар толықтай таусылғанша, салымшы зейнетке шығып, зейнетақы ала бастағанның өзінде, оның Қорда сақтаулы тұрған жинақтарына одан әрі аударыла береді.
Жинақтардың жай-күйі туралы және инвестициялық табыс туралы ақпаратты жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) үзінді-көшірмесінен алуға болады. Ол ақысыз беріледі, ал хабарландыру тәсілін салымшы (алушы) өз бетінше таңдайды. Үзінді-көшірме алудың келесі тәсілдері бар:
Пошта байланысының көмегімен – жылына бір рет;
Электрондық пошта арқылы – таңдалған кестеге сәйкес (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жыл сайын, жыл сайын);
БЖЗҚ кеңсесіне өзі бару арқылы – шектеусіз;
Интернет-хабарландыру (смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасы арқылы онлаин-режимде) – шектеусіз;
enpf.kz сайтындағы «Жеке кабинет» арқылы немесе egov.kz электрондық үкімет сайты арқылы («Әлеуметтік қамсыздандыру» айдарындағы «Зейнетақымен қамсыздандыру» - (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі (инвестициялық табыстарды есептегенде) бөлімінде) порталда тіркеліп, қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болған жағдайда.
5. Инвестициялық табысқа салық салына ма?
ЖЗШ-дан Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында қарастырылған жағдайлар туындауына байланысты жасалатын төлемдерге, соның ішінде есептелген инвестициялық табысқа, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық салынады.
Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» (ҚР Салық Кодексі) зейнетақы төлемдері төлем көзінен салық ұсталатын табысқа жатады.
ҚР Салық Кодексінің 170 бабына сәйкес, салық салуға жататын зейнетақы төлемі ретіндегі табыс түрлеріне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесі салық төлеушілердің келесі зейнетақы жарналары есебінен жасалатын төлемдері жатады: міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары.
Алайда, зейнетақы жасына келген, Қазақстан азаматтары болып табылатын салымшылар (алушылар) кесте бойынша немесе Қазақстан Республикасынан тыс аумақтарға тұрғылықты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы төлемдерін алғанда салық төленетін табыс көлемін азайтатын салық шегерілімдеріне қақысы бар. Басқаша айтқанда, табыс салығы төлемнің барлығына емес, оның бір бөлігіне ғана салынады. Салықтың түпкі мөлшерін есептеу үшін «бір жылдық зейнетақы төлемінен» «бекітілген салық шегерілімі» сомасын алып тастау керек.
Сонымен қатар кейбір азаматтар ҚР Салық кодексінің 1 бабының 13) және 13-2) тармақтарына сай табысын ең төменгі айлық жалақысының 75 еселенген шегінде түзетуіне болады.
Дәстүрлі «5 сұрақ» айдарын жалғастыра отырып, оқырман назарына келесі ақпараттарды ұсынамыз.
1. Саламатсыз ба!Зейнетақы жинақтарымның жай-күйі туралы ақпаратты қалай алуға болады?
Жауап: Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап оның кез келген күнге қатысты сұрауы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты тегін беруге, сондай-ақ зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетімділігінің электрондық және өзге де тәсілдерін қамтамасыз етуге міндетті.Ал ақпарат алу тәсілін салымшы өзі таңдайды. Шоттан үзінді-көшірме алудың мынадай тәсілдері бар:
пошта байланысы арқылы – жылына бір рет;
таңдап алынған төлем кестесіне сәйкесэлектрондық пошта арқылы – (ай сайын, үш ай сайын, алты ай сайын, жыл сайын);
БЖЗҚ кеңсесіне тікелей өзі келгенде – бұған шек қойылмайды;
интернет-хабарландыруарқылы (сайт немесе смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасы бойынша) – онлайн режимінде – шектеусіз;
enpf.kz сайтына тіркелу жолымен оның «Жеке кабинет»арқылы немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) бар болса egov.kz электрондық үкімет сайты арқылы - шектеусіз.
Егер Сіз жеке зейнетақы шотыңыздың жай-күйі туралы үзінді-көшірмені дәстүрлі пошта байланысы немесе электрондық пошта арқылы алып келген болсаңыз және ол келмей қалса, бұған тұрғылықты мекенжайыңызды немесе электрондық поштаңызды ауыстырғаныңыз және осы өзгерістер туралы Қорға дер кезінде хабарламағаныңыз себеп болуы мүмкін.
Егер Сіз зейнетақы шотыңыз жайында үзінді-көшірме алу тәсілін таңдамаған болсаңыз немесе оны интернет байланысы арқылы алғыңыз келсе жеке басыңызды куәландыратын құжатпен жақын жердегі Қор кеңсесіне келіп, хабарлау тәсілі туралы қосымша келісім жасай аласыз. Қор бөлімшелерінің мекенжайлары мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.enpf.kz/kz/adresa-i-kontakty/regionalnaya-set/
Электрондық цифрлық қолтаңба бар болса оны Қор сайты арқылы да жасауға болады. Бұл операция бар болғаны бірнеше минутты алады.
Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты интернет арқылы алу - қазіргі уақытта өте танымал. Ол үнемді әрі зейнетақы жинақтарын кез келген уақытта онлайн тәртібінде бақылап отыруға мүмкіндік береді.
2. Саламатсыз ба! Мен Ресейге көшіп кетіп едім. Бір айдан соң, Алматыға қайтып ораламын. Сондықтан зейнетақы жинақтарымды алудың қандай жолы бар екендігін білгім келеді. Бұл қанша уақытты алады?
Жауап: Зейнетақы төлемдерін алушы ҚР аумағынан тысқары жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы төлемдерін алу үшін Қорға жеке өзі келгенде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзге жағдайлар көзделмесе, шетелдік паспорттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
2) алушының банк шоты туралы мәліметтері.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы аясында қызмет атқарады. Сондықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі өтінішті қараған кезде мына Қағидаларды басшылыққа алады. Ол:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы №1042 қаулысымен бекітілген, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидалары».
Соған сәйкес, егер Қазақстан азаматы, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ адам шетелге көшетін болса, онда ол бірінші кезекте елден кетуге арналған құжаттарды рәсімдейді.Бұл не үшін керек? Бұл Қазақстанда орындамаған (салық, мүлік, сот, мерзімді әскери қызметті өтеу және т. б.) міндеттемелерін анықтау үшін қажет.
Бұл үшін ол ҚР Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) аумақтық бөлімшелеріне немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚО) барып өтініш жасайды.
Айта кетейік, Қазақстаннан кетуді рәсімдеуге арналған ақпараттардың барлығын ҚР Ішкі істер министрлігі ҚР Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорына жіберіп отырады.
Бұдан кейін шетелге көшетін азамат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өтініш жасайды. Өзі келіп өтініш жасайтын болса: шетелдік паспортының түпнұсқасын, зейнетақы жинақтарын аударатын банк шоты туралы мәліметті ұсынады және өтініш жазады.
Айта кетелік, құжаттарды үшінші тұлға (сенім артылған) немесе пошта байланысы арқылы да ұсынуға болады.
Зейнетақы Қоры құжаттарды тексеруге алған соң, өтініш берушінің шетелге көшетіндігін растау үшін Мемлекеттік дерекқорға сауал жібереді.
Құжаттарға қатысты оң жауап алынса, ескертпелер болмаса, Қор құжаттар қабылданған немесе келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде төлемдерді алушының өтінішінде көрсетілген банк шотына аударады. Ал егер құжаттарға қатысты жағымсыз жауап алынса немесе ескертпелер болса, зейнетақы Қоры өтінішті орындаудан бас тартып, алушыға бұл жайында ескертіп, себебін түсіндіреді. Өкінішке қарай, бүгінде шетелге көшкен немесе көшетін кейбір азаматтар құжаттарды дұрыс рәсімдемейді. Алдымен шетел азаматтығын алып, кейін Қазақстанның азаматтығынан айрылады. Бұл дұрыс емес.
Ең алдымен, Қазақстанға келіп, белгіленген тәртіпте елден кетуге арналған құжаттарды рәсімдеу қажет. Кейін Қазақстан азаматтығынан бас тартуға болады. Бұдан кейін егер зейнетақы жинақтары болса, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына келіп өтініш жасай алады.
Құжаттардың барлық тізбесін, оларды рәсімдеу талаптарын, сондай-ақ, өтініш бланкалары мен толтыру үлгілерін «БЖЗҚ» АҚ ресми сайтынан мына сілтеме бойынша таба аласыз:
https://www.enpf.kz/kz/uslugi/pensioneram/poryadok-oformleniya-pensionnykh-vyplat/vyplaty-v-svyazi-s-vyezdom-na-pmzh-za-predely-respubliki-kazakhstan.php
3. Саламатсыз ба! Мен өзіме зейнетақы шотын ашуым керек еді. Бұған ақша төлеу керек пе? Қандай құжат керек?
Жауап: Зейнетақы шоты тегін ашылады.Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт (қосылу шарты) Заңда көзделген құқықтарды, міндеттерді және жауапкершілікті, сондай-ақ БЖЗҚ мен салымшы (кейіннен зейнетақы төлемдерін алушы) арасындағы құқықтық қатынастардың басқа да ерекшеліктерін бекітеді.
Егер Сіз бұған дейін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаспаған болсаңыз, жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу жөнінде өтінішті толтыруыңыз қажет.
Жеке зейнетақы шоты - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салымшының (зейнетақы төлемдерiн алушының) міндетті зейнетақы жарналары немесе міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары не ерікті зейнетақы жарналары, инвестициялық табысы, өсiмпұл және өзге де түсiмдер есепке алынатын және зейнетақы төлемдері жүргізілетін жеке атаулы шоты.
Салымшы ЖЗШ ашу жөніндегі өтінішті рәсімдеу үшін Қор бөлімшесіне өзі келгенде мынадай құжаттарды ұсынады:
-жеке өзі келгенде – жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);
- сенім білдірілген тұлға өтініш жасағанда – сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа), нотариат куәландырған сенімхат не оның нотариат куәландырған көшірмесі, салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі.
Сонымен қатар Сіз ЖЗШ ашу жөніндегі өтінішті мына сілтеме бойыншаонлайн тәртібінде рәсімдей аласыз:
https://www.enpf.kz/kz/uslugi/budushchim-pensioneram/otkrytie-individualnogo-pensionnogo-scheta-ips-za-schet-obyazatelnykh-pensionnykh-vznosov-opv.php
Бұл үшін қолыңызда электрондық цифрлық қолтаңбаның өзекті кілті (ЭЦҚ) болуы керек немесе Қор сайтының Жеке кабинеті Сіз үшін қолжетімді болуы қажет.
4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болғанда оның жинақтары мұрагерлерге қалай беріледі?
Жауап:Зейнетақы жинақтары өсиет бойынша және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 31-33 – баптарына сәйкес мұраға қалдырылады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, зейнетақы Қоры қажет жағдайда алдымен оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшерінде (биыл ол: 2405*52,4 = 126 022 теңге) жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді. Бірақ бұл сома жеке зейнетақы шотында жатқан қаражаттан аспауы тиіс.
Мұрагерлікке құқығы бар тұлғалардың толық тізімі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көрсетілген. Қайтыс болған салымшының зейнетақы жинақтарын алуға қажетті негізгі құжаттардың бірі - мұрагерлік құқығы туралы куәлік.
Мұраны қабылдау мұра ашылған жердегi нотариусқа өтiнiш беру арқылы жүзеге асырылады. Заң бойынша, мұрагерлікті қабылдау туралы өтініш, мұраға қалдырушы қайтыс болғаннан кейін 6 айдан кешіктірілмей берілуі тиіс. Егер уақыт өтіп кетсе, онда сотқа жүгінуге тура келеді.
Барлық зейнетақы шоттарындағы жинақтар мерзімсіз сақталады. Салымшылар қайтыс болған жағдайда мұрагерлеріне беріледі. Мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарын алуға арналған құжаттардың толық тізімі Қопрдың www.enpf.kz сайтының «Қызметтер» айдарының «Алушыларға» деп аталатын бөлімінде орналастырылған.
5. Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй үшін бастапқы жарна төлеу үшін алуға бола ма? Біз жас отбасымыз. «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекаға үй алуға мүмкіндігіміз бар. Қазір пәтер жалдап тұрамыз.
Жауап: Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тек заң аясында ғана қызмет атқарады. Сәйкесінше «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға (ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге биыл 58,5 жасқа толғанда), сондай-ақ, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектігі мерзiмсiз болып белгiленген жандарға төленеді.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.
Яғни, ағымдағы заңда БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары есебінен несиені өтеу, жылжымайтын мүлік сатып алу, оқу ақысын төлеу және басқа да шығындарға жұмсау мүмкіндіктері қарастырылмаған.
Жалпы, Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесі тұрақты түрде дамып келеді. Салымшылардың сауалдары мен өтініштеріне сараптама, ал зейнетақы жарналарына мониторинг жүргізілуде. Актуарлық есептемелер жасалып, әлемдік тәжірибелерге талдау жүргізіліп жатыр. Сондықтан Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы әңгіме қозғауға әлі ерте.
Дәстүрлі «5 сұрақ» айдарын жалғастыра отырып, оқырман назарына келесі ақпараттарды ұсынамыз.
1. Зейнетақы шотынан үзінді-көшірмені салымшылар мен алушыларға жылына бір рет конвертпен жіберудің не қажеті бар? Мүмкін жаппай электрондық хабарлау тәсіліне ауысатын уақыт келген шығар?
Цифрландыру үдерісі қазақстандықтардың өмірінің барлық саласын қамтитыны сөзсіз. БЖЗҚ бұл мәселеге ерекше көңіл бөледі. 2017 жылы ақпарат алудың электрондық тәсілі таңдалған жеке зейнетақы шоттарының саны 2016 жылмен салыстырғанда 1,9 млн бірлікке немесе 66 пайызға артты. Сөйтіп, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай шамамен 4,7 млн бірлікті құрады. Нақты айтар болсақ, шамамен 0,8 млн адам үзінді-көшірмені электрондық мекенжайға алатын болса, 3,9 млн адам ақпаратты Қор сайты немесе әр түрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы алу мүмкіндігіне ие болды. Бір жыл ішінде ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 2,4 есеге артып, 1,2 млн бірлікті құрады.
2018 жылдың 1 сәуіріне қарай 5 миллионнан астам адам зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алудың электрондық тәсілін таңдады. Оның ішінде 823 мыңнан астам адам үзінді-көшірмені электрондық мекенжайға алатын болса, 4,2 миллионнан астам адам бұл үшін Қор сайтын немесе ұялы қосымшасын пайдаланады. Осылайша, ақпарат алудың электрондық тәсілін таңдайтындар саны күннен-күнге артып келеді. Бірақ БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат берудің барлық тәсілі бойынша қызмет көрсетуге дайын. Өйткені көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету - Қордың басты міндеттерінің бірі.
2. Зейнетақы Қорынан қандай электрондық қызметтерді алуға болады?
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап салымшылар мен алушыларға Қор кеңселеріне келмей-ақ негізгі қызметтерді пайдалануға мүмкіндік беретін электрондық сервистерді енгізді. Олардың ішінде міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу, сондай-ақ, зейнеткерлік жасқа толған кезде немесе 1-ші және 2-ші топтардағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген жағдайда зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш беру мүмкіндіктерін атауға болады.
Электрондық байланыс арналары арқылы көрсетілетін қызметтердің үлес салмағы 2017 жылы 45 пайыздан 52 пайызға дейін өсті. Жоспар бойынша бұл 47 пайыз болатын.
Салымшылар мен алушылар Қордың зейнетақы қызметтеріне өз бетімен қол жеткізе алулары үшін өзіне-өзі қызмет көрсету терминалымен жұмыс істеу бойынша арнайы сервис әзірленді. 2017 жылдың 4-ші тоқсанында Қордың барлық 18 филиалында өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары орнатылды. Осы заманауи технология арқылы салымшылар мен алушылар енді зейнетақы шотын ашудан бастап, зейнетақы төлемдерін тағайындауға дейінгі барлық дерлік электрондық қызметтерді пайдалана алады.
Зейнетақы Қоры халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына, олардың ішінде әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше көңіл бөледі. Осылайша, 2017 жылы «Мобильдік кеңсе» жобасы аясында 2016 жылға қарағанда 6,5 есе көп операция жүзеге асырылды. 2017 жылы Қор қызметтерін тұтынушылардың тұрғылықты жері бойынша 7,1 мың көшпелі шара өткізіліп, 189,5 мың операция жасалды.
2018 жылдың 1 сәуіріне қарай Қор сайтында электрондық сервистер іске қосылғалы бері оларды 20 мыңға жуық (нақты: 19 194) адам пайдаланып үлгерді. Олардың ішінде 2298 салымшы онлайн тәртібінде жеке зейнетақы шотын ашса, 987 алушы зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш берген. Сондай-ақ 11 754 адам жеке деректемелеріне өзгерістер енгізсе, шамамен 4155 салымшы зейнетақы шоты бойынша ақпарат алу тәсілін интернет байланысы арқылы алуға ауыстырған.
3. Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізерде Чили елінің моделі негізге алынғаны белгілі. Бұл ретте Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі қалай тексеріледі? Ол халықаралық стандарттарға сай ма?
«БЖЗҚ» АҚ өз қызметінде ашықтық қағидасын ұстанады. Қорда жыл сайын тәуелсіз сарапшылардың күшімен сыртқы аудит жүргізіледі.
2018 жылдың наурыз айында «БЖЗҚ» АҚ Сапа Менеджменті Жүйесі бойынша (СМЖ) сертификациялық аудиттен сәтті өтті. Мақсат – оның ISO 9001:2015 халықаралық стандартының зейнетақы қызметтерін көрсету саласындағы талаптарына сәйкестігін растау. Аудитті алдыңғы қатарлы TÜV Thüringen e.V (ТЮФ Тюринген, Германия) еуропалық компаниясының халықаралық аудиторлары жүргізді. Аудит барысында TÜV Thüringen e.V. сарапшылары БЖЗҚ-ның Сапа менеджменті жүйесі толық көлемде нәтижелі екендігін, Қорда оны лайықты деңгейде қолдауға және одан әрі дамытуға барлық жағдай жасалғандығын атап өтті. Сондай-ақ, қорытынды есептемеде TÜV Thüringen e.V. аудиторлары БЖЗҚ-ның ISO 9001 негізінде Сапа Менеджменті Жүйесін енгізуге және оны тұрақты қолдауға, Қордың инфрақұрылымын жақсартуға және IT-технологияларды кеңінен пайдалануға ұмтылып жатқандығын көрсетті. Бұл ретте IT-технологиялар ішкі бизнес-үдерістерді, сондай-ақ қызметкерлердің біліктілігі мен құзыреттілігін айқындау үшін де қолданылады.
Одан басқа, БЖЗҚ-ға әр түрлі байланыс арналары арқылы келіп түсетін өтініштерді талдауда заманауи бағалау әдістемелері қолданылатындығын айта кеткен жөн. Тәуелсіз аудиторлар бұл механизмді жоғары бағалады. Мысалы, 2017 жылы қашықтықтан байланыс жасау арналары - байланыс орталығы, Қор сайтындағы «Кері байланыс» және «Онлайн чат» нысаны арқылы, қағаз жүзінде, «Пікірлер мен ұсыныстар кітабы» және әлеуметтік желілер арқылы азаматтардан Қорға 405 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Оларға 1-3 күн ішінде жауаптар қайтарылды.
Аудит нәтижесі бойынша ISO 9001:2015 стандартының талаптарына қатысты бірде-бір сәйкессіздік, ауытқушылық анықталған жоқ. Соның арқасында «БЖЗҚ» АҚ TÜV Thüringen e.V. компаниясынан халықаралық сертификат алды. Сертификат алғанға дейін Қорда сапа менеджменті жүйесін қалыптастыру және енгізу бойынша қыруар жұмыстар атқарылды. Халықаралық стандарттарға сәйкестігімізді растау – біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды білдіреді. Салымшылар мен алушыларға лайықты дәрежеде қызмет көрсете отырып, олардың ризашылығына ие болу біз үшін өте маңызды. Қол жеткізілген нәтижелер – бұл көрсетілетін қызметтерді дамыту және олардың сапасын жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың бір көрінісі. Қолданыстағы Сапа менеджменті жүйесі бизнес-үдерістердің тиімділігін және Қордың ашықтығын арттырады.
4. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері Латын Америкасы елдеріне инвестицияланғанын естідім. Бұл қаншалықты қауіпсіз? Табыстылық бойынша қандай мәлімет бере аласыздар?
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі зейнетақы активтерін дербес басқару аясында арнайы механизм әзірледі. Ол макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау негізінде инвестициялық жағынан тартымды елдерді таңдауға мүмкіндік береді. Ал бұл елдер JPMorgan және Merrill Lynch компанялары әзірлеген және қадағалайтын, дамушы елдер облигацияларының ғаламдық индексіне енген.2017 жылы зейнетақы активтерін инвестициялау мақсатында жүргізілген талдау нәтижесінде тұрақты макроэкономикалық көрсеткіштерге және кредиттік рейтингтерге ие 11 дамушы ел таңдап алынды. Олар Оңтүстік-Шығыс Азия, Латын Америкасы және Шығыс Еуропа аймақтарындағы мемлекеттер.
2017 жылдың қарашасында Ұлттық Банк зейнетақы активтерін Бразилия, Мексика, Чили, Перу, Польша, Индонезия және басқа да дамушы елдер Үкіметінің АҚШ долларында номинирленген мемлекеттік бағалы қағаздарына кезең-кезеңмен инвестициялау шараларын қолға алды.
2018 жылдың 1 сәуіріне қарай зейнетақы активтерінің 73,29 пайыздан астамы рейтингі «ААА» -дан «BBB-»-ға дейін болатын, тәуекелі ең төмен қаржы құралдарына, ал 15,58 пайызы ұстамды дәрежедегі тәуекелі бар (рейтингі «ВВ+» -тен «В-») қаржы құралдарына орналастырылды. 2017 жылы БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 550,6 млрд теңге болды. Бұл ретте Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 7,92 пайызды құрады. Ал бұл кезеңде инфляция деңгейі 7,1 пайыз болғаны белгілі.
Табыстылық деңгейі зейнетақы активтерін біріктіру кезеңінен (2014 ж.) бастап, 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта орта есеппен инфляция деңгейінен жоғары болды. Бұл кезеңде зейнетақы активтерінің табыстылығы 43,24 пайызды, ал инфляция деңгейі 41,76 пайызды құрады. Қосымша айта кетелік, бизнес-үдерістерді оңтайландыру, тиімсіз шығындарды қысқарту, жаңа электрондық қызметтерді енгізу және олардың үлесін арттыру бойынша жүргізілген жұмыстар Қорға зейнетақы активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының шамасын 2018 жылға айына 0,0225 пайыздан 0,015 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Осылайша, 2018 жылы зейнетақы активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының шамасы 33 пайызға азайтылады.
5. БЖЗҚ сайтында зейнетақы калькуляторы орналасқан. Салымшылар мен алушылар оны қаншалықты жиі пайдаланады?
Тұрғындар арасында дербес зейнетақы жоспарын жасау мәденитін қалыптастыру мақсатында Қор сайтында зейнетақы калькуляторы орналастырылды. Сол арқылы салымшылар өздерінің болашақ зейнетақысын болжамды түрде есептей алады. 2017-2021 жылдарға арналған Корпоративтік даму стратегиясына сәйкес, БЖЗҚ зейнетақыны дербес жоспарлау бойынша әрбір салымшы үшін кәсіпқой кеңесшіге айналуы тиіс. Осы міндеттерді орындау үшін 2018 жылы сәуірде Қор дербес кеңес беру қызметін іске қосты. Осы қызмет аясында жеке және корпоративтік зейнетақы калькуляторы қолданылады.
«БЖЗҚ» АҚ филиалдары екі апта ішінде (2-14 сәуір аралығы) зейнетақыны жоспарлау мәселелері бойынша 8 728 ақыл-кеңес өткізді. Бұл ретте консультациялардың басым бөлігі Алматы қалалық филиалы (1 860) мен Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында (1 491) өткізілді.
2017 жылы enpf.kz сайтын ашып қарау саны 20,8 миллион бірліктен асты.
2018 жылы сапалы қызмет көрсетуден басқа, Қор алдына тұрғындар арасында зейнетақыны жоспарлау мәдениетін дамыту мақсаты қойылды. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін қазақстандықтардың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыру қажет.
1. Мен екі айдан кейін зейнеткерлікке шығамын. Биыл зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы естідім. Осы туралы толығырақ білгім келеді. Мен зейнетақыны қалай аламын?
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастапБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен құралған зейнетақы төлемдері тек ай сайын жүзеге асырылып жатыр.
Бұл ретте зейнетақы төлемдерін алушы алғаш рет өтініш берген күні, оның шотындағы жинақтардың сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, бұл сомаалушыға бір рет толығымен төленеді. Биыл ең төмен зейнетақының мөлшері: 33 745 теңге. Сәйкесінше оның 12 еселенген мөлшері: 404 940 теңге.
БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлемдерді есептеу үшін зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенттері қолданылады. Коэффициенттер кестесі тұрақты шама және ол ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген.
Ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері алушының жасына, сондай-ақ оның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасына байланысты болады. Алушының жасына сәйкес зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы тиісті коэффициентке көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Одан шыққан сома – айлық зейнетақы болып табылады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Сіздің ай сайын алатын зейнетақы төлемдеріңіз былайша есептеледі: алушының зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы оның тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіледі (мысалы 63 жаста ол - 0,10467 санын құрайды).Шыққан сома 12-ге бөлінеді. Одан алынған сома Сіздің тиісті күнтізбелік жылдағы айлық зейнетақыңыз болып табылады.
Еске сала кетелік, БЖЗҚ-ның www.enpf.kzресми сайтында зейнетақы калькуляторы орналастырылған. Сол арқылы болашақта алатын ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің шамасын болжамды түрде есептеп шығаруға болады.
2. Мен зейнеткерлікке шыққан кезде қандай да бір өтемақы берілетіндігін естідім. Шындығында солай ма?
Бұл жерде әңгіме мемлекеттік кепілдік бойынша республикалық бюджет есебінен берілетін біржолғы өтемақы жайында болып отыр. Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта мемлекет инфляция деңгейін ескере отырып, Қордағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепілдік береді.
БЖЗҚ-дағызейнетақы жинақтарының сомасыинфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан артық немесе оған тең болғанда -
айырма төлемі жүзеге асырылмайды және уәкілетті орган айырма төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады. Ал егер зейнетақы жинақтарының сомасы нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан төмен болған жағдайда – Мемлекеттіккорпорация бір жұмыс күні ішіндеайырма төлемі сомасын есептейді.
Айырма төлемін алуға зейнеткерлік жасқа толған азаматтар да құқылы.
Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын есептеу және төлеуді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (КЕАҚ) филиалы (бұрынғы Зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталық) жүзеге асырады. Зейнетақы жинақтары бойынша бір жолғы төлемді алу үшін осы ұйымға жүгініп, тиісті өтінішті толтыру қажет.
3. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-дан ай сайын төленеді. Бұл барлық зейнеткерлерге қатысты ма әлде тек 2018 жылдан бастап шығатын азаматтарға ғана қатысты ма? Мен зейнеткерлікке 2017 жылы 23 шілдеде шықтым және бір жылдық төлемді алдым. Енді зейнетақыны биыл қалай аламын?
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері тек ай сайын жүзеге асырылады. Зейнетақы заңнамасына енгізілген бұл өзгерістер 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген. Бұл өзгерістер зейнетақы төлемдерін 2018 жылдан бастап алатын азаматтарға ғана тиесілі.
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін тіркеген зейнеткерлер үшін төлем кестесі өзгеріссіз қалады. Олар үшін зейнетақы төлемдерін алу кезеңділігі (ай сайын, үш ай сайын, жыл сайын) және 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу әдістемесі сақталады.
Бірақ егер қаласаңыз ай сайынғы төлем кестесіне ауыса аласыз.
Зейнетақы төлемдерін ай сайын төлеу халықаралық стандартқа сәйкес келеді.
Зейнетақы төлемдері бір жолғы төлем ретінде ала салып, жұмсай салатын ақша емес. Ол зейнеткерлердің күнделікті тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге арналған.
Төлем кестесін өзгерту үшін Сіз БЖЗҚ-ның жергілікті кеңсесіне жүгіне аласыз. Қор бөлімшелерінің мекенжайларын www.enpf.kz. сайтынан көруге болады.
4. Енгізілген өзгерістердің ерікті зейнетақы жарналарына қатысы бар ма? Ерікті жинақтарды қандай жағдайда алуға болады?
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін ай сайын жүзеге асыру тәртібіне қатысты заңнамалық өзгерістер МЗЖ және МКЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарына ғана тиесілі.
Ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі, оларды төлеу тәртiбi, сондай-ақ зейнетақы төлемдерiн төлеу тәртiбi ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсуi бойынша белгiленедi.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 33-бабына сәйкес ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ-дазейнетақы жинақтары бар:
1) елу жасқа толған;
2) мүгедек болып табылатын;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен және кету ниетiн немесе фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес құжаттар пакеті ұсынылған соң, БЖЗҚ құжаттар қабылданған немесе келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады.
БЖЗҚ-ға ұсыну тәсіліне қарай, қажетті құжаттардың маңызды тізбесі, оларды рәсімдеуге қатысты талаптар, сондай-ақ өтініштер бланкасы, төлем валютасының түріне қарай оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгілері БЖЗҚ-ның www.enpf.kz веб-сайтында орналастырылған.
5. Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты қалай алуға болады?
Бүгінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ақысыз түрде зейнетақы жинақтарының көлемі, жай-күйі туралы ақпарат берудің бірнеше тәсілін ұсынады.
Нақты айтар болсақ салымшы:
- зейнетақы жинағының жай-күйі туралы ақпаратты Қор кеңсесіне тікелей өзі келгенде (Қордың 218 дербес қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді);
- пошта байланысы арқылы (үзінді-көшірме салынған конверт әр жылдың басында салымшының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы өтінішінде көрсетілген мекенжайына жолданады);
- электрондық пошта арқылы (оны таңдаған кезде зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат салымшының шот ашу туралы өтінішінде немесе хабарлау тәсілін өзгерту туралы келісімде көрсеткен электрондық поштасына (таңдауына қарай: ай сайын, үш ай сайын, жарты жылда бір рет) жолданады);
- және логин мен құпия сөзді(пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, www.enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» - «Жеке кабинет» бөлімі, www.e-gov.kzсайтының «Әлеуметтік қамтамасыз ету» - «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» бөлімі, сондай-ақ «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы ала алады.
Салымшы осы тәсілдердің ішінен өзіне ыңғайлысын таңдайды. Бірақ, олардың ішінде зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты интернет байланысы арқылы алу өте қолайлы. Ол салымшылар мен алушылардың арасында кеңінен танымал болып жатыр.Өйткені ол ақпаратты кез келген уақытта, кез келген жерде біліп отыруға мүмкіндік береді.
Егер бұған дейін зейнетақы шотыңыз туралы ақпаратты конвертпен алып келген болсаңыз, басқа тәсілді, оның ішінде интернет байланысын таңдаған жағдайда жеке басыңызды куәландыратын құжатпен Қордың жергілікті бөлімшесіне бір рет барып өтініш берсеңіз болғаны. Сол жерде ұялы телефоныңызға «ENPF» ұялы қосымшасын да жүктеп аласыз. Әрине ұялы телефон Wi-Fi интернет желісіне жалғанған болуы тиіс.
Үзінді-көшірменікез келген кезең бойынша (бір күннен бастап бірнеше жылға дейінгі аралық) таңдауғаболады.
Бүгінде логин ретінде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізуге рұқсат етілген.Электрондық цифрлық қолтаңба Халыққа қызмет көрсету орталығынан беріледі.
Ұялы қосымшада анықтамалық ақпараттар, яғни, филиалдардың мекенжайлары, қордың көрсеткіштері және басқа да маңызды жаңалықтар бар. «ENPF» ұялы қосымшасын барлық операциялық жүйелерге, кез-келген смартфонға тегін жүктеуге болады.