Бүгін: 08.02.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
29 қазан - Қамқоршылар күні!
Бүгін баршамыз үшін ерекше күн. Себебі нағыз батыр да батыл, жүрегі кең және мейірімді жандардың мерекесі - «Қамқоршылар» күні.
Қазіргі жаһандану заманында қоғамда белсенділік танытып, үлгі көрсетіп жүрген және қайырымдылық пен рухани жомарттықтың шыңырау шыңынан ойып тұрып орын алған жандар – Сіздер!
Алақандарыңызда әлпештеп, жүрек жылуымен балаға сенім мен адалдықтың нұрын ұялаттыңыздар. Тәрбиелеп отырған балаларыңыз болашақта үлкен азамат болып өсіп, еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосарына сенімдіміз. Сондықтан да балалардың өмірі жарқын, аман болсын!
Сіздерге жүрек жылуыңыз, ыстық ықыласыңыз бен аялы алақаныңызды созып, балғын бөбектерге адамдық, мейірімділік пен жомарттық танытқаныңыз үшін рахмет айта отырып, зор денсаулық, ұзақ өмір, баянды бақыт және бақ-береке тілейміз!