Бүгін мектебімізде "Адамгершілік құндылық - асыл қазына" тақырыбында тәрбие мақсатына арналған коучинг өткізілді.
Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. "Кісілік", "ізгілік", "имандылық" тәрізді ұғымдармен мәндес.
Адамгершілік - адамшылық, каталдықпен салыстырғанда жаксылық тілеу қарым-қатынастары.
Адамгершілік – бұл рухани тәрбие.
Адамгершiлiк қасиеттерi отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр-бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын өмiрмен байланыстыру арқылы қалыптасады.
Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты ата-бабаларымыздың руханиятымен тәрбиелесек – қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет, кішіге қамқор бола білетін жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылатыны сөзсіз.