Бүгін: 08.02.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2023-2024  оқу жылының І жартыжылдығы Астана қаласы «Қаныш Сәтбаев атындағы № 61 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК үшін  жағымды жаңалықтар мен  жеңісті,жемісті толағай табыстарға толы жыл болды. Академик Қаныш Сәтбаев: «...Біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтырай да жарқырай береді»-деп  айтқандай оқушыларымыз бен ұстаздарымыздың  еңбектері өз нәтижесін берді. Ұстаздар еңбегіне тоқталып өтсек:

2023-2024 оқу жылында Астана қаласы әкімдігінің  «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен өткен  Астана қаласы педагогтерінің пәндік олимпиадасына мектебімізден 12  мұғалім қатысты.

  • І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ

 Мухаметжанов Төлеген Мухаметбекович -көркем еңбек пәні мұғалімі

  • ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ

Богисова Гулназ Шалқаровна - орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

  • ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ

Садыкова  Айгерім Жанахметовна -география пәні мұғалімі

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткізіліген «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсына мұғалімдеріміз қатысып, жүлделі орындарға ие болды

  • І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ

Көркем еңбек пәні мұғалімі- Ахметжанов Мухаметкан Малгаждарович. Республикалық кезеңге жолдама алып,сертификатпен марапатталды

  • ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ

Математика пәні мұғалімі- Макумова Гулжанат Кадировна

Жалпы білім беретін пəндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің қорытындысы

І-орын - 2;

ІІ-орын - 1;

ІІІ-орын - 9;

Грамота - 3.

І-орын иегерлері:

  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәні 9-сынып оқушысы Сагидуллаев Алдамир І-орын.
  • Ағылшын тілі пәні бойынша 11-сынып оқушысы Найманов Ғалымжан І-орын.

ІІ-орын иегерлері:

  • Ағылшын тілі пәні 9-сынып Ержанқызы Нұршат ІІ-орын.

ІІІ-орын иегерлері:

  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәні 10-сынып оқушысы Төкен Толғанай ІІІ-орын.
  • Ағылшын тілі пәні 10-сынып Ахметжан Салтанат ІІІ-орын.
  • Орыс тілі мен әдебиеті пәні 9-сынып оқушысы Сеилбай Айгерим ІІІ-орын.
  • Орыс тілі мен әдебиеті пәні 10-сынып Кенжебек Тамерлан ІІІ-орын.
  • Математика пәні 9-сынып оқушысы Түнатар Раяна ІІІ-орын.
  • Биология пәні 9-сынып оқушысы Советов Саят ІІІ-орын.
  • Биология пәні 11-сынып оқушысы Турмағанбетов Ануар ІІІ-орын.
  • Химия пәні 9-сынып оқушысы Комаров Расул ІІІ-орын.
  • География пәні 9-сынып оқушысы Досжан Сұлтан ІІІ-орын.
  • Грамота иегерлері:
  • Құқық негіздері пәні 9-сынып оқушысы Әбубәкір Абылай.
  • Физика пәні 9-сынып оқушысы Жакупбеков Алижан.
  • Математика пәні 10-сынып оқушысы Сейтжан Арман.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінің қорытындысы

  • Қолданбалы математика секциясы бойынша 11-сынып оқушысы Найманов Ғалымжан ІІІ-орын иеленді.
  • ТАРИХ секциясы бойынша 9-сынып оқушысы Советов Саят жүлделі ІІІ-орын иеленді. 3. Ағылшын тілі (Тілтану) секциясы бойынша 10- сынып оқушысы Комаров Расул жүлделі ІІІ-орын иеленді.
  • Әдебиет секциясы бойынша 8-сынып оқушысы Қанат Сұңқар жүлделі ІІІ-орын иеленді.
  • Грамота иегерлері:
  • Экономика бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Досалы Даниал.
  • Өлкетану бағыты бойынша 11-сынып оқушысы Кабдулманова Риза.

Математика пәні бойынша "Алтын түлек" олимпиадасының өңірлік кезеңінің қорытындысы  :

  • Мектебіміздің 11-сынып оқушысы Найманов Ғалымжан жүлделі 1-орын иеленіп қалалық кезеңге жолдама алды.
  • 11-сынып оқушысы Оралбаева Арнұр жүлделі 3-орын иеленді.
  • 10 сынып оқушысы Комаров Расул 3-орын иеленді.
  • 10 сынып оқушысы Досалы Даниал 3-орын

5-6 сынып оқушыларына арналған "АЛТЫН САҚА" олимпиадасының аудандық кезеңінің қорытындысы:

  • 5 "Д" сынып оқушысы Әбен  Ердаулет жүлделі 2-орын иеленіп, қалалық кезеңге жолдама.
  • 5 "Ғ" сынып оқушысы Серікболұлы Нұрғажы 3-орын иеленді.
  • 6 "Ғ" сынып оқушысы Джаныбекова Айзере 3-орын иеленді. 

Республикалық «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық конкурсының қалалық кезеңінің қорытындысы:

2-4 сыныптар бойынша 

  • Қазақ тілі секциясы бойынша 4-сынып оқушысы Алибай Балауса 2-орын.
  • Медицина психология секциясы бойынша 4-сынып оқушысы Мыңбай Ақторғын 2-орын.
  • Химия биология секциясы бойынша 3-сынып оқушысы Ғанимет Нұрай 3-орын.
  • 2-сынып оқушысы Саят Ясмира 3-орын.
  • Қолданбалы математика секциясы бойынша 3-сынып оқушысы Қыпшақбай Ерасыл 3-орын.
  • Шет тілі секциясы: 5-сынып оқушысы Жарылқасын Даниял 3-орын.
  • Қазақ тілі секциясы: 7-сынып оқушысы Қыпшақбай Ақниет 3-орын.
  • Қолданбалы математика секциясы: Талғат Ясмин 3-орын.
  • Химия биология секциясы: Қазбек Фатима 7-сынып оқушысы 3-орын.

Республикалық «Ақберен» өнер байқауының қалалық кезеңі

  • «Эссе жазу» номинациясы бойынша мектебіміздің 11 сынып оқушысы Қасенова Гүлмайра І-орын.
  • Тәуелсіздік күніне арналған «Отан жолымен» өлкетану жобаларының қалалық конкурсының қорытындысы:
  • «Сөнбес жұлдыз» бағыты: 10 «б» сынып оқушысы Сейтжан Арман ІІІ-орын.
  • «Туризм, спорт, демалыс» бағыты: 11 «а» сынып оқушысы Кабдулманова Риза ІІ-орын. «Табиғат және экология» бағыты: 5 «д» сынып оқушысы Нәзір Гулназ ІІІ-орын.

ӨНЕР саласы:

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Республика күніне орай ұйымдастырылған "Туған елге тағзым" атты мектепаралық патриоттық әндер байқауында 6 "В" сынып оқушысы Мұхамеджан Мансұр ГРАН ПРИ иегері атанды
  • Өскелең ұрпақты көркемдік және эстетикалық талғамға тәрбиелеу, шығармашылықтарын жандандыру мақсатында қалалық "Бейбітшілік пен мейірімділіктің 7 нотасы" эстрадалық ән байқауында мектебіміздің 6 "В" сынып оқушысы Мұхамеджан Мансұр Бас жүлдеге ие болды.
  • Мектебіміздің "Бастау" би тобы респбуликалық көпжанрлы "ҚОС АЛҚА" байқауында "Су - сұлу" биімен 8-10 жас аралығында Бас жүлде, "Думан" хореографиялық қойылым биімен ІІ орын иеленді. Жетекшісі Бекмұрат Омарұлы.
  • Халықаралық балалар және жасөспірімдер арасындағы шығармашылық көпжанрлы "MEGA-STAR " байқауының "Аспапта ойнау - Домбыра " номинациясы бойынша өнер көрсеткен мектебіміздің 5 "Ә" сынып оқушысы Жарылқасын Нұрболсын жүлделі І орынды иеленді
  • Астана қаласы М. Өтемісов атындағы оқушылар сарайында «БАЛА ШАБЫТЫ» халықаралық конкурс жобасы «WINTER VIBES» дарынды балалар мен жастарға арналған байқауында "Бастау" би тобы І дәрежелі дипломмен марапатталды.
  • "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" "Өнер мен құндылықтар" жобасы аясында жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы қалалық "Күмбірлеген домбыра үні" өнер байқауының "Домбыра" номинациясы бойынша І орынға ие болған 10 "А" сынып оқушысы Төкен Толғанай ДИПЛОММЕН марапатталды.
  • Балаларға арналған OPEN FEST "BALA MEDIA" фестиваліне мектебіміздің "Шабыт" ансамблі "Күй шашу" попурри күйін орындап (жетекшілері Б.Ш. Шампетов, С.Г. Байтайлякова), ГРАН ПРИГЕ ие болды. Сондай-ақ ұйымдастырушылар "Шабыт" ансамбліне 30 000 теңгенің сертификатын табыстады
  • "Бала медиа" конкурсынан эстрадалық вокал жанры бойынша 6 "В" сынып оқушысы Мұхамеджан Мансұр ГРАН ПРИ жеңіп алды.
  • Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған "Ұлы даланың жеті қыры атты" республикалық балалар бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнерінің көрме байқауына оқушылар қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

6 "Д" сынып оқушысы Джамалиева Зарина. І орын.

  • Алматы қаласында «Менің Отаным – Қазақстан» ән-би, жыр-күй балалар мен жасөспірімдер және жастар арасындағы байқауында “ДУМАН” биімен 13-15 жас аралығында "Бастау" би тобы Бас жүлдеге ие болып, дипломмен марапатталды.

СПОРТ саласы:

  •  Көкшетау қаласында өткен 2007-2008 жж жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионатында мектебіміздің 9 "Ғ" сынып оқушысы Тұрсымбек Аңсар Қазақстан Республикaсының Чемпионы атанды.
  •  Мектебіміздің 9 "А" сынып оқушысы Кенжетаев Исмаил Грецияда өткен джиу джитсудан (классикалық күрес) әлем чемпионы атанды!
  •  Қалалық шахматтан жарыста 5 разряд нормасын орындап, І-ІІ орындарға ие болды. Атап айтсақ:
  1. Кенесары Алмаз-3 "А" сыныбы.
  2. Арапбек Ернұр-3 "В" сыныбы.
  3. Айазбаева Алсу-2 "Ә" сыныбы.
  4. 4.Суйінбек Ильдар-3 "Б" сыныбы.
  • Павлодар қаласында өткен 2012 жылғы балалар арасындағы Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған республикалық "FC_ASTANA-2013" турнирінде мектебіміздің 5 "А" сынып оқушысы Асланбек Абубакр қатысқан команда ІІ орынға ие болса, оқушымыз "Үздік қақпашы" номинациясын жеңіп алды.
  • Қалалық шахматтан өткен жарыста 6 "А" сынып оқушысы Омарбеков Азамат ІІІ разрядты қорғауда І орынға ие болды.
  • Мектеп, клубтар арасында баскетболдан өткен қалалық турнирде МЕКТЕБІМІЗДІҢ ҰЛДАР командасы ІІ орынға ие болса, 6 "Д" сынып оқушысы Кокаев Темірлан "Үздік ойыншы" номинациясымен марапатталды.
  • Каратэдан өткен Астана қаласының ашық чемпионатында мектебіміздің оқушылары жеңіске жетіп, дипломмен марапатталып, жүлделі орындардың кубоктарын жеңіп алды.

6 "В" сынып оқушысы Бердәлі Әбдікәрім І орын;

5 "Г" сыныбы Асқар Айым І орын;

3 "Б" сынып оқушысы Кенжебек Нұрмұхамед І орын;

5 "Ә" сынып оқушысы Смайыл Аян ІІ орын;

7 "А" сынып оқушысы Кабдуллаева Алима І орын;

6 "Г" сынып оқушысы Базарбай Кәусар І орын.

 Шахматтан қалалық V разрядты қорғау турнирінде оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды.

І орын:

Ерік Али -3 "В" сыныбы;

Қасенхан Ерасыл - 1 "Б" сыныбы;

Бейсен Тәңірберген- 4 "Ә" сыныбы.

ІІ орын:

Қасенхан Нұрасыл - 6 "Б" сыныбы;

Дүзелбай Абылай - 3 "Б" сыныбы;

Ерік Әулет - 2 "Ә" сыныбы.

 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай футболдан 2012-2013 жылы туған ұлдар арасында қалалық турнирде үздік ойын көрсетіп, І орынға ие болған МЕКТЕП КОМАНДАСЫ мадақтамамен марапатталды. Үздік ойыншы номинациясымен 5 "Ғ" сынып оқушысы Абылқасым Бекарыс марапатталды.

  • Мектебіміздің баскетбол командасы Сарыарқа ауданы бойынша І орынға , қалалық жарыстан ІІ орынға ие болды.

 "Үздік ойыншы" номинациясын 11 "Ә" сынып оқушысы Байболов Роман жеңіп алды. 

  • «Жас сарбаз » кадет жобасы 9 «Б» сыныбы бойынша жұмыс жүргізеді.

  Сондай-ақ мектебімізде ашылған ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы  жұмыс жасайды. Жоспар бойынша әр айдың соңғы жұмасында мектепке ата-аналар шақырылып, мұғалімдермен бірге тренингтер өткізіп өз ойларымен бөліседі.

  • Отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған "Күшіміз бірлікте" атты аймақтық (№19, 20, 61, 94 мектептер) әкелер арасындағы волейбол турнирінде МЕКТЕБІМІЗДІҢ ӘКЕЛЕР КОМАНДАСЫ ІІ орынға ие болды.

 

Мектепте «Туған елге тағзым», «Қызғалдақтар клубы», «Жас қаламгер»,  «Қайырымдылық», «Жас спортшылар» жобасы бойынша да жұмыс жасайды