Бүгін: 08.02.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
🔰"Астана дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы №61 Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінде қазақтың біртуар перзенті, ғұлама-ғалым, тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған "Әлем таныған Қаныш" республикалық ғылыми-конференциясын өткізетіндігін хабарлайды.
🔹Конференция мақсаты - Қаныш Сәтбаевтың мұрасын насихаттау және жаңа буынының көшбасшылық, шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін дамыту.
🔹Конференцияға екі форматта қатысуға болады: (оффлайн, онлайн).
🔹Өткізу тілі: қазақ, орыс, ағылшын.
🔹Өткізу уақыты: 2024 жыл 26 наурыз.
🔹Конференцияның ашылуы: сағат 10.00.
🔹Тіркеу: 9.00-9.30.