Бүгін: 08.02.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
Бүгін 6-сынып оқушыларымен «Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихын түсіну, халықаралық қатынастардың дамуындағы рөліне баға беру.
☑️Ұлы Жібек жолы – Қытай мен Еуропа елдерінің арасын байланыстырған сауда жолы.
☑️«Ұлы Жібек жолы» ежелгі атау емес, ол 1877 жылы пайда болған. Оны қолданысқа енгізген белгілі неміс географы Фердинанд фон Рихттофен.
☑️Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты – Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды.