Қазақ геологының бұл жазбасы Екінші дүниежүзі соғысы қарсаңында жазылса керек. Қаныш Сәтбаев соғыс техникасына қажет мыс, қорғасын секілді металдарды көбірек шығару керек екенін айтады.
«Қазақстан жерінде мұндай металдардың кені өте көп. Олардың ішінде ең маңызды, ең жеңіл пайдалануға болатын кендерді тезірек зерттеп, тезірек өндіріске беру – Қазақстанның, Еуропаның қазіргі уақыттағы ең күшті міндеті» дейді геолог.